Об оказании дополнительной социальной помощи некоторым категориям инвалидов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектердің кейбір санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, мүгедектердің кейбір санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектердің кейбір санаттарына 10000 (он мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Мүгедектердің кейбір санаттарына қосымша әлеуметтік көмекті төлеу жылына бір рет жүргізілетін болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қосымша әлеуметтік көмек келесі санаттарға тағайындалатын және төленетін болып белгіленсін:
Тармақша 1
1) мүгедектер куәландыруден өткенде медициналық-әлеуметтік сараптама (жеке сауықтыру бағдарламасы) қорытындысы негізінде оларға емделуге;
Тармақша 2
2) егер ата-анасының (қорғаушысының) бірі мүгедек болса, 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына;
Тармақша 3
3) екі не одан да көп 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына;
Тармақша 4
4) егер операция жасалған күннен бастап 6 ай ішінде жүгінсе мүгедектерге сауықтыру үшін операциядан кейінгі кезеңге.
Тармақ 4
4. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектерге қосымша әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өтініш беруші келесі құжаттарды тапсырғаннан кейінгі 10 күн ішінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қосымша әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) мүгедек үшін - жеке куәліктің көшірмесі; мүгедек балалар үшін - туу туралы куәлік пен ата-аналарының (қамқоршының) жеке куәліктерінің көшірмелері;
Тармақша 3
3) тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) емделуге материалдық көмек беру туралы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қорытындысын алған, мүгедекті жеке сауықтыру бағдарламасының көшірмесі;
Тармақша 5
5) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен берілген, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
Тармақша 6
6) операция жасалған мүгедек үшін - ауру тарихының үзіндісін береді;
Тармақша 7
7) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
Тармақша 8
8) жинақ кітапшасының көшірмесі. Мүгедектерге материалдық көмек тағайындау үшін қажетті құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқалары және көшірмелері тапсырылады. Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
Тармақ 5
5. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектердің кейбір санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсетуге аудан бюджетінен бөлінген қаржыны уақытында игеруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 6
6. «Щучье ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сәйкес жылға аудан бюджетімен бекітілген қаржы бөлу шегінде мүгедектердің кейбір санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсетуді қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Алтаеваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан туындаған қатынастарға таралады.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Ақмола облысының Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.