Об утверждении Рамочного соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о создании международных центров приграничного сотрудничества "Аухатты - Кен-булун" и "Айша биби - Чон-Капка" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы "Аухатты - Кен-Булун" және "Айша бибі - Чон-Капка" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталықтарын құру туралы негіздемелік келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 26 сәуірде Бішкекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы "Аухатты - Кен-Булун" және "Айша бибі - Чон-Капка" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталықтарын құру туралы негіздемелік келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы "Аухатты - Кен-Булун" және "Айша бибі - Чон-Капка" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталықтарын құру туралы негіздемелік келісім
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы "Аухатты - Кен-Булун" және "Айша бибі - Чон-Капка" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталықтарын құру туралы негіздемелік келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
Тараптар мемлекеттерінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтей отырып;
бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін кәсіпкерлік және инвестициялық ортаны құру қажеттілігіне сенімді бола отырып;
екі жақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында өзара тиімділік қағидатын басшылыққа ала отырып;
Тараптар мемлекеттерінің шекара маңы саудасы мен шектес шекара маңы аумақтарының экономикасын дамытуға, нарықты халықтың түрлі жіктерінің сұранысын қанағаттандыратын тауарлармен толтыруды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып;
мына төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Тараптар мемлекеттері мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің маңынан бөлген шектес аумақтарда "Аухатты - Кен-Булун" және "Айша бибі - Чон-Капка" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталықтарын (бұдан әрі - Орталықтар) құрады.
Тармақ 2
2. Орталықтардағы қызметтің кез келген түрі, аумағында олар жүзеге асырылатын мемлекеттің ұлттық заңнамасында көзделген талаптарды сақтаған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Шекара маңындағы аудандардың экономикасы мен саудасын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған қолайлы шаралар, адамдардың өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі тәртіп, сондай-ақ Орталықтардың қазақстандық және қырғыз бөліктерінің алаңы, аумағының шекаралары, орналасу схемасы жекелеген келісім жасасу жолымен Тараптар арасында келісіледі және қосымша айқындалады.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Орталықтардың қазақстандық және қырғыз бөліктерін салуды және игеруді әрбір Тарап мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалатын мүдделі инвесторлар жүзеге асырады.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Орталықтар аумағының шегінде Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді бақылауды қамтамасыз ету үшін Тараптар мемлекеттерінің шекара, кеден, көлік, санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық-фитосанитарлық бақылау саласындағы мүдделі органдары мен басқа да органдар өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес Орталықтардың өз бөлігіндегі бақылауды жүзеге асырады, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз етеді.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Орталықтардың аумағында үшінші елдердің ұйымдары инвестициялық және шаруашылық қызметті жүзеге асыра алады.
Орталықтардың аумағында жасалған құқық бұзушылықтар (кедендік, салықтық, ветеринариялық-фитосанитарлық, әкімшілік, санитарлық-эпидемиологиялық, көші-қондық, қылмыстық және тағы басқа) аумағында олар жасалған мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес қаралады.
Тараптар экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды және қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды, қылмыстық әрекеттер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша талқылауларды жүзеге асыру кезінде бір-біріне жәрдем көрсетеді.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Осы Негіздемелік келісімге сәйкес Тараптар Орталықтарды құру, реттеу және олардың жұмыс істеуі жөніндегі басқа да режимдерді және нақты ережелерді келіседі және оларды екі Тарап үшін қолайлы заңды нысандарда ресімдейді.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Осы Негіздемелік келісім олар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Осы Негіздемелік келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келіссөздер жолымен шешеді.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Қажет болған жағдайда осы Негіздемелік келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Негіздемелік келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Осы Негіздемелік келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Негіздемелік келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі өзінің осы Негіздемелік келісімнің күшін тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін қолданылатын болады.
2007 жылғы 26 сәуірде Бішкек қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Негіздемелік келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Басқа 15. Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталықтарының орналасқан жері
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы "Аухатты -
Кен-Булун" және
"Айша бибі - Чон-Капка"
шекара маңы ынтымақтастығы
халықаралық орталықтарын
құру туралы негіздемелік
келісімге қосымша
Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталықтарының орналасқан жері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Қордай ауданының "Аухатты" және Қырғыз Республикасы Шу облысы Ысық-Ата ауданының "Кен-Булун" мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ауданына.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Жамбыл ауданының "Айша-бибі" және Қырғыз Республикасы Талас облысы Манас ауданының "Чон-Капка" мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ауданында.