Қызылқоға ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылқоға ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-І «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңын басшылыққа алып және аудандық әкімияттын 2007 жылғы 28 қарашадағы № 305 қаулысымен ұсынысына сай, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қызылқоға аудандық әкімиятын мақұлдап, ұсынылған «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы қағида» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 3
Аудандық әкімиятының 2007 жылғы «21» қаңтардағы № ІV-2 қаулысына қосымша № 1 Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы ҚАҒИДА
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау көрсету болып табылады.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат шегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тағайындалады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тіркеп өтініш береді:
Тармақша 1
1) отбасы туралы мәлімет;
Тармақша 2
2) қызмет көрсетуші мекемелерден және әр түрлі меншік нысанарынан алынған тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер шығындарының есептелген сомалары жөнінде анықтамалар;
Тармақша 3
3) өткен тоқсандағы отбасының жиынтық табысы жөнінде мәлімет;
Тармақша 4
4) жеке меншігінде тұрғын үй (үй, пәтер) үйді жалға алушы алушы (жалгер) екендігін растайтын құжат немесе келісім шарт егерде меншік иесі үйін құжаттандыру мақсатында үй құжатын аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығына тапсырылған жағдайда аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығынан анықтама;
Тармақша 5
5) жұмыссыз ретінде тіркелген туралы анықтама; Өтініш беруші аталған құжаттарды жергілікті селолық /ауылдық/ округтерге тапсырады. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі ауылдық / селолық округтерде құрылған учаскелік комиссияның ұсынысымен, шешімімен, хаттамасымен тағайыналады. Өтініш беруші қолданыстағы заңдарға сәйкес тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуға апарып согатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін үйді меншік иесі бұзушылық анықталған тоқсаннан бастап төрт тоқсан бойы тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығыннан айырылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы ретінде заңсызалынған қаражат қайтарылуға жатады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын жеке меншік үй иесі немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғын үй көмегімен тағайындау туралы өтініш түскен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде қаралады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешімнің көшірмесін қоса барлық құжаттарды өтініш берушіге қайтарады.
Тармақ 8
8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындалған тұрғын үй көмегінің дұрыстығын жауап береді.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегі, тоқсан ішінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтер тұтыну шығындарының нормативтері шегіндегі, бірақ нақты тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну (ауыз сумен, газ балонмен, электрмен және телефон абонемент ақысы, қоқыс шығару, қатты отын /көмір/) шығындары нормативтерінен артық емес тоқсандағы шығындары отбасының сол тоқсандағы осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі норма шығындар үлесінен асқан жағдайда тағайындалады. Тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақыларын төлеуге жұмсалатын шектеулі норма үлесі отбасының жиынтық табысының 11 пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленеді. Көмек мөлшері үй иесінің (жалға алушының) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалары шегіндегі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты (немесе есептелген) төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі нормалық шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 10
10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ұстау шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметтерімен пайдалану (ауыз сумен, газбен, электрмен, телефон, қоқыс шығару, қатты отын /көмір/) нормалары жергілікті өкілді органдармен белгіленеді.
Тармақ 11
11. Белгіленген нормадан тыс тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жалпыға бірдей бір отбасы негізінде төленеді. Тұрғын үй көмегі күн көрісі төмен, аз қамтылған отбасыларына жеке тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеу үшін беріледі. Атап айтқанда: -кәмелетке толған дейін ата-анасынан айрылған жетім балаларға; -заңда белгіленген кейбір созылмалы ауру (өкпе ауру) түрлерімен ауыратын мүшелері бар отбасы; -жалғыз басты қаттар; -орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасылары; -отбасында І-ІІ топ мүгедек мүшесі бар және ерлі-зайыптылардың екеуі бірдей мүгедек отбасылар;
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегі егер осы көмектітағайындауға барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш ағымдағы тоқсанның екінші айынның 15-не дейін тапсырылса өтініш белгіленген тоқсанның алдыңғы тоқсанына тағаындалады.
Тармақ 13
13. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын жайды жалға немесе жалға алып жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Егер отбасыларында тиісті органдарда жұмыссыз ретінде есепке тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, ол отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды. Ұсынылған жұмысқа орналастырумен дәлелсіз бас тартқан қоғамдық жұмыстарға кәсіби оқыту мен қайта оқытуға қатысуды тоқтатқан жұмыссыздар 6 ай мерзімге тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегі өтініш берушілердің тілегіне қарай қаражатты өтініш берушілердің жеке есеп шотына және меншік иесінің келісімімен мекеменің есеп шоттарына аудару жолымен төленеді.
Тармақ 16
16. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін есептеу есебі жасақталып, оның бір данасы үй жалдаушысына меншік иесінде сақталады.
Тармақ 17
17. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берілген ақпараттың дұрыстығына күмәндаған жағдайда тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табыстары туралы мәліметті сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәліметтерді беруге міндетті.
