Новобогат селолық округі Х. Ерғалиев ауылы бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2- тармағына және 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдері бекіту туралы» қаулысының 2- тарау 4 –тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Новобогат селолық округі Х. Ерғалиев ауылы бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы от 12.12.2007 г. № 242 (Новобогат селолық округі Х. Ерғалиев ауылы бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы)
1. Новобогат селолық округі Х. Ерғалиев ауылы тұрғындарының ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттары арасында екі ай мерзімге карантиндік шектеу қойылсын.
2. Аудадық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (Қ. Құрасов келісім бойынша) аукданның барлық селолық округтерінде ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына (ит, мысық) «құтыру» ауыруына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу және сапалы жүргізілетін бақылауға алып отыру ұсынылсын.
3. Аудандық орталық емхана (М. Жамалова – келісім бойынша), аудандық санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау басқармасы (Г. Елеубаева – келісім бойынша) Х. Ерғалиев ауылының ауру малдары бағып –күткен тұрғындарын дәрігерлік байқаудан өткізіп, сақтандыру шарасын алу тапсырылсын.
4. Новобогат селолық округі (Б. Мусин) аумағындағы ауру таратушы болып есептелетін барлық бұралқы ит, мысықтарды жоюдың барлық шарасын алу, тұрғындар арасында сақтық, түсінік жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.
5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
6. Қаулы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық аумақтық инспекциясының
бастығы К. Құрасов
Аудандық емхана бас
дәрігері: М. Жамалова
Аудандық санитарлық-эпидимиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Г. Елеубаева