Об оказании единовременной социальной помощи ко Дню инвалида Қолданыста
Басқа 0
Мүгедек күніне қарсы біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына, және де «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға және 1 топтағы мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмек (әрі қарай - әлеуметтік көмек) көрсетілсін:
әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган болып «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықталсын;
әлеуметтік көмек бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде бір мың теңге мөлшерінде төленеді;
әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейлі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес уәкілетті органға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № 55 «Мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы», 2007 жылғы 21 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-32 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 6. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі
Қарабалық ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 21 қаңтардағы
№ 17 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (әрі қарай - арыз беруші) жазбаша арызы.
Тармақ 2
2. Кенттің, селолық әкімдердің әлеуметтік көмек көрсетуге хаты.
Тармақ 3
3. Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (16 жасқа дейінгі мүгедек бала үшін).
Тармақ 4
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (16 жасқа толған және одан үлкен мүгедек үшін).
Тармақ 5
5. Арыз берушінің жағдайын растайтын құжаттың көшірмесі (медико-әлеуметтік сараптау комиссияның анықтамасы, медициналық қорытынды және басқа құжаттар).
Тармақ 6
6. 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланың ата-анасының, баланы (қызды) асырап алушының, қамқоршының (қорғаншының), басқа заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі.
Тармақ 7
7. Баланы (қызды) асырап алушылар, қамқоршылар (қорғаншылар) үшін) жағдайын растайтын құжаттың көшірмесі.
баланы (қызды) асырап алушылар кәмелетке толмаған мүгедекті асырап алу туралы соттың шешімін ұсынады;
қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншының (қамқоршының) куәлігін немесе қорғаншы және қамқоршы тағайындау органдарының кәмелетке толмаған мүгедекке қорғаншы (қамқоршы) тағайындауы туралы шешімін ұсынады.