Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан к призывному участку государственного учреждения «Отдел по делам обороны Житикаринского района Костанайской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасы азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы 3 тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылында 17 жасқа толатын, ер жынысты азаматтарына 2008 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің бастығы «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен бірге:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарына үміткерлер іріктеуге, оқу орындарына нарядты жеткізуге;
Тармақша 2
2) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстардың басталғаны туралы аудандық бұқаралық ақпарат кұралдарында хабарландыру жариялауға ұсыныс берілсін.
Тармақ 3
3. Медициналық куәландыру жүргізу үшін «Жітіқара аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (М.В. Бисенова):
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру жүргізу үшін жалақысын сақтап комиссия құрамына дәрігер-мамандарды, орта медициналық қызметкерлер бөлсін;
Тармақша 2
2) дәрігер-мамандарды қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) тіркеу жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс тәртібіне сәйкес, азаматтарға медициналық куәландыру, клиникалық және флюорографиялық тексерулер жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Селолар мен селолық округтер әкімдері, селолар мен селолық округтер әкімдері аппараттарының әскери есеп жөніндегі мамандарының бекітілген шығарып салу кестесіне сәйкес, талдаулар жүргізу мен куәландыру үшін шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаменті Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б.Ф. Жүмағалиев) «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуден жалтарып жүргендерді іздестірумен және тауып әкелумен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Жітіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (В.Б. Никитченко) «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне азаматтарға тіркеу жүргізу жөніндегі шараларды қаржыландыру ассигнованиеде қарастырылғандай мөлшерде аудан бюджетінің қаражатынан жүзеге асырылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен соң 10 күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енеді.