Об утверждении Правил организации и функционирования централизованных торгов электрической энергией в Республике Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Электр энергиясының орталықтандырылған саудасы нарығының операторы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жеткізушілер мен тұтынушыларға бөле отырып сатылған (сатып алынған) электр энергиясының көлемін, бағасын, жеткізу кезеңін көрсетіп болған сауда-саттықтың нәтижелері туралы ақпаратты есептіден кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде ай сайын ұсынсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
Тармақша 1
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің назарына жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
2007 жылғы 6 желтоқсан
Басқа 9. Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы
N 228-НҚ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Орталықтандырылған сауда-саттықтарды ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 3
3. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысушылар арасында туындайтын қатынастарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және осы Ереже реттейді.
Тармақ 4
4. Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарты - электр энергиясының көтерме нарығының субъектiсi мен электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының арасында электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу туралы жасалатын жазбаша шарт;
Тармақша 2
2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу кестесі - электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу күнін, басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып жасалатын кесте;
Тармақша 3
3) сатып алудың (сатудың) бірыңғай бағасы - орталықтандырылған сауда-саттықтың бірінші сауда сессиясы барысында орташа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге сұраным мен ұсыныстың сараланған кестесін салыстырумен белгіленген электр энергиясының бағасы;
Тармақша 4
4) электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысуға берілетін өтінім - электр энергиясының бағасын, көлемін және жеткізу мерзімін көрсете отырып, электр энергиясын сатып алу (сату) үшін орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға арналған сауда-саттыққа қатысушының ресми мәлімдемесі (өтініші).
Тармақша 5
5) клирингтiк баға - "бір күн бұрын" режимінде спот-сауда-саттықтың қорытындылары бойынша электр энергиясын сатып алу-сатуды есептесу үшін сараланған кесте сұранысы мен ұсыныстарды салыстырумен анықталған, операциялық тәулiктiң әрбiр сағаты үшiн электр энергиясының бағасы;
Тармақша 6
6) төлемді қамтамасыз ету - жасалған мәміленің тиісті түрде орындалуын қамтамасыз етуші болып табылатын, берілген өтінімдегі электр энергиясы көлемі құнының мөлшерінде спот-сауда-саттықтардың өтуі басталғанға дейін қызмет көрсететін банкке салатын орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың ақшасы;
Тармақша 7
7) қызмет көрсететін банк - электр энергиясының орталықтандырылған саудасы нарығының операторы айқындаған және сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың міндеттемелерін қаржылық реттеуді жүзеге асыратын банк;
Тармақша 8
8) электр энергиясының орталықтандырылған саудасының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 9
9) сауда-саттықтың операторы - сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша орталықтандырылған сауда нарығы операторының оқытуынан өткен және парольдерге рұқсаты бар, сауда-саттыққа қатысуға байланысты ақпаратты енгізуге құқылы электр энергиясының көтерме нарығы субъектісінің жауапты қызметкері;
Тармақша 10
10) табиғат қорғау тұрғысындағы су жiберу кезеңi - Қазақстан Республикасының су ресурстарын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес энергия өндіруші ұйымдар - гидроэлектростанциялар су жiберудi жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
Тармақша 11
11) сараланған кесте - өтінімдердің оларда көрсетілген бағалар бойынша, ал біркелкі бағалар кезінде - олардың сауда жүйесіне түсу уақыты бойынша бір тәртіпке келтірілген тізімі;
Тармақша 12
12) есеп айырысу ведомосы - орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы жасайтын және қызмет көрсетуші банкке орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыру үшін жіберілетін құжат;
Тармақша 13
13) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 14
14) сауда-саттықтарда жасалған мәмілелер тізілімі - орталықтандырылған сауда-саттықтарда мәмілелердің жасалғанын растайтын электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы жасайтын құжат;
