Об оказании социальной помощи инвалидам для оплаты стоимости проезда в Житикаринский реабилитационный центр Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жітіқара оңалту орталығына жол ақысы құнын төлеу үшін мүгедектерге әлеуметтік көмек туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Занының 16-бабына сәйкес және де «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жітіқара оңалту орталығына жол ақысы құнын төлеу үшін мүгедектерге әлеуметтік көмек (әрі қарай - әлеуметтік көмек) көрсетілсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек тағайындау кәне төлеу жөнінде уәкілетті орган болып «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықталсын;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек темір жол көлігімен, пассажирлық автобуспен жүрген құжаттардың негізінде 100 пайыз мөлшерінде төленеді (келген және қайтатын күндері);
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейі банктер немесе банктық операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі
4. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыса енеді. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 18 қаулысына қосымша Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (әрі қарай - арыз беруші) жазбаша арызы.
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау мекемесінен берген, жауапты лауазымды тұлғаның қолы қойылған, елтаңбасы бар мөрмен расталған медициналық карта.
Тармақ 3
3. Жол жүру құжаттары.
Тармақ 4
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тармақ 5
5. Мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.