Әлеуметтік көмек көрсету туралы Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 64-1 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына және Аманкелді аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы "Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" (Аманкелді ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 28 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-66 "Аманкелді арайы" аудандық газетінің 2008 жылғы 7 қаңтардағы 1-2 нөмірінде жарияланған) № 20 шешіміне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек түрлері белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
Тармақша 2
2) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
Тармақша 3
3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 2 есе көлемінде;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 546 теңге көлемінде;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне сыйақы әр адамға 5000 теңге көлемінде;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне коммуналдық қызмет түрінің шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек әр адамға 21636 теңге көлемінде;
Тармақша 7
7) Дербес зейнеткерлерге біржолғы көмек жылына бір рет 30000 теңге көлемінде;
Тармақ 2
2. Осы әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу үшін уәкілетті орган болып "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі уәкілетті орган) белгіленсін.
Тармақ 3
3. Төмендегілер белгіленсін:
Тармақша 1
1) Құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 күн ішінде әлеуметтік көмектің тағайындалуына немесе тағайындалмауына уәкілетті орган шешім шығарады;
Тармақша 2
2) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге арналған әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне, егер бала қайтқан уақытында жұмысқа жарамды әкесі (қорғаншы және қамқоршысы) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс іздеуші ретінде тіркеу де болған жағдайда ғана тағайындалады;
Тармақша 3
3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне (қорғаншы және қамқоршысы) тағайындалады;
Тармақша 4
4) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек, қайтыс болғанға дейінгі жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға тағайындалады;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 546 теңгеден тағайындалып, төленеді;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне сый ақы әр адамға 5000 теңге көлемінде жылына бір рет тағайындалып, төленеді;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерінің 3 түрі:
электр қуаты – ай сайын бір адамға 416 теңгеден жылына 4992 теңге;
салқын су – ай сайын бір адамға 137 теңгеден 1644 теңге;
қысқы отын – көмірдің тоннасы 5000 теңге, 3 тоннасы 15000 теңгеден бір адамға жылына бір рет төленеді;
Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері бойынша керекті қаржы жылына бір адамға барлығы – 21636 теңгені құрайды.
Тармақша 8
8) Дербес зейнеткерлерге біржолғы көмек 30000 теңге көлемінде жылына бір рет тағайындалып, төленеді;
Тармақша 9
9) Әлеуметтік көмектер арызданушының жеке шотына уәкілетті органның берген тізімі бойынша аударылып, төленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмектерді тағайындау үшін уәкілетті орган керекті құжаттардың тізімін бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмектерді қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.