Об утверждении Соглашения о сотрудничестве в области физической культуры и спорта государств-участников Содружества Независимых Государств Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 25 мамырда Ялта қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы КЕЛІСІМ (Өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.25 N 1677 Қаулысымен)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы КЕЛІСІМ (Өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.25 N 1677 Қаулысымен) Ресми расталған мәтін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Үкіметтер атынан, бұдан әрі - Тараптар, әр адамның дене шынықтыру және спортпен айналысуға құқығынан және осы құқықты жүзеге асыруға мемлекеттің жауапкершілігінен шыға отырып, Достастық елдері халықтарының арасында дәстүрлі қалыптасқан байланыстарды, олардың сақталуына деген өзара мүдделікті назарға ала отырып, Тараптардың халықаралық спорттық байланыстарды кеңейтуге және нығайтуға ұмтылысын білдіре отырып, Тараптардың теңдік және өзара құрмет принциптеріне негізделген дене шынықтыру және спорт саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту және жетілдіру тілегін растай отырып, осы қатынастарды Тараптардың дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік органдары, ұлттық олимпиадалық комитеттері, халықаралық, өңірлік және басқа да дене шынықтыру-спорттық ұйымдары арасында кең ынтымақтастық арқылы дамытуды қалай отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда Тараптар ынтымақтастығының тетігін құру қажеттігін сезіне отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Тараптар дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытуға Тараптардың мемлекеттік органдары, ұлттық олимпиадалық комитеттері, ұлттық спорт федерациялары (одақтар, қауымдастықтар), халықаралық, өңірлік және басқа да дене шынықтыру-спорттық ұйымдары мен бірлестіктері бағыты бойынша жәрдемдеседі, олардың дене шынықтыруды, спортты және олимпиадалық қозғалысты тиімді дамытуға бағытталған бастамаларын қолдайды.
Бап 2. 2-бап
2-бап Тараптар осы Келісімді іске асыру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қатысушылардың Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесін (бұдан әрі - Кеңес) құрады. Кеңес осы Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылатын Ережеге сәйкес әрекет жасайды.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптар ұлттық олимпиадалық комитеттерге қолдау көрсете отырып, олимпиадалық қозғалысты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Бап 4. 4-бап
4-бап Тараптар салауатты өмір салтын және спорттағы жетістіктерді насихаттайтын ақпараттармен алмасуға және өз аумақтарында таратуға жәрдемдеседі.
Бап 5. 5-бап
5-бап Тараптар халықтың әр түрлі жіктері ортасында дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы бұқаралық-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу мен дамыту үшін келісілген шаралар қабылдайды.
Бап 6. 6-бап
6-бап Тараптар өзаралық негізінде халықты дене шынықтыру және спорт құралдарымен сауықтыру жөніндегі ұлттық бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға жәрдем көрсетеді.
Бап 7. 7-бап
7-бап Тараптар өзаралық негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтің ғылыми-зерттеу базасын құруға және ғылыми-әдістемелік және медициналық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге жәрдемдеседі.
Бап 8. 8-бап
8-бап Тараптар өзаралық негізінде бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу, Олимпиадалық ойындарға, әлем чемпионаттарына, басқа да ірі спорттық жарыстарға дайындалу материалдық-спорттық базаны бірлесе пайдалану мақсатында, оны дамытуға және нығайтуға қатысады.
Бап 9. 9-бап
9-бап Тараптар дене шынықтыру және спорт саласындағы әріптестік байланыстарды қолдауға және дамытуға, олардың ғылыми және медициналық қамтамасыз етілуіне, шарт негізінде мамандарды даярлауға, оқушылар, студенттер, аспиранттар және тағылымдамадан өтушілермен алмасуға жәрдемдеседі.
Бап 10. 10-бап
10-бап Тараптар дене шынықтыру және спорт саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді, ақпаратпен және құжаттамамен алмасуды жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап
11-бап Тараптар бұқаралық дене шынықтыру, жоғары жетістіктер спорты, олимпиадалық қозғалыс, балалар мен жасөспірімдер спорты, мүгедектер спорты, ғылыми, медициналық, ақпараттық қамтамасыз ету, мамандар даярлауды дамыту мәселелері бойынша жүйелі консультацияларды жүзеге асырады, біріккен ғылыми-практикалық конференциялар мен көрмелер, семинарлар мен симпозиумдар өткізеді, тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын пайдаланады.
Бап 12. 12-бап
12-бап Тараптар осы Келісімнің іске асырылуы туралы ақпаратпен тұрақты алмасып тұрады.
