О порядке получения гражданами разрешения на снос недвижимости на земельных участках, принадлежащих им на праве собственности Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың өзіне тиесілі меншік құқығындағы жер учаскелерінде жылжымайтын мүлігін бұзуға рұқсат алу тәртібі
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Соңғы кезде облыста көптеген себептерге байланысты халықтың Алматы облысының шет аудандарынан Алматы маңына көптеп көшіп келуі байқалады. Халық тұрғын үйлерін бұзып алып, қоқысқа толы жер учаскелерін қалдырып кетіп жатыр, сөйтіп елді мекеннің санитарлық-экологиялық жағдайына, жобасы мен сәулеттік көрінісіне нұқсан келтіруде.
Осыған байланысты және 1993 жылғы 22 қазандағы N 3200 "Қазақстан Республикасындағы архитектура және қала салу туралы" Заңды (6-тарау, 37-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы "Жер туралы" Жарлығын (29-бап, 2-тармақ және 116-бап, 4-ші тармақ), және 1994 жылғы 3 қарашадағы "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" Заңды (6-бап, 14-бап) атқаруда облыс әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. Жеке тұрғын үй және жер учаскелерінің иелері жылжымайтын мүлігін бұзуға жергілікті сәулет органдарынан рұқсат алатын, өзіне тиісті аумақтық жоспарын және жердің құнарлы қабатын тегістеуді қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 2
2. Тиісті органдарда жеке тұлғалардың жер учаскелерге меншік құқығынан бас тартуы рәсімделсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына дербес жауапкершілік аудандардың, аудандық бағыныстағы қалалардың, селолық округтердің әкімдеріне және сәулетшілерге жүктелсін.