Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 және 30 баптарын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйыдардың (меншік түріне қарамастан) тізбесі;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарының түрлері және оларға қатысушылардың еңдегіне төленетін ақының мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жылыой ауданы қаржы бөлімі (Ж. Дюсупова) бюджетте қаралған қаражат есебінен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Жылыой аудандық әкімиятының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 456 «2007 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Жылыой ауданының Әділет басқармасында 2006 жылғы 25 желтоқсанда № 4-2-61 мемлекеттік тіркеу санымен тіркелген, «Қең Жылыой» газетінде 2007 жылы 20 қаңтарда № 3 санында жарияланған) қаулысының;
Тармақша 2
2) Жылыой аудандық әкімиятының 2007 жылғы 2 ақпандағы № 36 «Жылыой аудандық әкімиятының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 456 «2007 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер еңгізу туралы» қаулысының (Жылыой ауданының Әділет басқармасында 2007 жылы 2 наурызда № 4-2-64 мемлекеттік тіркеу санымен тіркелген, «Кең Жылыой» газетінде 2007 жылы 17 наурызда № 11 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жариланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.