Об утверждении стандарта государственной услуги «Оформление документов для материального обеспечение детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому» Күшін жойған
Басқа 0
«Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжатарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы «Әкімшілік процедуралары туралы» Заңының 9-1 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсету Үлгілік стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжатарды ресімдеу» мемлекеттік қызметінің стандартын бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми басылған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
«Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжатарды ресімдеу»
Мағжан Жүмабаев ауданы
әкімдігінің
2007 жылғы 19 желтоқсан
№ 440 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
«Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжатарды ресімдеу»
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Берілген стандарт «Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжатарды ресімдеу» мемлекеттік қызметінің көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: жартылай автоматтандырылған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-ІІІ «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік корғау туралы» Заңының 29 бабының 6 тармағының негізінде көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі, мекен жайы: Булаев қаласы, Киреев көшесі 15.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу формасы: хабарлама.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет: үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек-баланың ата-анасының біреуіне немесе оның заңды өкіліне көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін: 15 күнтізбелік күн;
Тармақша 2
2) Қажетті кұжаттарды тапсыру үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 15 минут;
Тармақша 3
3) Құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 15 минут.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін мемелекеттік қызмет тегін.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және қол жетімдігі талаптары туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орындары: «Вести» аудандық газеті, «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің холлындағы қабырға газеті.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызмет: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00.-ден 18.00.-дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-дейін алдын ала жазылу жылдам көрсетусіз ұсынылады.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсететін орын: «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева15, №3 кабинет, үлгілер ұсынылған, ақпараттық қор, ғимарат фойесінде күтуге арналған кресло бар, өрт қауіпсіздігі сақталған.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманымен берілетін өтініш бланкісі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі 15, 3 кабинет, телефон 22045.
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-лейін, үзіліс сағат 13.00.-тен 14.00-дейін.
Тармақша 2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет Департаменті Мағжан Жұмабаев ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен берілетін жеке куәлік, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Юбилейная көшесі 4, телефон 20114.
Тармақша 3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет Департамент Мағжан Жұмабаев ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен берілетін тұрақты тұрғылықты мекен жайын растайтын азаматтарды тіркеу кітабы. Мекен жайы: Целинная көшесі 4, телефон 20114.
Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден жұмаға сағат 9.00-дан 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00-дейін.
Тармақша 4
4) Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Министрлігінің Департаментімен берілетін мүгедектікті белгілеу туралы эксперттік медико-әлеуметтік комиссиясының анықтмасы, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі 64, тел. 467457;
Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден жұмаға сағат 9.00.-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат13.00.-ден 14.00-дейін.
Тармақша 5
5) Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Министрлігінің Департаментінің облыстық психолого-медико-педагогикалық консультациясымен берілетін бала-мүгедекті үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі жөнінде қорытынды. Мекен жайы: Петропавл қаласы, Абай көшесі 64, телефон 467457.
Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден жұмаға сағат 9.00.-ден 18.00.-дейін, үзіліс сагат 13.00.-ден 14.00-дейін.
Тармақша 6
6) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет Департамент Мағжан Жұмабаев ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен берілетін баланың туу туралы куәлігі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Юбилейная көшесі 4, телефон 20114.
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға сағат 9.00.-ден 18.00.-дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00-дейін.
Өтінішке қамқоршының куәлігі немесе қамқоршылық және қорғаншылық органның шешімінен қамқорлыққа (қорғаншылыққа) белгілеу туралы көшірмесі қоса беріледі.
Құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері тексеру үшін беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруды қажет ететін бланктерді беретін орын: «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев 15, № 3 кабинет, телефон 22045.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған бланк және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайы және кабинет нөмірі «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева 15 көшесі, № 3 кабинет, телефон 22045.
Тармақ 15
15. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын, тұтынушы мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген құжат нысаны мен атауы: талон.
Тармақ 16
16. Қызмет көрсету нәтижелерін жеткізу әдістері мен регламенттерінің толық тізбесі: пошта «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келу, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі 15, № 3 кабинет.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуді уақытша тоқтату немесе қызмет көрсетуден бас тартудың негізі:
жалған мәліметтерді ұсынуы, осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттардың толық болмауы болып табылады.
