Об организации бесплатного питания для воспитанников детских государственных дошкольных организаций Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарының тәрбиеленушілері үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Казақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына,
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 12-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, "Лисаков қаласының 2008
жылға арналған бюджеті туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2007
жылғы 24 желтоқсандағы № 40 шешімін іске асыру" Лисаков қаласы
әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 2457 қаулысына сәйкес, Лисаков
қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қаланың мемлекеттік мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарында
мұқтаж болған отбасылардың тәрбиеленуші санаттары тегін тамақтандырылсын:
Тармақша 1
1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 2
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен
мүгедектер, мүгедек балалар;
Тармақша 3
3) көп балалы отбасылардың балалары;
Тармақша 4
4) жұмыс істейтін толық емес отбасылардың балалары.
Тармақ 2
2. "Лисаков қаласының білім болімі" мемлекеттік мекемесі мектеп
жасына дейінгі балалардың үйымдарында ата-аналарына немесе олардың
орнын ауыстыратын түлғаларға мектеп жасына дейінгі балалардың
ұйымдарында орны бар бір жастан және 6 (7) жасқа дейінгі балаларға "Лисаков
қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің анықтамалары негізінде тегін тамақтандыруға
жолдама берсін.
Тармақ 3
3. "Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" және "Лисаков қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемелері берілген жолдамаларды есепке алсын.
Тармақ 4
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдарының бюджетін қалыптастыру кезінде тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға қаражат бөлсін.
Тармақ 5
5. «Кедейшілік шегінде тұратын отбасылардың, көп балалы отбасылардың және жұмыс істейтін толық емес отбасылардың балалары үшін қаланың мектеп жасына дейінгі балалардың мекемелерінде орындарды ұсыну туралы» Лисаков каласы әкімдігінің 2007 жылғы 3 каңтардагы № 5 қаулысының күші жойылды танылсын (Нормативтік күқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылгы 31 қаңтарда № 9-4-78 болып тіркелген, 2007 жылгы 8 ақпандағы № 8 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.