Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қарасу ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қарасу ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-шы маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарасу ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 69,0 гектар жерден жер телімі алынып, Мәртөбе, Ақбай, Ақбастау, Бескепе және Ынтымақ ауылдарының шегіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Жалпы көлемі 69,0 гектар жер телімі қосылып, Мәртөбе, Ақбай, Ақбастау, Бескепе және Ынтымақ елді мекендерінің шегі өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.