Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарасу ауданының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санынан үш процент мөлшерінде мүгедектер үшін квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарға жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді бағыттауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.