Ақжайық селолық округінде құтыру ауруына қарсы шектеу қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Ақжайық селолық округінде
құтыру ауруына қарсы шектеу
қою туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының -9 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылығы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының 1-тармағының 18-тармақшасына және аудандық аумақтық инспекциясының 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 12 қатынас қағазына сәйкес, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сарытоғай селолық округінің тұрғындарына 2008 жылдың 9 қаңтарында шабуыл жасаған қасқырдың облыстық ветеринариялық зертханасының 10 қаңтар 2008 жылғы № 2 экспертизі қортындысымен құтыру ауруына оң реакция беруіне байланысты Сарытоғай селолық округі аумағы таза емес деп жарияланып шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Сарытоғай селолық огругінде құтырма ауруының алдын-алу, болдырмау, таратпау және ауру ошағын жою мақсатында Сарытоғай селолық округінің әкіміне, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне төмендегі шараларды іске асыру тапсырылып, аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) құтырма ауруы шығыуна байланысты шектеу қою, басқа жаққа ауыл шаруашылық жануарлары мен үй хайуанаттарын шығармау, басқа жерден келтірмеу;
Тармақша 2
2) клиникалық белгісі бойынша дені сау ауыл шаруашылық жануарлары мен үй хайуанаттарын құтырма ауруына қарсы егу және егілген ауыл шаруашылық жануарлары мен үй хайуанаттарын бақылауға алуды ұйымдастыру, жойылған ит-мысықтардың өлекселерін өртеп, қалдығын өлексе салатын қорымға салып жою;
Тармақша 3
3) құтырма ауруына қатынастағы күдікті қора-жайлар мен қолданылған құрал-саймандарды ветеринариялық нұсқаулар мен талаптарға сай залалсыздандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) село тұрғындарының ит-мысықтарының есебін нақтылап, міндетті байлауда ұстау, ауруға қасы егуді ұйымдастыру, жануарларды құжаттандыру;
Тармақша 5
5) селолық округтегі иесіз, босқын, бұралқы ит-мысықтарды жою шараларын ұйымдастыру.
Тармақ 3
3. Махамбет аудандық емхананын бас дәрігеріне (келісім бойынша) аудандық аумақтық инспекциясының мамандарымен (келісім бойынша) бірлесіп, төмендегі шараларды іске асыру ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шектеу қойылған селолық округтегі құтырма ауруына күдікті қатынаста болған село тұрғындарының жанұя мүшелерін дәрігерлік бақылаудан өткізу, тиісті алдыналу шараларын, құтыру ауруына қарсы егу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) село тұрғындары арасында құтырма ауруының қаупі және алдын-алу, сақтық шаралары туралы түсінік жұмыстарын, әңгіме, лекция өткізу, бетшелер шығаруды ұйымдастыру.
Тармақ 4
4. Ауданның барлық селолық округтерінде жабайы аңдарды, жою жөнінде бригадалар ұйымдастырып, жою шараларын алу селолық округ әкімдеріне, аудандық ауылшаруашылығы бөліміне тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Көрсетілген шаралардың толықтай жүзеге асуын қадағалау, заңға сәйкес фактілер бойынша жауапкершілікті талап ету аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аталған шараларға қойылған шектеу, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 376 және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитарлық ережелерді бекіту туралы» бірлескен бұйрықтарымен бекітілген ережеге сәйкес құтырма ауруымен ауырған (жойылған) соңғы жағдай күнінен бастап 60 күн өткеннен кейін бақылаудан түсірілсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Шотпақовқа жүктелсін
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қаулы ескертулерсіз келісілді:
Аудандық аумақтық инспекциясының
бастығы Д. Рысқалиев
21.05.2007ж.
Аудандық санитарлық эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
А. Искакова 21.05.2007 ж.
Аудандық емхананың бас
дәрігері А. Жұмыров
22.05.2007 ж.
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы Р. Мырзабаев 22.05.2007 ж.