Райымбек ауданы Қарқара селолық округінің Екпінді ауылын тарату туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Райымбек ауданы Қарқара селолық округінің Екпінді ауылын тарату туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабындағы 3 тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ және Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Райымбек ауданы Қарқара селолық округінің Екпінді ауылы таратылып, тұрғындары Қарқара ауылының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық статистика басқармасы (Б.Төлепбаев) облыстың әкімшілік - аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.