Құжат мәтініне өту

Зеленов аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Өзге акт · № 4-9 · қабылданған 24.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.12.2007 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-37567/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Зеленов аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-9 ·24.12.2007
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Зеленов аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАЗЗеленов аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-9 · қабылданған 24.12.2007

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Зеленов аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Зеленов аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-9
Қабылданған күні
24.12.2007
Көрсетілген редакция
24.12.2007 · қолданыстағы 37567_320855.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
24.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07ZG000060
ЭКБ идентификаторы
37567
Редакция идентификаторы
37567_320855
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:28

0 Зеленов аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін, мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы «Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы» №1469 бұйрығын басшылыққа алып және шығарылған нормативтік құқықтық актілерін ретке келтіру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 22 ақпандағы «Жер участкелері үшін төлемақының базалық түзету коэффициенттері туралы».

№ 13-6 шешімі (2005 жылғы .31 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2917 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 9 сәуірдегі №15-16 аудандық «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі мазмұндағы: «Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бастап күшіне енеді» деген 2 тармақпен толықтырылсын.

2

2. 2006 жылғы 28 ақпандағы «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» №23-4 шешімі (2006 жылғы 21 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-7-23 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 1 сәуірдегі №13, 2006 жылғы 8 сәуірдегі №14 аудандық «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі мұндағы. «Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бастап күшіне енеді» деген 2 тармақпен толықтырылсын.

3

3. 2006 жылғы 26 сәуірдегі «Салық төлеушілер үшін ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызметтерін көрсететін салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салық жылдық ставкасын бекіту туралы» №24-5 шешімі (2006 жылғы 25 мамырдағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-7-28 нөмірімен тіркелген, 2006жылғы 3 маусымдағы № 22 аудандық «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі мазмұндағы:
«Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бастап күшіне енеді» деген 3 тармақпен толықтырылсын.

4

4. 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «2006 жылғы 26 сәуірдегі Зеленов аудандық мәслихаттың «Салық төлеушілер үшін ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызметтерін көрсететін салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салық жылдық ставкасын бекіту туралы» №24-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №32-2 шешімі (2007жылғы 17 қаңтардағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-7-45 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 20 қаңтардағы №3 аудандық «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі мазмұндағы: «Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бастап күшіне енеді» деген 2 тармақпен толықтырылсын.

5

5. 2006 жылғы 7 қарашадағы «Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі туралы» №30-5 шешіміне (2006 жылғы 5 желтоқсандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-7-40 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 6 қаңтардағы №1 аудандық «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақ алынып тасталсын;
4 тармақтағы «мен жүктерді», «және жүк» деген сөздер алынып тасталсын.

6 6. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бастап күшіне енеді.