Тармақша 15
15) "сатушы-сатып алушы" жұбының тізімі - "сатушы-сатып алушы" жұбы тіркелетін электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы жасайтын құжат;
Тармақша 16
16) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығы - электр энергиясын қысқа мерзімді (спот-сауда-саттығы), орта мерзімді (апта, бір ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге сатып алу-сату үшін ұйымдастырылған сауда алаңы;
Тармақша 17
17) электр энергиясының спот-сауда-саттығы - "бір күн бұрын" режимдерінің қысқа мерзімді негізінде және операциялық тәулік ішінде электр энергиясы көлемдерінің сағатпен ұйымдастырылған саудасы;
Тармақша 18
18) сауда сессиясы - сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер беру жүзеге асырылатын, сондай-ақ электр энергиясының сатылған (сатып алынған) бағасын, көлемін және орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша "сатушы-сатып алушы жұптарды" белгілеу жүзеге асырылатын процесс;
Тармақша 19
19) сауда жүйесі - орталықтандырылған сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық құрамдар кешені;
Тармақша 20
20) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Тармақша 21
21) сауда-саттыққа қатысушысы - электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысуға шарт жасасқан және сауда жүйесінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы тіркеуден өткізген электр энергиясының көтерме нарығының субъектісі;
Тармақша 22
22) мәміле бағасы - орта мерзімді, ұзақ мерзімді кезеңдерге орталықтандырылған сауда-саттықтың екінші сауда сессиясы барысында және "операциялық тәулік ішінде" спот-сауда-саттығында белгіленген электр энергиясының бағасы (талап етілген ыңғайласпа өтінімде көрсетілген баға).
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тармақ 5
5. Электр энергиясының орталықтандырылған саудасының нарығына орталықтандырылған сауда нарығының операторымен (бұдан әрі - нарық операторы) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысуға шарт жасасқан (бұдан әрі - қатысу шарты) электр энергиясының көтерме нарығының барлық субъектілері (бұдан әрі - нарық субъектісі) шығарылады.
Тармақ 6
6. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарық операторының сауда жүйесінің веб-серверіндегі интернет желісін пайдалана отырып, жасырын, дистанциялық жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Нарық операторының қызметтеріне нарық субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тариф бойынша ақы төлейді.
Тармақ 8
8. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) "бір күн бұрын" режимінде спот-сауда-саттығы;
Тармақша 2
2) "операциялық тәулік ішінде" спот-сауда-саттығы;
Тармақша 3
3) орта мерзімді (бір апта, бір ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге арналған сауда-саттық;
Тармақ 9
9. Сауда-саттықты жүргізу рәсімі өзіне мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) сауда-саттыққа қатысушының электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысуға өтінім беруі (бұдан әрі - өтінім);
Тармақша 2
2) бағаларды есептеу және нарық операторының "сатып алушы-сатушы" жұптарының тізімін құру;
Тармақша 3
3) нарық операторының сауда-саттықтың қорытындылары бойынша сауда-саттықта жасалған мәмілелерді мәмілелер тізіліміне тіркеуі және сауда-саттыққа қатысушыны болған сауданың нәтижелері туралы хабардар ету;
Тармақша 4
4) спот-сауда-саттықты қоспағанда, сауда-саттыққа қатысушылардың арасында сатып алу-сату (жеткізу) шарттарын жасау;
Тармақша 5
5) сауда-саттыққа қатысушылардың электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығындағы мәмілелерді орындауы.
Тармақ 10
10. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына шығу шарттары өзіне мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) қатысу шартын жасау;
Тармақша 2
2) нарық операторы әзірлеген нысан бойынша сауда жүйесіне тіркелуге арналған өтінішті және сауда-саттыққа қатысушының тіркелу карточкаларын екі данада толтыра отырып, нарық операторының сауда жүйесіндегі сауда-саттыққа қатысушының тіркелуі;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 12-тармағында көзделген талаптарды орындау.
Тармақ 11
11. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген табиғатты қорғау тұрғысында су жiберiлетiн кезеңде өндірілетін электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдар - гидроэлектростанциялар (бұдан әрі - ГЭС), орта жылдық су шығысының есебінен өндірілген электр энергиясының көлемін қоспағанда, орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатуы тиiс.
