Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысының басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеудің стандарты;
Тармақша 2
2) бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу стандарты;
Тармақша 3
3) бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. осы қаулы алғаш ресми жариланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткең соң қолданысқа енгізіледі.