Киевка кенті көшелерінің аттарын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Киевка кенті көшелерінің аттарын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып және Киевка кентінің Ленин, Киров, Пржевал, Скалозубов көшелерінің тұрғындары атынан ұсынылған көшелерінің атын өзгерту туралы өтінулеріне қарап:
Тармақ 1
1. Киевка кентінің келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
Тармақша 2
2) Киров көшесі Жамбыл көшесіне;
Тармақша 3
3) Пржевал көшесі Ш. Уалиханов көшесіне;
Тармақша 4
4) Скалозубов көшесі Жолдекей Нұрмағанбетұлы көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.