Тарау 2. 2-тарау. Сауда-саттыққа қатысушыларға және қатысу шартына қойылатын талаптар
2-тарау. Сауда-саттыққа қатысушыларға және қатысу шартына қойылатын талаптар
Тармақ 12
12. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу үшін нарық субъектісі мынадай талаптарды орындауы қажет:
Тармақша 1
1) сауда-саттық операторының жұмыс орнын сауда жүйесінің деректер базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін техникалық және бағдарламалық құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) нарық операторына уәкілетті органдардың - сауда жүйесінде жұмыс істеу жөнінде нарық операторында инструктаждан өткен сауда-саттық операторлардың тізімін беру;
Спот-сауда-саттығына қатысу үшін қызмет көрсететін банкте банк шотын ашу және электр энергиясын сатып алуға қамтамасыз етуді енгізу қажет.
Тармақ 13
13. Қатысу шарты мыналарды қамтуға тиіс:
Тармақша 1
1) шарттың мәні, нарық субъектісі көрсететін қызмет түрлері, ақы төлеу мерзімі және тәртібі;
Тармақша 2
2) нарық субъектісіне орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу үшін және сауда жүйесіне қол жеткізуге қойылатын өлшемдер мен талаптар;
Тармақша 3
3) орталықтандырылған сауданы өткізу әдістері, оның ішінде мәмілелерді тіркеу және қатысушыларды сауданың нәтижелері туралы хабардар ету тәртібі;
Тармақша 4
4) төлемді қамтамасыз ету сомасын айқындау тәртібі, сауда-саттыққа қатысушы сатып алған электр энергиясына ақы төлеу мерзімі;
Тармақша 5
5) шарттың талаптарын бұзғаны үшін сауда-саттыққа қатысушының жауапкершілігі.
Тарау 3. 3-тарау. Нарық операторының функциялары
3-тарау. Нарық операторының функциялары
Тармақ 14
14. Электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және өткізу мақсатында нарық операторы:
Тармақша 1
1) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) нарық субъектілерінің электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қол жеткізу үшін тең шарттарды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлейді;
Тармақша 4
4) электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге сауда жүйесін ұдайы дайын күйінде ұстайды;
Тармақша 5
5) нарық субъектілерінің коммерциялық тәуекелін азайту мақсатында электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында сатып алынған (сатылған) электр энергиясы үшін кепілдендірудің және өзара есеп айырысудың орталықтандырылған жүйесін енгізеді;
Тармақша 6
6) осы Ереженің 12-тармағында көзделген талаптарға нарық субъектілерінің сәйкес келуін айқындайды;
Тармақша 7
7) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу кестесін жасайды және оны бекітеді;
Тармақша 8
8) сауда-саттыққа қатысушыларды сауда-саттық басталғанға дейін 7 күн бұрын сауда жүйесінің веб-сайтында ақпаратты орналастыру жолымен алдағы болатын сауда-саттық туралы алдын-ала хабардар етеді;
Тармақша 9
9) сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша сауда операторларына инструктаж жүргізеді;
Тармақша 10
10) қызмет көрсететін банкпен және сауда-саттыққа қатысушылармен орталықтандырылған сауданы жүргізу мәселелері мен өзара есеп айырысулар бойынша өзара іс-әрекет жасайды;
Тармақша 11
11) барлық нарық субъектілеріне электр энергиясын сатып алу-сату шартын жедел жасасуға көмек көрсетеді;
Тармақша 12
12) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты мәселелер бойынша жүйелік оператормен өзара іс-әрекет жасайды;
Тармақша 13
13) орталықтандырылған сауда-саттықта жасалынған мәміленің орындалуына мониторингіні жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) жүйелiк оператор ұсынатын нақты теңгерім деректерi бойынша сауда жүйесiне қатысушылар үшiн орталықтандырылған сауда нарығында электр энергиясын өндiрудiң/тұтынудың нақты көлемi туралы ақпарат береді;
Тармақша 15
15) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығындағы электр энергиясын сатып алу-сату жөнінде жасалған мәмілелердің тіркелуін және есепке алынуын жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) өз құзыретінің шегінде нарық субъектілерін орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтік бағалары жөніндегі ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу
4-тарау. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу
Тармақ 1. $1. Өтінім беру тәртібі
$1. Өтінім беру тәртібі
Тармақ 15
15. Сауда-саттыққа қатысушының электр энергиясын сатуға (сатып алуға) өтінім беруі сауда сессиясы басталу сәтінен бастап және өтінімді қабылдау аяқталғанға дейін жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Сауда-саттыққа қатысушының өтінімді беруі интернет желісін және (немесе) факсимильді байланысты пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Нарық субъектісінің интернет желісіне қол жеткізуі болмаған жағдайда, үздіксіз ыңғайласпа сауда-саттық әдісі (орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге екінші сауда сессиясы және операциялық тәулік ішіндегі сауда-саттықта) пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, факсимильді байланысты пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 18
18. Интернет желісін пайдалана отырып берілетін сауда-саттыққа қатысушының өтінімдері нарық операторының сауда жүйесінде қалыптасады.
