Мақаш ауылдық округіндегі «Шыныбек» ауылының аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақаш ауылдық округіндегі «Шыныбек» ауылының аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-II «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігіні, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аймақтық инспекциясының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №289 ұсынысы негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №149 сараптамасы бойынша Мақаш ауылдық округінің «Шыныбек» елді мекенінде өлген бір бас мүйізді ірі қара (сиыр) құтыру ауруына оң реакция беруіне байланысты «Шыныбек» елді мекеніне шектеу іс-шаралары жариялансын.
Тармақ 2
2. Мақаш ауылдық округінің «Шыныбек» елді мекеніне шектеу іс-шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мақаш ауылдық округ әкімі Қ.Нұрлыбаевқа Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аймақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиевқа (келісім бойынша), аудан емханасының бас дәрігері А.Жанкуловқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө.Сарбасовқа (келісім бойынша), іс-шарадағы көрсетілген шараларды орындауға қамтамасыз етуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалысын апта сайын аудандық ауылшаруашылық бөліміне тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң, Заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары, әкімият мүшесі Қ.Садыховқа жүктелсін. Келісілді: Аудан емханасының бас дәрігері Жанкулов А Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Сарбасов Ө Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Сәлімғалиев С
Басқа 7
Аудан әкімиятының 2007 жылғы «29» желтоқсандағы №555 қаулысына қосымша Мақаш ауылдық округі бойынша жұқпалы ауруының тарап кетуін болдырмауы іс-шаралары Рет саны Атқарылатын шаралардың мазмұны Орындау мерзімі Орындалуына жауапты адамдар 1 Құтыру ауруы белгісі білінген малдарды, хайуандарды өртеп көмдіру, орнын залалсыздандыру, тексеру үшін зертханаға материалдарды жіберуді ұйымдастыру тұрақты Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аймақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев 2 Ауырған малмен қатынасы бар адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру тұрақты Аудандық емхананың бас дәрігері А.Жанкулов 3 Елді мекендердегі жеке қожалықтардың малдарын, ит, мысықтарын құтыру ауруына қарсы егістен өткізуді ұйымдастыру тұрақты Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аймақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев 4 Бірлескен түрде, ауру ошағынан мал және мал өнімдерін шығаруға қатаң тыйым салу тұрақты Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аймақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев,аудандық ішкі істер бөлімі Ө.Сарбасов, округ әкімі Қ.Нұрлыбаев