Бап 13. 13-бап
13-бап Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындаған даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
Бап 14. 14-бап
14-бап Осы Келісімнің ережелері Тараптар мемлекеттері қатысушы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Бап 15. 15-бап
15-бап Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажет мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарийге тапсырған күнінен бастап күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кеш орындаған Тараптар үшін, Келісім тиісті хабарламаны депозитарийге тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
Бап 16. 16-бап
16-бап Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бап 17. 17-бап
17-бап Осы Келісім депозитарийге қосылу туралы құжаттарды тапсыру арқылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кез келгенінің қосылуы үшін ашық. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кірмейтін, осы Келісімнің ережелеріне ортақтасатын мемлекеттер үшін, егер де депозитарийге тиісті хабарламаны жібергеннен кейін Тараптардың ешқайсысы үш ай ішінде қарсылығын білдірмесе қосылу күшіне енді деп саналады.
Бап 18. 18-бап
18-бап Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 5 жыл ішінде қолданылады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін Келісімнің күші автоматты түрде әр кез, егер Тараптар өзге шешім қабылдамаса бес жылдық кезеңге ұзартылады.
Бап 19. 19-бап
19-бап Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен депозитарийге шығуға дейін алты айдан кешіктірмей жазбаша хабарлама жолдап, шыға алады. Ялта қаласында 2007 жылғы 25 мамырда бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы осы Келісімге қол қойған әр мемлекетке, оның куәландырылған көшірмесін жолдайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады. Әзірбайжан Республикасының         Молдова Республикасының Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін Армения Республикасының            Ресей Федерациясының Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін Беларусь Республикасының           Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін Грузияның Үкіметі үшін             Түркіменстанның Үкіметі үшін Қазақстан Республикасының          Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін Қырғыз Республикасының             Украинаның Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Басқа 22. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы Келісімге қатысушылардың Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы 2007 жылғы 25 мамырдағы Келісімге қосымша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы Келісімге қатысушылардың Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қатысушылардың Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесі (бұдан әрi – Кеңес) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыру, Келісімге қатысушылардың халықаралық байланыстарын кеңейту және нығайту мақсатында құрылады. Кеңес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы салалық ынтымақтастығының органы болып табылады және өз құзыреті шегінде Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерiнiң кеңесімен, ТМД экономикалық кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуын ұйымдастыруға және үйлестіруге бағытталған.
Тармақ 1.2
1.2. Кеңес өз қызметiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының жарғысын, достастық шеңберінде қабылданған шарттар мен шешiмдерді, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы салалық ынтымақтастығының органдары туралы жалпы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 1.3
1.3. Кеңес өзінің қызметін ТМД Атқарушы комитетімен, Достастықтың басқа органдарымен, қажет болған жағдайда басқа халықаралық ұйымдардың хатшылықтарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Тармақ 1.4
1.4. Кеңес құрамына Келісімге қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік билік органдарының басшылары кiредi. Кеңес отырысына Кеңес мүшелерін алмастыратын адамдар жіберілген кезде, олардың өкілеттіктері расталуы тиіс. Кеңестің құрамына кеңесуші дауыс құқығымен Кеңес хатшылығының басшысы, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілі кіреді. Келiсiмнiң әрбiр қатысушысы Кеңесте бiр дауысқа ие.
Тармақ 1.5
1.5. Кеңес өз қызметiнде ТМД үкіметтері басшыларының кеңесіне есеп береді.
Тармақ 1.6
1.6. Кеңес өз жұмысын өзі әзірлеген және бекiткен жоспарлар негiзінде ұйымдастырады.
Тармақ 1.7
1.7. Кеңес ТМД Атқарушы комитетіне өз қызметі туралы жыл сайын ақпарат береді.
Тармақ ii. II. Кеңестің функциялары
II. Кеңестің функциялары
Тармақ 2
2. Кеңес өз құзыреті шеңберінде мынадай функцияларды орындайды:
Тармақ 2.1
2.1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықтың мемлекеттік басқару органдары, Ұлттық олимпиада комитеттері, спорт федерациялары мен қоғамдары бағыты бойынша үрдістері мен перспективаларын зерттеу.
Тармақ 2.2
2.2. Келісімнің, дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы басқа да көп жақты шарттардың іске асырылу барысын талдау, дене шынықтыру және спортты дамытудың бірлескен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
Тармақ 2.3
2.3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде дене шынықтыру және спорт арқылы халықты сауықтыруға, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлауға, олимпиадалық қозғалысты дамытуға, спортты әлеуметтік жағымсыз құбылыстармен күресудегі тиімді құрал ретінде насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің халықаралық ұйымдардағы мүдделерін жылжыту.
