Об утверждении норм допустимого воздействия на человека поражающих факторов оружия самообороны, патронов травматического, газового и светозвукового действия к оружию самообороны Қолданыста
Басқа 0
Өзін-өзі қорғау қаруларының, өзін-өзі қорғау қаруына жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондардың зақымдағыш факторларының адамға әсер етуiнiң рұқсат етiлетiн нормаларын бекіту туралы
"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысының 5-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) жарақат салатын патрондары бар атылатын тегіс ұзын ұңғылы өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
Тармақша 2
2) жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар атылатын ұңғысыз өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
Тармақша 3
3) газды өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
Тармақша 4
4) электрлік өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
Тармақша 5
5) жарақат салатын патрондары бар өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
Тармақша 6
6) газбен әсер ететін патрондары бар өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
Тармақша 7
7) сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондары бар өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Исмаилов Ж.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2008 жылғы 8 ақпан
Басқа 0. Жарақат салатын патрондары бар атылатын тегіс ұзын ұңғылы өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген
Жарақат салатын патрондары бар атылатын тегіс ұзын ұңғылы өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта жарақат салатын патрондары бар атылатын тегіс ұзын ұңғылы өзін-өзі қорғау қаруынан ату адам денсаулығына орта және ауыр дәрежеде зиян келтірмеуі тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта жарақат салатын патрондары бар атылатын тегіс ұзын ұңғылы өзін-өзі қорғау қаруынан ату адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Мыналарға:
Тармақша 1
1) бір метрден аз қашықтықта атуға;
Тармақша 2
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға атуға;
Тармақша 3
3) жарақат салатын патрондармен бас пен мойынға көздеп атуға тыйым салынады.
Басқа 1. Жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар атылатын ұңғысыз өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген
Жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар атылатын ұңғысыз өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар атылатын ұңғысыз қарудан ату адам денсаулығына орта және ауыр дәрежеде зиян келтірмеуі тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар атылатын ұңғысыз қарудан ату адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта газды әсер ететін патрондары бар атылатын ұңғысыз қарудан ату жас ағызғыш тітіркендіру заттары әсерінің есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондары бар атылатын ұңғысыз қарудан ату жарықты сәулелендіру мен акустикалық қысымның есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
Мыналарға:
Тармақша 1
1) бір метрден аз қашықтықта атуға;
Тармақша 2
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға атуға;
Тармақша 3
3) жарақат салатын патрондармен бас пен мойынға көздеп атуға тыйым салынады.
Басқа 2. Газды өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген
Газды өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар газды қарудан ату адам денсаулығына орта және ауыр дәрежеде зиян келтірмеуі тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта Жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар газды қарудан ату адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта газбен әсер ететін патрондары бар газды қарудан ату жас ағызғыш тітіркендіру заттары әсерінің есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондары бар газды қарудан ату жарықты сәулелендіру мен акустикалық қысымның есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
0,5 метрден аса қашықтықта жас ағызғыш тітіркендіру заттарымен қамтылған механикалық бүріккіштерді, аэрозолдар мен басқа да керек-жарақтарды қолдану адамға орта және ауыр дәрежедегі дене зақымын келтірмеуі тиіс.
0,5 метрден аса қашықтықта жас ағызғыш тітіркендіру заттарымен қамтылған механикалық бүріккіштерді, аэрозолдар мен басқа да керек-жарақтарды қолдану адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Мыналарға:
Тармақша 1
1) бір метрден аз қашықтықта газды қарудан атуға;
Тармақша 2
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға газды қарудан атуға;
Тармақша 3
3) газды қарудан жарақат салатын патрондармен бас пен мойынға көздеп атуға тыйым салынады.
Басқа 3. Электрлік өзін-өзі қорғау қаруының адамға зақым келтіру факторларының рұқсат етілген әсер ету нормалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген
Электрлік өзін-өзі қорғау қаруының адамға зақым келтіру факторларының рұқсат етілген әсер ету нормалары
Электрлік қару мен электр қуатын пайдалануға негізделген жарақаттайтын әсері бар өзге де заттарды қолдану электрлік разряд әсерінің есебінен адам денсаулығына орта және ауыр дәрежедегі зиян келтірмеуі тиіс.
