О внесении дополнения и изменения в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 21, 265-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат; N 39, 429-құжат; 2007 ж., N 43, 499-құжат): аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, оның орынбасарлары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы";
Тармақша 2. "А санаттарының тобы
2) "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501 Жарлығына : аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде: "А санаттарының тобы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сектор меңгерушісі Инспектор, консультант Сарапшы Референт".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.