Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-I «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының талаптары және аудан әкімиятының 2007 жылғы 10 желтоқсандағы №458 қаулысының ұсынысы негізінде аудандқ мәслихаттың ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №344-XXXYII «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы» (аудандық Әділет басқармасында 2007 жылы 19 сәуірде №4-8-76 мемлекеттік тіркелген, «Серпер» үнжариясында 2007 жылы 28 сәуірдегі 17 нөмірінде жарияланған) және 2007 жылғы 23 қазандағы №27-II «Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №344-XXXYII «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы» (аудандық Әділет басқармасында 2007 жылы 19 сәуірде №4-8-76 мемлекеттік тіркелген, «Серпер» үнжариясында 2007 жылы 28 сәуірдегі 17 нөмірінде жарияланған) шешіміне ішінара өзгерістер енгізу туралы (аудандық Әділет басқармасында 2007 жылы 23 қарашада №4-8-90 мемлекеттік тіркелген, аудандық «Серпер» үнжариясында 2007 жылы 8 желтоқсанда 50 нөмірінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау әлеуметтік сала, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Р.Габдушева) жүктелсін.
Басқа 5
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №36-III шешімімен бекітілген қосымша Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету ТӘРТІБІ
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына сәйкес аудандағы жан басына шаққанда жиындық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен, аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға, оған көрсетілетін коммуналдық қызметке (сумен, жылумен, электрмен, газбен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару), сондай-ақ телефон желісінің абоненті болып табылатын адамдарға абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметіне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) көрсетуді реттейді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегінің негізгі мақсаты халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар қаржылық қолдау көрсету болып табылады. Тұрғын үй көмегі елді мекенде тұрақты тұратын жайдың меншік иесіне немесе сол тұрғын жайда азаматтарды тіркеу кітабында есепте бар азаматтарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй алаңынаң нормасы шегінде, бірақ өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нақты алып отырған жалпы алаңнан артық болмағанда, коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындар отбасының жиынтық табысының 10 пайызынан асқан жағдайда беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тоқсан ішінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй көлемінің нормасы және тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының нормативтері шегіндегі, бірақ нақты пайдаланып отырған жалпы көлемнен және тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару т.б.) шығындары нормативтерінен артық емес тоқсандағы шығындары отбасының сол тоқсандағы осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалы үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленеді. Көмек мөлшері үй иесінің (жалға алушынң) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты (немесе есептелген) төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалы шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі. Белгіленген нормадан тыс коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем үй иесімен жалпыға бірдей негізде төленеді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегін жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат шегінде «Құрманғазы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) тағайындайды.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанның ішінде өтініш жасау және тиісті құжаттарды жинақтау негізінде өткен тоқсанға тағайындалып төленеді.
Тармақ 6
6. Есепке алынатын тұрғын үй ұстау шығындарының мөлшері, коммуналдық қызметтер пайдалану нормалары коммуналдық қызмет көрсететін мекемелермен белгіленеді.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
Тармақ 7
7. Адам (бұдан әрі-өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан ауылдық, селолық округ әкімдеріне өтініш жолдайды. Өтінішке өткен тоқсандағы төмендегі құжаттар жалғанады:
Тармақша 1
1) еңбекақы туралы мәлімет;
Тармақша 2
2) шәкіртақы, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы, алимент мөлшері туралы анықтама;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстар туралы анықтама;
Тармақша 4
4) өзін-өзі жұмыспен қамтығанда табысын растайтын қол хаты;
Тармақша 5
5) жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөнінде анықтама;
Тармақша 6
6) жеке меншігіндегі немесе жалдауындағы тұрғын үйді (пәтерді) растайтын құжат;
Тармақша 7
7) Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну үшін төлеген ақшаның түбіртектері Телекоммуникация желісінің абоненті болып табылатын үміткер оны растайтын анықтаманы жылға бір рет тапсырады. Арыз беруші қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 8
8. Округ әкімі өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссия қорытындысын қоса уәкілетті орган-аудандық бөлімге жібереді.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз бен қорытынды түскен күннен бастап 10 күн мерзім ішінде қарайды және тұрғын үй көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тұрғын үй көмегінен бас тартылған жағдайда өтініш иесіне тұрғын үй көмегінен бас тарту себебі көрсетілген уәкілетті органның шешімінің көшірмесі беріледі, ал тапсырылған құжаттар істе тігіліп қалады. Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қате мәліметтер беру салдарынан тұрғын үй көмегі артық немесе заңсыз тағайындалған жағдайда меншік иесі (жалға алушылар) заңсыздықтар анықталған тоқсаннан бастап төрт тоқсан бойы тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады және заңсыз алынған сомалар өз еркімен болмаған жағдайдасот арқылы қайтарылуға жатады.
