Баянауыл ауданында ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
Баянауыл ауданында ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149-II Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңын еске асыру жөніндегі шаралар туралы № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізу үшін мекемелердің тізбесі және жұмыстардың түрлері бекітілсін (1, 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Селолық округтер мен Майқайын поселкесінің әкімдері, мекеме басшылары (келісім бойынша) жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп қоғамдық жұмыстар бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Селолық округтер мен Майқайын поселкесінің әкімдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы арқылы қоғамдық жұмысқа ең алдымен нысаналы топтарға кіретін адамдарды тартсын.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар үшін төленетін ақы Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген төменгі еңбекақыдан төмен болмауға тиіс.
Тармақ 5
5. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі (Асқарова Т.П.) қоғамдық жұмыстарға көзделген қаржы мөлшерінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды жұмысқа тарту толық емес жұмыс күні немесе жылжымалы кесте бойынша қажетіне қарай жүргізілсін.
Тармақ 7
7. Қаулы баспасөз бетіне жарияланғаннан соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшінде енеді.
Тармақ 8
8. Баянауыл ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 25 қантардағы «Баянауыл ауданында ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» № 09/1 қаулысының күші жойылсін.
Басқа 9. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі
Баянауыл ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «28» қаңтардағы
«Баянауыл ауданында ақылы
қоғамдық жұмысты ұйымдастыру
туралы» № 19/1 қаулысына
1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі
қ/с
1.
Майқайын поселскесі әкімінің аппараты
2.
Баянауыл селолық округінің әкімінің аппараты
3.
Ақсан селолық округінің әкімінің аппараты
4.
Бірлік селолық округінің әкімінің аппараты
5.
Торайғыр селолық округінің әкімінің аппараты
6.
Қызылтау селолық округінің әкімінің аппараты
7.
Қаратомар селолық округінің әкімінің аппараты
8.
Күркелі селолық округінің әкімінің аппараты
9.
Құндыкөл селолық округінің әкімінің аппараты
10.
Сәтпаев селолық округінің әкімінің аппараты
11.
Жаңажол селолық округінің әкімінің аппараты
12.
Жаңатілек селолық округінің әкімінің аппараты
13.
Ұзұнбұлақ селолық округінің әкімінің аппараты
14.
Лекер селолық округінің әкімінің аппараты
15.
Шөптікөл селолық округінің әкімінің аппараты
16.
«Баянтау» газеті редакциясы
17.
«Баянауыл-Бурайы» газеті редакциясы
18.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
19.
Баянауыл аудандық мемлекеттік мұрағат бөлімі
Басқа 10
Баянауыл ауданы әкімдігінің 2008
жылғы «28» қаңтардағы «Баянауыл
ауданында ақылы қоғамдық жұмысты
ұйымдастыру туралы» № 19/1
қаулысына 2-қосымша
Р/с
Қоғамдық жұмыс түрлері
Қатысушылар саны
1.
Аудан көлемінде көғаландыру, көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу
130
2.
Жолдарды салу, жөндеу, су құбырларын, канализациялық және басқа да коммуникацияларды жөндеу .
10
3.
Тұрғын үйлер, әлеуметтік-мәдени маңыздағы объектілер салуға, қайта салуға және ағымдағы жөндеу өткізуге қатысу.
20
4.
Қоғамдық құқықтық тәртіп пен коммуналдық объектілерін кузетуге қатысу
5
5.
Мәдени маңыздағы ауқымды шаралды (спорт жарыстарды, фестивальдар) ұйымдастыруға көмек.
10
6.
Өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық, санағы, қоғамдық пікір саулнамасы) қатысу. Қарулы күштерінің қатарына шақыру мен тіркелім кезінде көмек.
5
7.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге көмек. Жастармен жұмыс жүргізу
Бірінші топтағы мүгедектерге көмек.
15
8.
Мұрағат құжаттармен жұмыс, баспа өнімдерін таратуға көмек, курьерлік жұмыс.
5