Тармақ 18
18. Отбасының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының шектеулі норма үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифтері мен ставкалары өзгерген кезде аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімі бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жүргізеді. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін немесе оны алу құқығын өзгертуге негіз бола алатын кез келген өзгерістер (өзінің тұрғын үй меншігінің нысанының отбасы құрамында т.с.с.) сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақысы қате тағайындалған жағдайлар норма аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 10 күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй көмегін тағайындалудан бас тарту норма шешім заңнамамен белгіленген тәртіпке шағым беруге жатады.
Тармақ 20
20. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш барлық тіркелген құжаттармен бірге, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау норма шешіммен хаттама немесе шешімнен көшірме алушының жеке ісінде сақталады.
Тарау 3. 3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі.
3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі.
Тармақ 21
21. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен есептеледі.
Тармақ 22
22. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасындағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы № 31-Б бұйрығымен бекітілген Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесіне), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Мемлекеттік атаулы көмек заңнамасын қолдау тәртібі туралы) 2002 жылғы 27 наурыздағы №11-1-11/1367 ұсынысына сәйкес есептеледі.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу қалалық телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаю сомасын тұрғын үй ұстауға коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтыну ақысы жөніндегі шығындардың құрылымына енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жиынтық табысы есетелген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген өткен тоқсан ішінде нақты алынған ақшалай және заттай табыстарының барлық түрлері (атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй жәрдемақысынан басқа) есетеледі.
Тармақ 25
25. Жиынтық табыс өтініш берушінің алған табыстары жөнінде берген мәліметтер негізінде есептеледі.
Тармақ 26
26. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамы туралы анықтамада көрсетілген барлық тұлғалардың тоқсан ішіндегі табыстарын қосу жолымен есетеледі.
Тармақ 27
27. Бір тоқсаннан астам уақытқа төлеуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде жиынтық табысқа табыстың барлық сомасын алынған айлардың санына бөлінген үш айға көбейтілген мөлшеріндегі табыс сомасы есептеледі және коммуналық қызмет шығындарын есептегенде есептеу тәсілі қоланылады.
Тармақ 28
28. Шетелдік валютамен алынған табыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысын белгілеу сәтінде белгіленген баға бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
Тармақ 29
29. Өтініш беруші беріп отырған табыстар туралы мәліметтердің дұрыстығына заңнамамен белгіленген тәртіпке жауап береді.
Тарау 4. 4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.
4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.
Тармақ 30
30. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өткен тоқсанға тағайындалған тұрғын үй көмегінің жиынтық тізімін жасап екінші деңгейдегі банктерге жібереді, сондай-ақ аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне, облыстық жұмыспен қамтудыүйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне сұраныс жібереді.
Тармақ 31
31. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі сұраныс негізінде аудандық жұмыспен және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тұрғын үй көмегін төлеуге бюджетте қаралған қаржыны бөледі. Аудандық бөлім ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін 3 күн ішінде екінші деңгейде банктердің жеке адамның есеп шотына тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы сомасын аударады.
Тармақ 32
32. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктермен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген алушылар тізімі негізінде алушының жеке басын куәландыратын құжатын (төлқұжат, жеке куәлік) көрсету арқылы төленеді.
Тарау 5. 5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі.
5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі.
Тармақ 33
33. Тұрғын көмегі бойынша есеп беру, бақылау және есептілік жүргізу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.
Тармақ 34
34. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр тоқсанның бірінші айының 10-на дейін екінші деңгейдегі банктермен (коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен) өткен тоқсанда төленген сомалар бойынша салыстыру актілерін жасайды. Салыстыру актілерінің негізінде белгіленген нысанда қаржы және жоғарғы тұрған органдарға тұрғын үй көмегінің төленген сомалары бойынша есеп береді.
Тармақ 35
35. Тұрғын көмегін төлеу үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ уақытылы төленуін бақылау уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Лауазымды тұлғалардың тұрғын үй көмегін дұрыс емес тағайындау салдарынан немесе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне біле тұра заңсыз тағаындауға апарып соқтырған дұрыс емес мәліметтер берген арыз берушінің кінәсінен заңсыз төленген тұрғын үй көмегінің сомасы кінәлі адамдардың есебінен бюджетке қайтарылуға жатады.
Басқа 49
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 14 тармақшасын басшылыққа алып және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 17-04/575 хатына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. №1 қосымшаға сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида;
Тармақ 2
2. №2 қосымшаға сәкес 2008 жылы Қызылқоға ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындап төлеуге байланысты коммуналдық қызмет тарифтері мен нормалары мақұлдансын және аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын;
Тармақ 3
3. Селолық, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті атқарушы органдар басшыларын тұрғын үй көмегі тәртібін іске асыруды қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі (З. Сарбуфеева) 2008 ға аудандық бюджеттен тұрғын үй көмегіне қаражат қарастырсын;
Тармақ 5
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (С.А. Жексенғалиева) ауылдық мекемелерде тұратын аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегімен қамтамасыз ету тапсырылсын;
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Базарбаевқа жүктелсін.
Басқа 56
Аудан әкімиятының 2007 жылғы «28» қарашадағы № 305 қаулысына қосымша № 1 Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы ҚАҒИДА