Қолданыстағы ред. 21.12.2007

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы от 21.12.2007 г. № 287 (Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы)

0

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 3,13,14 тармақшаларын басшылыққа ала отырып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды реттеу мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Х.Маштахов) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына сәйкес жүргізу міндеттелсін.

2

2. Қосымшаларға сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері (1 қосымша), қоғамдық жұмыстарды беруші ұйымдардың тізбесін (2 қосымша), қоғамдық жұмыстың нақты шарттары (3 қосымша), ақылы қоғамдық жұмыста жүрген бір жұмыссыз адамның еңбек ақысының есебі (4 қосымша) бекітілсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Меңдігеревке жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

Аудан әкімиятының 2007 жылғы
«21» желтоқсандағы №287
қаулысына 1 қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері

Жұмыс түрлерінің атауы
Ең төмен жалақы есебімен алғандағы жұмыссыздардың еңбекақысы
1
Құрылыс және жол жөндеу, су, газ, құбырларына жөндеуге қатысу
2
Құрылысқа қатысу және тұрғын үй, әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді күрделі жөндеуден өткізуге қатысу
3
Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту)
4
Тұрғын үй шаруашылықтарына қаланы, елді мекендерді, өндірістік мекемелерді жинап, тазалық жұмыстарына көмектесі
5
Суару жұмыстары
6
Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді және қорықтарды қалпына келтіру
7
Мәдени шараларды өткізуге көмектесу (спорттық жарыстар)
8
Республикалық және аймақтық санақ жұмыстарына қатысу
9
Қысқа маусымдық жұмыстар: малды семірту, өсіру, шөп дайындау, құс өсіруге қатысу
10
Тағы басқа жұмыс түрлері, соның ішінде:
1. Мәдени қызметкерлер
2. Агенттер
3. Шабармандық жұмыстар
4. Электронды есептегіш машинасының операторы
5. Еден жуушылар
6. Іс жүргізуші
7. Газ таратушылар
8. Әскери комиссариатта санақ жүргізу жұмыстары
11
Арнайы педагогикалық білімі бар жұмыссыздарға арналған:
1. мектепте оқушы балаларға арналған қолөнер, би-ән, домбыра үйірмелерін ұйымдастыру
2. кітапханада ескі кітаптарға өңдеу жүргізу
3. оқушы балаларға кітапханада жұмыс жасауға үйрету
4. гардеробта киім күту
5. сбағасы нашар балалармен жұмыс жасауға
6. мектеп жанынан ұзартылған топ ұйымдастыру
7. бала-бақшасындағы тәрбиешіге көмектесу
12
Медициналық білімі бар жұмыссыздарды арналған:
1. Денсаулығына байланысты есепте тұрған азаматтарға, әсіресе жалғызбасты қарт адамдардың денсаулығына қадағалау жүргізу
2. Емхана жанындағы учаскелік мейірбике көмек көрсету, маусымдық инфекциялық аурулардың өршіген кезінде (тұмау, іш ауру, сүзек, т.б.) үй-үйді аралап, медициналық көмектер көрсету, аурудан сақтанудың профилактикалық ақпараттық жұмыстарын жүргізу
3. Ауруханаларда санитарлық жұмыстарға қатысу Ауданнан алыста тұратын елді мекендерге медициналық бөлім жанынан үйден егу, дәрі беру.
13
Селолық округтарда жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. Санақ жұмыстары, мал санағын жүргізу, профилактикалық инфекциялық мал ауруларына қарсы егу жұмыстары
2. Жалғызбасты карттарға отын түсіру, мал азығын дайындауға көмектесу, шөп шабу
3. Селолық пошта бөлімшесіне көмек
4. Тас басу
5. Учаскелік комиссиялардың мүшелеріне қосымша адамдар қосып, жұмысын жандандыру
6. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу.

