Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.