Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұланды ауданында үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53-бабындағы 1-тармағының 4-тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұланды ауданында үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Келесілер белгіленсін:
Тармақша 1
1) материалдық қамтамасыз ету туылған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа алынған (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан басқа) балалардың ата-анасының біреуіне немесе олардың орындарындағы тұлғаларға отбасының табысына қарамастан ұсынылады;
Тармақша 2
2) материалдық қамтамасыз ету құжаттар берілген айдан бастап «Ақмола облысының білім департаменті» мемлекеттік мекемесіндегі ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша ұсынылады;
Тармақша 3
3) материалдық қамтамасыз ету ағымдағы жылдың соңына дейін тоқсанға 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға тағайындалады;
Тармақша 4
4) материалдық қамтамасыз ету төлемін төлеу қаржыландыру болуына қарай өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайы туындаған кезде (мүгедек бала 18 жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеу осындай жағдай туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Материалдық қамтамасыз ету туралы шешім «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен он күннің ішінде келесі құжаттар тізбесі негізінде қабылданады:
Тармақша 1
1) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) мүгедектікті белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) медициналық- әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы;
Тармақша 3
3) мүгедек баланы үйде оқытылу (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы «Ақмола облысы білім департаменті» мемлекеттік мекемесіндегі ведомствоаралық психологиялық- медициналық- педагогикалық консультациясының қорытындысы;
Тармақша 4
4) оқу орнынан мүгедек баланың үйде оқытылып, тәрбиеленетіндігін растайтын анықтама. Оқу орнының анықтамасынан басқа ұсынылған құжаттардың мерзімі - бір жыл.
Тармақ 4
4. «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету үшін аудан бюджетінен бөлінген қаржыны уақытында игеруді қамтамасыз ету шараларын қолдансын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми жариялануға жатады. КЕЛІСІЛДІ К.Г. Самойлова «Бұланды ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі 24.01.08 ж. К.Н.Исмағамбетова «Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі 24.01.08 ж.