6

Аудан әкімиятының 2007 жылғы
«21» желтоқсанда №287
қаулысына 2 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды беруші ұйымдардың тізбесі

1

1. Индербор поселкелік округі әкімінің аппараты

2

2. Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты

3

3. Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты

4

4. Көктоғай селолық округі әкімінің аппараты

5

5. Өрлік селолық округі әкімінің аппараты

6

6. Есбол селолық округі әкімінің аппараты

7

7. Елтай селолық округі әкімінің аппараты

8

8. «Индер-водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

9

9. Аудан әкімінің аппараты

10

10. Аудандық маслихат аппараты

11

11. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімі

12

12. М.Әуезов атындағы орта мектеп

13

13. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

14

14. С.Сейфуллин атындағы орта мектеп

15

15. «Көктем» қазақ орта мектебі

16

16. Аудандық қаржы бөлімі

17

17. Тілек білдірген жұмыс беруші шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, басқа да ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер

24

Аудан әкімиятының 2007 жылғы
«21» желтоқсандағы №287
қаулысына 3 қосымша
Қоғамдық жұмыстың нақты шарттары

1

1. Аудандық уәкілетті орган жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді. Округ әкімдері жергілікті жердің қажеттілігін ескере отырып қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайды.

2

2. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті округ әкімдері ұйымдастырады.

3

3. Аудандық бөлім жұмыс берушілермен бір айдан, үш және алты айға дейін мерзімге қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға келісім шарт жасасады. Кейбір жағдайларда жұмыссыздың әлеуметтік жағдайын ескере отырып бір жылға дейін ұзартуға болады.

4

4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады.

5

5. Қоғамдық жұмыс тек қана жұмыссыздарға арналады. Жұмыс орнының саны іс жүзінде шектелмейді және жұмыс уақытша сипатта болады, оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды.

6

6. Қоғамдық жұмыстарды өзінің жеке қаражаты есебінен өзінде ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер жергілікті округ әкімдеріне өтінім береді.

7

7. Жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда көрсетілген ең төмен еңбекақының 1,0 еселенген мөлшерінде белгіленеді.

8

8. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады және аудандық бөлімінің тапсырысына сәйкес жұмыссыздың жеке дербес шотына аударылады.

9

9. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.

10

10. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздар арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.

11

11. Ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастырып отырған кәсіпорын, мекеме, тағы басқалар аудандық бөлімге әр айдың 25 дейін белгіленген заңнама тәртібінде есеп береді, жұмыс жасаған уақытында табель тапсырады.

12

12. Аудандық бөлім қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алады.

13

13. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсәз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздармен жеке шарт сол бойда бұзылып, аудандық бөлімге жазбаша түрде 2 күн ішінде хабарланады.

14

14. Ұсынылған жұмыстан дәлелсіз себептермен бас тартқан немесе өз бетінше тоқтатқан жұмыссыз азамат есепке алынбайды және 6 айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.

15

15. Ұсынылған ақылы қоғамдық жұмыстан дәлелсіз себептермен жұмыссыз азамат бас тартқан жағдайда, жұмыссыз статусынан айырылады.

16

16. Ақылы қоғамдық жұмыста жүрген азаматқа жұмыс беруші өз құжаттары есебінен қосымша ақы төлей алады.

17

17. Жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыз азаматтар, егер жұмыс беруші жұмыссыз азаматқа жеке келісім-шарт негізінде қосымша айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен төмен емес еңбекақы төлесе, жіберіле алады.

18

18. Ақылы қоғамдық жұмысқа материалдық жауапкершілігі бар жұмыстар жатпайды.

19

19. Жұмыс берушідегі ақылы қоғамдық жұмыстың ұйымдастырылуын және бөлінген қаражаттың тиімді пайдалануын тексеріп тұруға құқылы.

20

20. Жұмыс беруші ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыз азаматты жолдамасында көрсетілген жұмыс түрінен басқа жұмысқа пайдалануға құқысыз.

45

Аудан әкімиятының 2007 жылғы
«21» желтоқсандағы №287
қаулысына 4 қосымша
Қоғамдық ақылы жұмыста жүрген бір жұмыссыз адамның еңбекақысының есебі

Жалақы мөлшері
Есептелген еңбек ақы мөлшері
әлеуеттік салығы
әлеуметтік төлем
Соның ішінде
Қолға тиісілі еңбек ақы
Есептелген еңбек ақы мөлшері
3 гр-4 гр
ЖЗК жарнасы 10% 5 гр дан
Табыс салығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1,0
9752
231
9752