Электрлік қару мен электр қуатын пайдалануға негізделген жарақаттайтын әсері бар өзге де заттарды қолдану адамға орта және ауыр дәрежедегі дене зақымын келтірмеуі тиіс.
Электрлік қару мен электр қуатын пайдалануға негізделген жарақаттайтын әсері бар өзге де заттарды қолдану адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Бір рет әсер ету кезінде организмдегі өзгерістердің шекті рұқсат етілген деңгейі:
Тармақша 1
1) естен танбай (электрлік зақым келтірудің бірінші дәрежесі) бұлшық еттердің тырысып жиырылуы;
Тармақша 2
2) қимылдық белсенділіктің кемінде 15 минут бойы қысқаруы;
Тармақша 3
3) кемінде 30 минут бойы ритмі бұзылмай жүрек жиырылуы жиілігінің өзгеруі;
Тармақша 4
4) кемінде 30 минут бойы демалу жиілігінің өзгеруі;
Тармақша 5
5) электродтар байланысы аясындағы тері жабындарының орташа айқын зақымдар.
Мыналарға:
Тармақша 1
1) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға қолдануға тыйым салынады;
Тармақша 2
2) электрлік қаруды қолдану кезінде жүрек, бас және сәулелік тораптар аясында электродтардың байланысынан аулақ болған жөн.
Басқа 4. Жарақат салатын өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің (соққы-ауырсыну түріндегі әсер ету) рұқсат етілген нормалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген
Жарақат салатын өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің (соққы-ауырсыну түріндегі әсер ету) рұқсат етілген нормалары
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде жарақат салатын патрондардың соққы беру-ауырсыну әсерінің есебінен адам денсаулығына орта және ауыр дәрежедегі зиян келтірмеуі тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде жарақат салатын патрондардың адамға орта және ауыр дәрежедегі дене зақымын келтірмеуі тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Мыналарға:
Тармақша 1
1) бір метрден аз қашықтықта кез-келген қарудың түрінен жарақаттайтын патрондармен атуға;
Тармақша 2
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға кез-келген қарудың түрінен жарақаттайтын патрондармен атуға;
Тармақша 3
3) жарақат салатын патрондармен бас пен мойынға көздеп атуға тыйым салынады.
Басқа 5. Газбен әсер ететін патрондары бар (жас ағызғыш тітіркендіру әсері бар түрі) өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген
Газбен әсер ететін патрондары бар (жас ағызғыш тітіркендіру әсері бар түрі) өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде газбен әсер ететін патрондар жас ағызғыш тітіркендіру әсерінің есебінен адам денсаулығына орта және ауыр дәрежедегі зиян келтірмеуі тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде газбен әсері бар патрондар адамға орта және ауыр дәрежедегі дене зақымын келтірмеуі тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде газбен әсер ететін патрондар адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта газбен әсер ететін патрондары бар газды қарудан ату жас ағызғыш тітіркендіру әсерінің есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
Мыналарға:
Тармақша 1
1) бір метрден аз қашықтықта кез-келген қарудан газды әсері бар патрондармен атуға;
Тармақша 2
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға кез-келген қарудан газбен әсер ететін патрондармен атуға тыйым салынады.
Басқа 6. Сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондары бар өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген
Сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондары бар өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондар жарық сәулелену мен акустикалық қысым әсерінің есебінен адам денсаулығына орта және ауыр дәрежедегі зиян келтірмеуі тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондар адамға орта және ауыр дәрежедегі дене зақымын келтірмеуі тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондар адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Ұңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондары бар қарудан ату жарық сәулелену мен акустикалық қысым әсерінің есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
Мыналарға:
Тармақша 1
1) бір метрден аз қашықтықта кез-келген қарудан сәулемен, дыбыспен әсері бар патрондармен атуға;
Тармақша 2
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға кез-келген қарудан сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондармен атуға тыйым салынады.