Тармақ 19
19. Сауда-саттыққа қатысушының факсимильді байланыс арқылы берілетін өтінімдеріне сауда-саттыққа қатысушының уәкілетті тұлғасы қол қоюға және олар ұйымның мөрімен расталуға тиіс.
Тармақ 20
20. Сауда-саттыққа қатысушы өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін алдында берілген өтінімді жаңа өтінім беру жолымен өзгерте немесе оның күшін жоя алады.
Тармақ 21
21. Сатуға өтінім берілген электр энергиясы басқа шарттық міндеттемелерден еркін болуы тиіс.
Тармақ 22
22. Экспорт - импортқа арналған электр энергиясы Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес сауда-саттыққа қатысушының кедендік ресімдеуіне жатады.
Тармақ 23
23. Өтінімде мынадай негізгі мәліметтер:
Тармақша 1
1) сауда-саттыққа қатысушының атауы;
Тармақша 2
2) өтінімнің түрі (сатып алуға немесе сатуға);
Тармақша 3
3) сатып алынатын (сатылатын) электр энергиясының (базалық немесе ең жоғары деңгейдегі) түрі;
Тармақша 4
4) электр энергиясының бағасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетілуі;
Тармақша 5
5) жеткізудің басталуы мен аяқталу мерзімін көрсете отырып, электр энергиясын жеткізу (тұтыну) кезеңі (жыл, тоқсан, ай, апта, тәулік сағаттары);
Тармақша 6
6) сатып алуға (сатуға) өтінім берілген электр энергиясының сағаттық көлемі;
Тармақша 7
7) сатып алу (сатуға) өтінім берілген электр энергиясының жиынтық көлемі;
Тармақша 8
8) өтінімге қол қойған басшының немесе жауапты тұлғаның тегі мен аты-жөні;
Тармақша 9
9) сауда-саттыққа қатысушының деректемелері (телефон, факс, электрондық почтаның адресі);
Тармақша 10
10) көлемі сағатына кемінде 1 мың киловатт/сағат және 1 мың киловатт/сағат есе болуы тиіс сауда-саттыққа қатысушының сатып алуға немесе сатуға берген өтініміндегі электр энергиясының көлемі қамтылуы тиіс.
Тармақ 2. $2. "Бір күн бұрын" режимінде спот-сауда-саттықты өткізу
$2. "Бір күн бұрын" режимінде спот-сауда-саттықты өткізу
Тармақ 24
24. "Бір күн бұрын" спот-сауда барысында электр энергиясының нақты жеткізуіне арналған сатып алудың-сатудың қысқа мерзімді мәмілелері жасалады.
Тармақ 25
25. "Бір күн бұрын" режимінде споты-сауда-саттық аукцион нысанында жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Спот-сауда-саттық қорытындылары бойынша:
Тармақша 1
1) операциялық тәуліктің әрбір сағаты бойынша клирингтік баға;
Тармақша 2
2) операциялық тәуліктің әрбір сағаты үшін сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі анықталады.
Тармақ 27
27. Электр энергиясын "бір күн бұрын" режимінде сатып алуға және сатуға сауда-саттыққа қатысушылар берген өтінімдерінен нарық операторы электр энергиясына сұраныс пен ұсыныстардың сараланған кестелерін құрайды:
Тармақша 1
1) сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдерде көрсетілген бағаның азаю тәртібімен, ал бағалар бірдей болған кезде - олардың сауда жүйесіне түсу кезегі тәртібімен сараланады;
Тармақша 2
2) сатуға берілген өтінімдер өтінімдерде көрсетілген бағаның өсуі тәртібімен, ал бағалар бірдей болған кезде - олардың сауда жүйесіне түсу кезегі тәртібімен сараланады.
Тармақ 28
28. Нарық операторының операциялық тәуліктің әрбір сағатына арналған клирингтік бағаны анықтауы сұраныс пен ұсыныстардың сараланған кестесін салыстырумен жасалады.
Тармақ 29
29. Егер сатуға немесе сатып алуға арналған соңғы талап етілген өтінімде электр энергиясының ең аз жол берілген сағаттық көлемі туралы шарт болса және бұл шарт қолда бар сұраныс (ұсыныс) кезінде орындалуы мүмкін болмаған жағдайда, онда мұндай сатуға (сатып алуға) арналған өтінім келесі кезектегі сату (сатып алу) өтінімімен алмастырылады.
Тармақ 30
30. Әрбір операциялық тәулікке арналған клирингтік бағаны есептеуден кейін нарық операторы электр энергиясын сатып алудың (сатудың) көлемін және осы көлемге өтінімдері (толық немесе ішінара) енген сауда-саттыққа қатысушылардың тізімін анықтайды. Оларға клирингтік бағадан төмен немесе оған тең сатуға баға мәлімдеген сатушылар және клирингтік бағадан жоғары немесе оған тең сатып алуға бағаны мәлімдеген сатып алушылар жатады. Клирингтік бағаны есептеу, осы көлемге өтінімдері енген сатудың (сатып алудың) көлемін және сауда-саттыққа қатысушылардың тізімін айқындау негізінде нарық операторы сауда-саттыққа қатысушылардың арасында өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін "жұп сандарын неғұрлым азайту" қағидатына сүйене отырып, "сатушы-сатып алушы" жұптарының тізімдерін қалыптастырады.
Тармақ 31
31. Қазақстанның Бірыңғай электр энергиялық жүйесіндегі электр энергиясын тұтыну-өндіру режимін жоспарлау кезеңінде Ұлттық электр жүйесінің жекелеген учаскелерінде артық жүктеме (техникалық шектеулер) анықталған жағдайда орталықтандырылған сауда-саттық нарық субъектілері резервтелген жүктелетін қиманың өткізу қабілеттігінің шегінде жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Сауда сессиясының аяқталуы бойынша нарық операторы электр энергиясының сатып алынған көлемдерін күндік кестеге енгізу үшін жүйелік операторға келісуге электр энергиясын қабылдау/босатуды есепке алу нүктелерін көрсете отырып сауда-саттық нәтижелерін береді.
Тармақ 33
33. Нарық операторы жүйелік оператордан оған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына сатып алынған электр энергиясының көлемі енгізіліп бекітілген тәуліктік кестені алғаннан кейін үш күн ішінде қызмет көрсететін банкке сауда-саттыққа қатысушылар арасында олардың сауда-саттықта жасасқан мәмілесі бойынша өзара есеп айырысуды жүргізгенін көрсете отырып есеп айырысу ведомосын жібереді.
Тармақ 34
34. Орталықтандырылған сауда-саттықтың қорытындылары бойынша бекітілген тәуліктік кестеге енгізілген электр энергиясын жеткізу мен тұтынудың барлық көлемдерін нарық операторы орталықтандырылған сауда-саттықта қатысушыларға сатылған және олармен сатып алынған ретінде бекітеді.
Тармақ 35
35. Сауда-саттық егер:
Тармақша 1
1) жүйелік оператор сауда-саттықтың нәтижелері бойынша сатып алудың (сатудың) көлемдерін келіспегенде;
Тармақша 2
2) электр энергиясын сатып алуға (сатуға) өтiнiмдер болмаса;
Тармақша 3
3) сауда-саттыққа 3 сауда-саттық қатысушысынан кем адам қатысса;
Тармақша 4
4) сұраныс пен ұсыныстың сараланған кестелерi қиылыспаса және сұраныс кестесiнің сатып алуға берілген бiрде-бiр өтінімі ұсыныс кестесiнің сатып алуға берілген кез келген өтінімінің бағасына қарағанда, артық бағаны құрамаса өтпеді деп жарияланады.
Тармақ 36
36. Сауда-саттықтың нәтижелері туралы нарық операторы сауда-саттыққа қатысушыларды сағат 18-00-ге дейін (астана уақытымен) хабарландырады.
Тармақ 3. $3. "Операциялық тәулік ішінде" спот-сауда-саттығын өткізу
$3. "Операциялық тәулік ішінде" спот-сауда-саттығын өткізу
Тармақ 37
37. "Операциялық тәулік ішінде" спот-сауда-саттығы барысында электр энергиясын нақты жеткізуге қысқа мерзімді мәмілелер жасалады.
Тармақ 38
38. "Операциялық тәулік ішінде" сауда-саттығы үздіксіз ыңғайласпа әдісі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 39
39. Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру, электр энергиясын нақты жеткізу (тұтыну) басталғанға дейінгі 3 сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. Барлық қабылданған өтінімдер мынадай сатып алу мен сату қанағаттандырылмаған өтінімдер кезегінде жинақталады:
Тармақша 1
1) сатып алуға берілген өтінімдер оларда көрсетілген бағаның азаю тәртібімен, баға тең болған жағдайда - олардың сауда жүйесіне түсу кезегінің тәртібімен сараланады;
Тармақша 2
2) сатуға берілген өтінімдер өтінімдерде көрсетілген бағаны көбейту тәртібімен, баға тең болған жағдайда - олар сауда жүйесіне түсу кезегінің тәртібімен сараланады.
Тармақ 41
41. Электр энергиясын сатуға жаңадан келіп түскен өтінім сатып алуға қолда бар өтінімдер (бұдан әрі - талап етілген өтінімдер) есебінен қанағаттандырылады, оларда сатып алу бағасы ең жоғары бағаны қамтитын сатып алуға арналған өтінімнен бастап түскен өтінімнің бағасынан жоғары немесе тең. Бұл процесс не сатуға түскен осы өтінімді толық қанағаттандырғанға дейін, не болмаса баға бойынша қолдануға келетін өтінімдер таусылғанға дейін жалғасады.
Тармақ 42
42. Электр энергиясын сатып алуға жаңадан келіп түскен өтінім, ең төмен бағаны құрайтын сатуға түскен өтінімнен бастап, сату бағасы келіп түскен өтінім бағасынан төмен немесе тең сатуға арналған (бұдан әрі - талап етілген өтінімдер) қолда бар өтінім есебінен қанағаттандырылады. Бұл процесс не сатып алуға түскен осы өтінімді толық қанағаттандырғанға дейін, не болмаса баға бойынша қолдануға келетін өтінімдер таусылғанға дейін жалғасады.
Жаңадан келіп түскен өтінім негізінде сатып алуға (сатуға) түскен талап етілген ыңғайласпа өтінімдердің санына байланысты бір немесе одан артық шарттар жасалуы мүмкін. Мәмілелер талап етілген ыңғайласпа өтінімде көрсетілген баға бойынша жасалады.
Тармақ 43
43. Электр энергиясын сатып алуға (сатуға) арналған толық қанағаттандырылған өтінімдер бұдан әрі сауда-саттықта қатыспайды. Ішінара қанағаттандырылған өтінімдер электр энергиясын сатып алудың (сатудың) қанағаттандырылмаған көлемі бөлігінде сауда-саттыққа қатысуын жалғастырады.
Тармақ 44
44. Толық қанағаттандырылған өтінімдер қабылдау/тұтыну нүктелерін көрсетумен электр энергиясын нақты жеткізудің операциялық сағатына дейін 2 сағаттан кешіктірілмей электр энергиясының жеткізу/тұтыну көлемін келісуге жүйелік операторға жіберіледі.
Нарық операторы үш банктік күн ішінде жүйелік оператордан электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алынған/сатылған электр энергиясы көлемдерінің тәуліктік кестеге енгізілгендігі туралы растау алғаннан кейін банкке сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы олардың сауда-саттықта жасалған мәмілелері бойынша банктің сатып алушының шотынан оның орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алған электр энергиясына арналған сомасын акцептсіз тәртіппен есептен шығару жолымен өзара есеп айырысу жүргізу үшін есеп айырысу ведомосын жібереді.
Тармақ 45
45. Сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы мәміле жүйелік оператормен электр энергиясының жеткізу/тұтыну көлемдері келісілмеген жағдайда жасалмайды, ол туралы нарық операторы жүйелік оператордан ақпаратты алған сәттен бастап 1 сағаттың ішінде сауда-саттыққа қатысушыларды хабарландырады.
Тармақ 4. $4. Электр энергиясының орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) сауда-саттығын өткізу
$4. Электр энергиясының орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) сауда-саттығын өткізу
Тармақ 46
46. Электр энергиясының орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге орталықтандырылған сауда-саттығы бір-бірінен тәуелсіз екі сауда сессиясында жүргізіледі. Бірінші сауда сессиясы аукцион нысанында, екінші сауда сессиясы үздіксіз ыңғайласпа сауда-саттық әдісі арқылы жүргізіледі. Сауда-саттыққа қатысушы екі сауда сессиясына да немесе өзінің шешімі бойынша кез келген біреуіне қатыса алады.
Тармақ 47
47. Электр энергиясының орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге сауда-саттығының нәтижесі бойынша оны аптаның барлық күндеріне (аптаның барлық күндеріне түрі бойынша айырылатын электр энергиясын біркелкі кесте бойынша электр энергиясының базалық жүктемесін жабу үшін жеткізу (бұдан әрі - базалық электр энергиясы) және аптаның барлық күндеріне электр энергиясын - біркелкі кесте бойынша электр энергиясының ең жоғары жүктемесін жабу үшін жеткізудің бір жыл, бір тоқсан, бір ай, бір апта мерзімдерімен электр энергиясын жеке жеткізуге форвардты сауда-саттық) жеткізу мерзімі өтіп кеткен тауарға қатысты құқықтары мен міндеттерін өзара берумен байланысты мәмілелер жасалады.
Ең жоғары электр энергиясын жеткізу сағаттары қажет болған жағдайда жеткізу мезгіліне байланысты нарық операторы түзетуі мүмкін. Бұл өзгерістер туралы нарық операторы сауда-саттыққа қатысушыларды сауда саттық басталғанға дейін кемінде 7 күн бұрын хабардар етеді.
Тармақ 48
48. Аукцион қорытындысы бойынша:
Тармақша 1
1) мәміле жасалатын электр энергиясын сатудың (сатып алудың) бірыңғай бағасы;
Тармақша 2
2) сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі;
Тармақша 3
3) "сатушы-сатып алушы" жұбының тізімі анықталады.
Сауда сессиясының аяқталуы бойынша пайда болған жұптар туралы деректерді нарық операторы сауда-саттықта жасалған мәмiлелер тізіліміне тіркейді.
Тармақ 49
49. Сатып алу мен сатуға сауда-саттыққа қатысушының өтінімдерінен нарық операторы электр энергиясына сұраныс және ұсыныстың мынадай сараланған кестелерін құрайды:
Тармақша 1
1) сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдерде көрсетілген бағаның азаюы тәртібімен, ал баға тең болған жағдайда - олардың сауда жүйесіне түсу кезегінің тәртібімен сараланады;
Тармақша 2
2) сатуға берілген өтінімдер өтінімдерде көрсетілген бағаның өсу тәртібімен, ал баға тең болған жағдайда - олардың сауда жүйесіне түсу кезегінің тәртібімен сараланады.
Тармақ 50
50. Электр энергиясының сатып алу (сату) мәмілесінің бірыңғай бағасы және сатып алынған (сатылған) көлемі сұраныс пен ұсыныстың сараланған кестесін салыстырумен анықталады.
Тармақ 51
51. Электр энергиясын сатып алудың (сатудың) бірыңғай бағасын есептеу және оның сатып алынған (сатылған) көлемінің нәтижесі бойынша нарық операторы өтінімдері сатып алынған (сатылған) электр энергиясының осы көлеміне енген сауда-саттыққа қатысушылардың (сатушылар мен сатып алушылардың) тізімін анықтайды және "сатушы-сатып алушы" жұбының тізімін қалыптастырады.
Тармақ 52
52. Осы Ереженің 35-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар болған кезде "сатушы-сатып алушы" жұбын анықтау жүзеге асырылмайды және сауда-саттық өтпеді деп жарияланады.
Тармақ 53
53. Үздіксіз ыңғайласпа сауда-саттық әдісімен жүргізілетін, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында электр энергиясына жасалған мәмілелердің бағасын және оның сатып алынған (сатылған) көлемін анықтау тәртібі осы Ереженің 40-43-тармақтарында белгіленген тәртіпке ұқсас.
Тарау 5. 5-тарау. Сауда-саттыққа қатысушылардың арасында электр энергиясын сатып алу-сату (жеткізу) шарттарын жасасу
5-тарау. Сауда-саттыққа қатысушылардың арасында электр энергиясын сатып алу-сату (жеткізу) шарттарын жасасу
Тармақ 54
54. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының барысында жасалған мәмілелер, сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізілімінде нарық операторы тіркеген сәттен бастап жасалған болып есептеледі. Мәміленің жасалғандығын растау нарық операторының өткен сауданың нәтижелері туралы сатылған (сатып алынған) электр энергиясының көлемі, бағасы, жеткізу кезеңі көрсетілген хабарламасы болып табылады.
Тармақ 55
55. Спот-сауда-саттықтың қорытындылары бойынша электр энергиясын сату/сатып алуды сауда-саттыққа қатысушылар электр энергиясын сату-сатып алу шартын жасамай жүзеге асырады.
Тармақ 56
56. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы барысында орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге жасалған мәмiлелер бойынша нарық субъектiлерi электр энергиясын сатып алуға-сатуға (жеткізуге) екі жақты жазбаша шарттар жасасады. Сауда-саттыққа қатысушылар арасында электр энергиясын сатып алу-сатуға (жеткiзуге) шарттарды жасау орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелердің нәтижесі туралы нарық операторының хабарламасының негiзiнде дербес жүзеге асырылады.
Тармақ 57
57. Спот сауда-саттығында жасалған мәміленің орындалуы, сатып алынған (сатылған) электр энергиясын көлемін жүйелік оператор тәуліктік кестеге енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 58
58. Электр энергиясының орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) кезеңдерге орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша жасалған мәмiлелердi орындау сатып алу-сату шарты сауда-саттыққа қатысушылардың жасасқан шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Орталықтандырылған сауда-саттықтың жүргізілуін тоқтата тұру
6-тарау. Орталықтандырылған сауда-саттықтың жүргізілуін тоқтата тұру
Тармақ 59
59. Орталықтандырылған сауда-саттықты жүргізу мынадай мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін:
Тармақша 1
1) серверлік жабдықтарда техникалық келеңсіздіктер немесе сауда жүйесін жұмысқа қабілетсіздікке келтірген электрондық жүйедегі бұзылулар;
Тармақша 2
2) сауда жүйесіне шығуға мүмкіндік бермеген Интернет желісі жабдығының немесе байланысының техникалық келеңсіздіктері;
Тармақша 3
3) сауда жүйесінің сауда залын және (немесе) серверлік жабдықтарын электрмен жабдықтаудағы ұзақ (2 сағаттан астам) үзіліс;
Тармақша 4
4) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргізуді бастағанға дейін нарық операторына қатысушылардың банктік шоттарында қамтамасыз етуінің болуы туралы ақпаратты банктің бермеуі.
Тармақ 60
60. Орталықтандырылған сауда-саттықты жүргізу мүмкін болмаған кезде нарық операторы орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларды байланыстың өзге де қол жетімді техникалық құралдары арқылы жедел түрде хабарландырады.
Тарау 7. 7-тарау. Дауларды шешу
7-тарау. Дауларды шешу
Тармақ 61
61. Орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелерді орындау мәселелері бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.