Об установлении ограничительных мероприятий, ликвидации и профилактике заболевания бруцеллеза крупного рогатого скота в селе Сосновка Қолданыста
Басқа 0
Сосновка селосында ірі қара малдың бруцеллез ауруының шектеу шараларын белгілеу, жою және алдын алу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармагы 18) тармақшасына сәйкес, адамдардың және ауыл шаруашылық жануарларының бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынысына сәйкес, Новоселов селолық округінің Сосновка селосында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Сосновка селосында ірі қара малдың бруцеллез ауруының алдын алу бойынша шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Жігітовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.