Тарау 3. 3. Жұмыс принціптері
3. Жұмыс принціптері
Тармақ 18
18. Қызметтерді алатын тұтынушыға қатысты, мемлекеттік орган басшылыққа алатын жұмыс принципі:
Тармақша 1
1) Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды ұсыну туралы толық ақпарат алу.
Тармақша 2
2) бөлім мамандарының сыпайлығы, жауапкершілігі және кәсіпкерлігі.
Тармақша 3
3) белгіленген үлгідегі өтінішті тегін алу.
Тармақша 4
4) тоқсан сайын белгіленген төлемақыны банк есеп шотына аудару.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижесі
4. Жұмыс нәтижесі
Тармақ 19
19. Тұтынушыға көрсетілген мемлекеттік қызмет қорытындысы осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалық көрсеткіші және қол жетімдігі бойынша өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызметтердің, сапа және қолайлық көрсеткіштерінің мақсаттық мағыналары бойынша бағаланатын мемлекеттік органның мекеменің немесе басқа да субъектілердің мемлекеттік қызмет көрсетушілердің жұмысы жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.
Тарау 5. 5. Шагым беру тәртібі
5. Шагым беру тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттігінің (әрекетсіздігінің) шағым беру тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесу «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен жүргізіледі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Киреев көшесі, 15 №1 кабинет ro_gumab@mail.online.kz телефон 22204.
Тармақ 22
22. Шағым беріледі:
Мағжан Жұмабаев аудан әкіміне, Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі 56, телефон 21557.
Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібі ретінде шешіледі.
Тармақ 23
23. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолына беріледі.
Қабылданған шағым аудан азаматтардың өтініштерін тіркеу журналдарына тіркеліп, түскен уақыттан бастап 15 күн ішінде қаралады. Шағымды қарау нәтижесі өтініш берушіге жазбаша түрде немесе қолына беріледі.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеме немесе өзге субъектінің басшысының, оның орынбасарлары мен жоғарғы ұйымдардың байланыс мәліметтері. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі, 15 электронды поштаның мекен жайы: ro_gumab@mail.online.kz телефон 22204.
Бастық орынбасары – телефон 21992.
Тұрғын үй жәрдемін белгілеу бойынша бас маман – телефон 22045.
Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаменті, Абай көшесі, 64.
Әлеуметтік нормативтер және жәрдем бөлімі, телефон – 467351.
Тармақ 25. Кесте. Сапалық және қол жетімділік көрсеткішінің мәні
25. Тұтынушыға арналған басқа да пайдалы ақпарат:
«Солтүстік Қазақстан облысының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі 64, телефон 465048, 213 кабинет.
«Үйде оқытылып тәрбиеленетін
мүгедек балаларды материалдық
қамтамасыз ету үшін
құжатарды ресімдеу»
Стандартына қосымша
Кесте. Сапалық және қол жетімділік көрсеткішінің мәні
Сапалық және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің
нормативтік мәні
Келесі жылда көрсеткіштің мақсаттық мәні
Есепті жылда көрсеткіштің ағымдық мәні
1
2
3
4
1. Уақтылы
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайының пайызы (үлесі)
100
100
100
1.2.қызметті алу үшін 40 минуттан аса кезекте тосқан тұтынушылардың пайызы (үлесі)
2. Сапасы
2.1. көрсетілген қызмет сапасымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)
100
100
100
2.2. лауазымды тұлға құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдай пайызы (үлесі) (жүргізілген тағайындаулар,
есептер және т.б)
100
100
100
3. Қол жетімділігі
3.1. қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратпен және сапасымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)
100
100
100
3.2. тұтынушы дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырылған құжаттар пайызы (үлесі)
100
100
100
3.3. Интернет арқылы қол жетімді ақпарат қызметінің пайызы (үлесі)
4. Шағымдану процесі
4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санынан алғанда негізделген шағымдарының үлесі
100
100
100
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдар пайызы (үлесі)
100
100
100
4.3. шағымдану тәртібі бойынша қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)
100
100
100
4.4. шағымдану мерзімдерімен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)
100
100
100
5. Сыпайылық
5.1. Персоналдың сыпайылығымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы
100
100
100
Көрсеткіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарының көрсеткіштерін белгілеу бойынша модельді әдістемелік ұсыныстарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz)