Құжат мәтініне өту

Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Қаулы · № 7 · қабылданған 14.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.12.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-37574/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 7 ·14.01.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

ҚАЗЖұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 7 · қабылданған 14.01.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Атауы (қаз.)
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7
Қабылданған күні
14.01.2008
Көрсетілген редакция
20.12.2011 · қолданыстағы 37574_217443.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
20.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08DL000064
ЭКБ идентификаторы
37574
Редакция идентификаторы
37574_217443
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:15

0 Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге (әрі қарай бір жолғы әлеуметтік көмек) бір жолғы әлеуметтік көмекті азаматтың қайтыс болған кезеңіндегі айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінде болуы қамтамасыз етілсін.

2

2. Бір жолғы әлеуметтік көмекті тиісті жағдайдың туындаған күнінен бастап 3 ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамға өтініш берген жағдайда, отбасының табысына қарамастан көрсетілуі белгіленсін. Қайтыс болған адамның өлген күнге кез-келген меншіктегі кәсіпорындарда еңбектік қатынастарда тұрғаны, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімдерге ресми түрде тіркеуде тұрғаны ескерілсін.

3

3. "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш. Қаймолдина) бір жолғы әлеуметтік көмекті отбасы мүшелерінің, немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалы немесе осы көрсетілген операцияларды жүзеге асыра алатын лицензиясы бар басқа ұйымдар) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда тағайындалуы мен төленуі қамтамасыз етілсін:
өтініш берушінің жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін тұрып қайту рұқсаты немесе оралман куәлігі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
сақтандыру кассасына ұсынылатын азаматтық хал актісін жазу органдары беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы);
еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, келісім-шарт);
ресми түрде жұмыссыз статусын растайтын анықтама.

4 4. "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Мәдібеков) жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін қаражаттың дер кезінде бөлінуін қамтамасыз етсін.

5

5. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 22 ақпанында 2-12-47 нөмірімен тіркелген, 2007 жылдың 2 наурызындағы N 9 "Қаратал" газетінде жарияланған, Қаратал ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 19 қаңтарындағы N 10 "Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы" қаулысының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Естібаеваға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.