Тармақ 10
10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасы:
Тармақша 1
1) Отбасы құрамында екі және одан көп адамды бар екі және одан көп бөлмелі тұрғын үйде тұратын отбасылары үшін тұрғын үй заңдылығымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тиісті тұрғын үй нормасына сәйкес, яғни әр адамға 18 шаршы метр, бірақ нақты пайдаланып отыратын аумақтан аспайтын болуы керек;
Тармақша 2
2) Бір бөлмелі пәтерде тұратын отбасылары (азаматтар) үшін тұрғын үйдің нақты пайдаланып отырған аумағы.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегін есептегенде электр энергиясын пайдалану, қатты отын және телефон желісін (1 айға) пайдалану мөлшерін белгілеу:
Тармақша 1
1) жалғыз басты адамдар үшін 100 квт/сағ;
Тармақша 2
2) құрамы екі адамнан жоғары отбасыларына 300 квт/сағ;
Тармақша 3
3) қатты отын (көмір) пешпен жағылатын үйге 1 тонна (6600 теңге) көлемінде;
Тармақша 4
4) аудандық телекоммуникация желісінің абоненті болып табылу фактісін растайтын құжат;
Тармақ 12
12. Орталық су, газ желілеріне қосылмаған құдық, газ балон пайдаланушы жеке тұрғын үйде тұратын аз қамтылған отбасы үшін бір айға ауыз су мөлшері 800 теңге, газ балон 500 теңге болып белгіленеді.
Тармақ 13
13. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйді жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Егер отбасында күтуді қажет етеді деп танылған адамды (мүгедек, 80 жастан асқан қария) күтумен немесе 12 жасқа дейінгі 2 және одан да көп баланы тәрбиелеумен айналысатын аналардан және өзін-өзі қамтитын санаттағылардың басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және уәкілетті органдар жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, ондай отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы болмайды.
Тармақ 14
14. Егер бір үйді бірнеше отбасы жалға алып отырған жағдайда және олар аз қамтылған отбасы санатына жататын болса, олардың әр қайсысының тұрғын үй көмегі нақты пайдаланып отырған тұрғын алаңдарына байланысты төленетін болады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегі арыз берушілердің жеке есеп шоттарына аудару жолымен төмендегідей тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін есептеу есебі жасақталып оның бір данасы меншік иесінде (үй жалдаушыда) сақталады.
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган берілген мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табыстары туралы мәліметті сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәліметтерді беруге міндетті.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегі мөлшерінің немесе алу құқығының өзгеруіне негіз болатын кез келген өзгерістер (тұрғын үй меншігі формасының, отбасы құрамының т.с.с), сондай-ақ тұрғын үй көмегі қате тағайындалған жағдайлар туралы уәкілетті органға 10 күн ішінде хабарлауға міндетті.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім заңнамамен белгіленген тәртіпте шағым беруге жатады.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз барлық тіркелген құжаттармен бірге, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім мен хаттама, немесе шешім мен көшірме алушының жеке ісінде сақталады.
Тарау 3. 3. Отбасының жиынтық табысын есептеу
3. Отбасының жиынтық табысын есептеу
Тармақ 20
20. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысы уәкілетті органмен есептеледі.
Тармақ 21
21. Жиынтық табысты есептеген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде нақты алынған ақшалай және заттай табыстарының барлық түрлері, (атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және балалар жәрдемақысынан басқа) есептеледі.
Тармақ 22
22. Жиынтық табыс арыз берушінің алған табыстары жөнінде берген мәліметтері негізінде есептеледі.
Тармақ 23
23. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамы туралы анықтамада көрсетілген еңбекке жарамды барлық тұлғалардың тоқсан ішіндегі табыстарын қосу жолымен есептеледі.
Тармақ 24
24. Бір тоқсаннан артық мерзімге төленуге тиісті біржолғы табыс алған жағдайда, ол алған айлар санына бөлініп үш айға көбейтілген табыс сомасы мөлшерінде жиынтық табысқа есептеледі.
Тармақ 25
25. Шетел волютасымен алынған табыстар тұрғын үй көмегін тағайындауға отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің анықтаған курсы бойынша есептеледі.
Тармақ 26
26. Жиынтық табысты есептеудің басқа тетіктері атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен анықталады.
Тармақ 27
27. Арыз беруші беріп отырған табыстар туралы мәліметтердің дұрыстығына заңнамамен белгіленген тәртіпте жауап береді.
Тарау 4. 4. Қаржыландыру және төлеу
4. Қаржыландыру және төлеу
Тармақ 28
28. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджетте осы мақсатқа сәйкесті жылға қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы көлемін анықтап, аудандық қаржы бөліміне әр айдың 5-не дейін сұраныс береді. Аудандық қаржы бөлімі түскен сұранысқа сәйкес тиісті қаржыны уәкілетті органның есеп шотына аударды.
Тармақ 29
29. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін үш күн ішінде пошта байланысы торабының шотына тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы сомасын, сондай-ақ осы тұрғын үй көмегіне қаралған қаржының есебінен екі арадағы агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйлықтарды аударады.
Тармақ 30
30. Тұрғын үй көмегін төлеу аудандық пошта байланысы торабымен уәкілетті орган берген алушылар тізімі негізінде жеке басын куәландыратын құжатын көрсету арқылы төленеді.
Тарау 5. 5. Есеп жүргізу және есеп беру
5. Есеп жүргізу және есеп беру 31.Тұрғын үй көмегі бойынша есеп жүргізу, бақылау және есеп беру уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Уәкілетті орган әр тоқсанның бірінші айының 10-шы жұлдызына дейін пошта байланысы торабымен өткен тоқсанда төленген сомалар бойынша салыстыру актілерін жасайды. Салыстыру актілерінің негізінде белгіленген нысанда аудандық қаржы бөліміне және жоғары тұрғын органдарға көрсетілген тұрғын үй көмегі жөнінде есеп береді.
Тармақ 33
33. Тұрғын үй көмегін төлеу үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалу сондай-ақ уақтылы төленуін бақылау уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Тұрғын үй көмегі негізсіз төленген жағдайда оған жол берген лауазым иесі заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.