О государственных закупках работ и услуг Күшін жойған
Басқа 0
Жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының
02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы желтоқсанның 10-ындағы №1268 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес, шешім етемін;
Тармақ 1
1. Ықтимал жеткізіп берушілерге конкурстық сұраныстарды дайындау және тауар сатып алу бойынша ашық конкурсты жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (қоса тіркеліп отыр).
Тармақ 2
2. Конкурстық құжаттама пакетін және конкурстық өнімді сатудан түскен қаражаттың түсірілімі мен жұмсалуын есепке алу жөніндегі орган - ‘ ‘Маңғыстауқұрлысинвест’ ’ Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып белгіленсін.
“Маңғыстауқұрылысинвет” Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Ш. Ақкенжеев) түсірілген қаражатты сметаға сәйкес мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасвпыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (С. Шаметова) жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын орындалған жұмыстар көлемін сметалық жұмсалатын қаражат шегінде уақытылы қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. “Маңуыстауқұрылысинвест' мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Ш. Ақкенжеев) конкурстық құжаттарда қарастырылған мезгілдерде, жергілікті бюджет қаржысы есебінен алынатын тауарларды жеткізіп беруші конкурстың жеңімпаздарымен шартқа уақытылы отыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М. Бортникке жүктелсін.