Тармақ 2.4
2.4. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі ұлттық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға жәрдем жасау.
Тармақ 2.5
2.5. Дене шынықтыру мен спортты ғылыми және медициналық қамсыздандыру жөніндегі тәжірибелерді зерттеу және жинақтау.
Тармақ 2.6
2.6. Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және мамандармен алмасу мен олардың біліктілігін арттыру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу.
Тармақ iii. III. Кеңестің құқықтары
III. Кеңестің құқықтары
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметін жүзеге асыру үшін:
Тармақ 3.1
3.1. Келісімге қатысушылардың тиісті органдарынан өзінің міндеттерін орындау үшін қажет ақпаратты, сондай-ақ Кеңес шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты сұратуға;
Тармақ 3.2
3.2. Кеңес мүшелерінің есебінен және Кеңес қызметі мен Келісімді іске асыру мәселелерін шешу үшін тартылған мамандардан комиссия және жұмыс топтарын құруға;
Тармақ 3.3
3.3. Келісімге қатысушылардың мемлекеттік органдарына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық органдарына Кеңес дайындаған құжаттардың жобасын белгіленген тәртіппен енгізуге құқылы.
Тармақ iv. IV. Кеңес жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі
IV. Кеңес жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Кеңес отырысы қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі және оған Кеңес мүшелерінің кем дегенде жартысы қатысқанда құқыққа сай болып танылады. Кезекті отырыстың өткізілу орны Кеңес мүшелерінің алдын алу келісімі бойынша анықталады. Кеңестің кезектен тыс отырысы Келісімге кез келген қатысушының талабы бойынша өткізілуі мүмкін.
Тармақ 4.2
4.2. Егер кеңес шешімімен өзгеше белгіленбесе, кеңесте төрағалық ету ротация принципі негізінде Келісімге әрбір қатысушының өкілі атынан орыс алфавиті тәртібімен әдеттегідей бір жыл ішінде алма-кезек жүзеге асырылады.
Тармақ 4.3
4.3. Төраға Кеңестің жұмысын ұйымдастырады, Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа да органдарының отырыстарында, сондай-ақ Кеңестің қызметіне байланысты мәселелер бойынша Келісімге қатысушылардың алдында Кеңестің мүддесін білдіреді.
Тармақ 4.4
4.4. Кеңестің шешімі отырысқа қатысқан мүшелердің көп дауысымен қабылданады, Кеңестің кез келген мүшесі қандай да бір мәселе бойынша мүдделі еместігі туралы мәлімдей алады, бұл шешім қабылдауға кедергі ретінде қаралмауы тиіс. Кеңестің шешімімен келіспейтін Кеңес мүшелері отырыс хаттамасына енгізілетін өзінің ерекше пікірлерін білдіре алады.
Тармақ 4.5
4.5. Кеңес отырысында оның шешімі бойынша Келісімге қатысушылардың мүдделі министрліктері мен ведомстволарының өкілдері, спорт ұйымдарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері бақылаушылар ретінде қатыса алады.
Тармақ 4.6
4.6. Кеңес қызметін ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етудi оның Хатшылығы жүзеге асырады. Кеңес хатшылығының функциялары ТМД Атқарушы комитетінің құрылымдық бөлімшесімен бірге, басшысы Кеңесте төрағалық ететін дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік билік органының аппаратына жүктеледі. Кеңес Хатшылығының басшысын Кеңес төрағасы тағайындайды және Кеңесте төрағалық етуші дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік билік органының өкілі болып табылады. Кеңес Хатшылығы басшысының орынбасары ТМД Атқарушы комитетінің өкілі болып табылады.
Тармақ 4.7
4.7. Кеңестің кезекті отырысына Хатшылық қажеттi материалдарды дайындауды ұйымдастырады және отырысты өткізу күніне дейін кемінде екі аптадан кешіктірмей олармен Кеңес мүшелерiн қамтамасыз етеді.
Тармақ v. V. Қаржыландыру
V. Қаржыландыру
Тармақ 5.1
5.1. Кеңес отырыстарын өткізуге байланысты шығыстар ТМД-ға қатысушы қабылдаушы мемлекеттің тиiстi мемлекеттік органдарының есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 5.2
5.2. Кеңес мүшелерін және отырысқа қатысушыларды iссапарға жiберу шығыстарын ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің жіберуші мемлекеттiк органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.