Қолданыстағы ред. 25.12.2007

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Көлкент ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы от 25.12.2007 г. № 3-59/IV (Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Көлкент ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы)

0

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Көлкент ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-шы маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1

1. Көлкент ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 68,2 гектар жерден жер телімі алынып, Ақсуабад, Шапырашты, Теспе, Пахтазарибдар, Көлкент және Қызыл Қазақстан ауылдарының шегіне енгізілсін.

2

2. Жалпы көлемі 68,2 гектар жер телімі қосылып, Ақсуабад, Шапырашты, Теспе, Пахтазарибдар, Көлкент және Қызыл Қазақстан елді мекендерінің шегі өзгертілсін.

3

3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.