Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача справок безработным гражданам» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру туралы» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы «Әкімшілік процедуралары туралы» Заңының 9-1 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсету Үлгілік стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру туралы» мемлекеттік қызметінің стандартын бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми басылған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру туралы»
Мағжан Жүмабаев ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 желтоқсан № 439 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру туралы»
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Берілген стандарт «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру туралы» мемлекеттік қызметінің көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: жартылай автоматтандырылған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңының 8 бабының 1 тармағының 8 тармақшасының негізінде көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі, мекен жайы: Булаев қаласы, Киреев көшесі 15.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу формасы: хабарландыру.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет: жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтарға көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін: 15 күнтізбелік күн;
Тармақша 2
2) Қажетті кұжаттарды тапсыру үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 15 минут;
Тармақша 3
3) Құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 15 минут.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін мемелекеттік қызмет тегін.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және қол жетімдігі талаптары туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орындары: «Вести» аудандық газеті, «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің холлындағы қабырға газеті.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызмет: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00.-ден 18.00.-дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-дейін алдын ала жазу жедел көмек көрсету жоқ.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсететін орын: «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева15, №3 кабинет, үлгілер ұсынылған, ақпараттық қор, ғимарат фойесінде күтуге арналған кресло бар, өрт қауіпсіздігі сақталған.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет Департамент Мағжан Жұмабаев ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен берілетін жеке куәлік, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Юбилейная көшесі 4, телефон 20114. Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-дейін.
Тармақша 2
2) Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматының қоныстану ықтиярхаты бар және азаматтығы жоқ ішкі істер органдарындағы тіркелуі туралы Мағжан Жұмабаев ауданының Ішкі істер бөлімімі береді, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі 48, телефон 21480.
Тармақша 3
3) Оралмандарға Солтүстік Қазақстан облысының көші қон басқармасымен берілетін, оралман куәлігі, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мира көшесі 139, телефон 313706. Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден жұмаға дейін басқармасы береді сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-дейін.
Тармақша 4
4) Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік мекемесімен берілетін өтініш бланкісі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі 15, 3 кабинет, телефон 21768 Жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00.-тен 14.00-дейін.
Тармақша 5
5) Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік мекемесімен берілетін анықтама шаблоны. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі 15, 3 кабинет, телефон 21992. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00-дейін.
Тармақша 6
6) Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік мекемесімен берілетін бас тарту туралы хабарлама нысаны.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруды қажет ететін бланктерді беретін орын: «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев 15, № 3 кабинет, телефон 22045.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған бланк және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайы және кабинет нөмірі «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева15 көшесі, № 3 кабинет, телефон 22045.
Тармақ 15
15. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын, тұтынушы мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген құжат нысаны мен атауы: талон.
Тармақ 16
16. Қызмет көрсету нәтижелерін жеткізу әдістері мен регламенттерінің толық тізбесі: пошта «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келу, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі 15, № 3 кабинет.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуді уақытша тоқтату немесе қызмет көрсетуден бас тартудың негізі:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген.
Тармақша 2
2) осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттардың толық болмауы болып табылады.
Тарау 3. 3. Жұмыс принціптері
3. Жұмыс принціптері
Тармақ 18
18. Қызметтерді алатын тұтынушыға қатысты, мемлекеттік орган басшылыққа алатын жұмыс принципі:
Тармақша 1
1) жұмыссыз азаматтарға анықтама беру тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
Тармақша 2
2) тұтынушы құжаттарының мазмұны жөніндегі ақпараттың құпиялығын сақтау, белгіленген мерзімде алынбаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) бөлім мамандарының сыпайлығы, жауапкершілігі және кәсіптілігі.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижесі
4. Жұмыс нәтижесі
Тармақ 19
19. Тұтынушыға көрсетілген мемлекеттік қызмет қорытындысы осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалық көрсеткіші және қол жетімдігі бойынша өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызметтердің, сапа және қолайлық көрсеткіштерінің мақсаттық мағыналары бойынша бағаланатын мемлекеттік органның мекеменің немесе басқа да субъектілердің мемлекеттік қызмет көрсетушілердің жұмысы жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.
Тарау 5. 5. Шагым беру тәртібі
5. Шагым беру тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттігінің (әрекетсіздігінің) шағым беру тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесу «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен жүргізіледі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Киреев көшесі, 15 №1 кабинет ro_gumab@mail.online.kz телефон 22204.
Тармақ 22
22. Шағым беріледі: Мағжан Жұмабаев аудан әкіміне, Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі 56, телефон 21557. Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібі ретінде шешіледі.
Тармақ 23
23. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолына беріледі. Қабылданған шағым аудан азаматтардың өтініштерін тіркеу журналдарына тіркеліп, түскен уақыттан бастап 15 күн ішінде қаралады. Шағымды қарау нәтижесі өтініш берушіге жазбаша түрде немесе қолына беріледі.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеме немесе өзге субъектінің басшысының, оның орынбасарлары мен жоғарғы ұйымдардың байланыс мәліметтері. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі, 15 электронды поштаның мекен жайы: ro_gumab@mail.online.kz телефон 22204. Бастық орынбасары – телефон 21992. Тұрғын үй жәрдемін белгілеу бойынша бас маман – телефон 22045. Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаменті, Абай көшесі, 64. Әлеуметтік нормативтер және жәрдем бөлімі, телефон – 467351.
Тармақ 25. Кесте. Сапалық және қол жетімділік көрсеткішінің мәні
25. Тұтынушыға арналған басқа да пайдалы ақпарат: «Солтүстік Қазақстан облысының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі 64, телефон 465048, 213 кабинет. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру туралы» Стандартына қосымша Кесте. Сапалық және қол жетімділік көрсеткішінің мәні Сапалық және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Келесі жылда көрсеткіштің мақсаттық мәні Есепті жылда көрсеткіштің ағымдық мәні 1 2 3 4 1. Уақтылы 1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайының пайызы (үлесі) 100 100 100 1.2.қызметті алу үшін 40 минуттан аса кезекте тосқан тұтынушылардың пайызы (үлесі) 2. Сапасы 2.1. көрсетілген қызмет сапасымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 2.2. лауазымды тұлға құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдай пайызы (үлесі) (жүргізілген тағайындаулар, есептер және т.б) 100 100 100 3. Қол жетімділігі 3.1. қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратпен және сапасымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 3.2. тұтынушы дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырылған құжаттар пайызы (үлесі) 100 100 100 3.3. Интернет арқылы қол жетімді ақпарат қызметінің пайызы (үлесі) 4. Шағымдану процесі 4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санынан алғанда негізделген шағымдарының үлесі 100 100 100 4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдар пайызы (үлесі) 100 100 100 4.3. шағымдану тәртібі бойынша қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 4.4. шағымдану мерзімдерімен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 5. Сыпайылық 5.1. Персоналдың сыпайылығымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы 100 100 100 Көрсеткіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарының көрсеткіштерін белгілеу бойынша модельді әдістемелік ұсыныстарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz)