Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20-баптары негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2008 жылы жұмыссыз азаматтарға жеке кәсіпкер Жағыпар Иманбаев ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол шаруашылығы және көлік бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі ретінде «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) жоғарыда аталған жеке кәсіпкермен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерді төлегенде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алсын.
Тармақ 3
3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 14 «2007 жылы жұмыссыз азаматтарға жеке кәсіпкер Жағыпар Иманбаев ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-54, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2007 жылғы 7 наурызда № 11 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6