Об утверждении мероприятий по выпуску муниципальных ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті бағалы қағаздарды шығару жөніндегі шараларды бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 31 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан финансистерiнiң I Конгресiнде 1999 жылғы 28 мамырда сөйлеген сөзiнен туындайтын мiндеттердi жүзеге асыру жөнiндегi шаралардың Жоспарына сәйкес, 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" Заңға және облысқа 1999 жылға аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға 500 млн. теңге көлемiнде қарыз лимитiн бөлуге байланысты:
Тармақ 1
1. Жергiлiктi бағалы қағаздар шығару жөнiндегi шаралар бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Жергiлiктi бағалы қағаздарды шығару және айналым механизмiн әзiрлеу жөнiнде жұмыс комиссиясы (N 2 қосымша) және оларды облыста шығару және енгiзу бойынша дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөнiнде жұмыс тобы құрылсын (N 3 қосымша).
Тармақ 3
3. Экономика басқармасы (Цыганков А.Г.) бiлiктi қаржылық кеңесшiлер мен агенттердi Шығыс Қазақстан облысының облигацияларын шығару және бастапқы орналастыру жобаларына қатыстыру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң орынбасарлары, облыстық басқармалардың және комитеттердiң бастықтары жергiлiктi бағалы қағаздарды шығару жөнiндегi шараларды белгiленген мерзiмдерде орындауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары М.Қ Татаевқа жүктелсiн.
Басқа 6. Жергiлiктi бағалы қағаздар (облигациялар) шығару жөнiндегi
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы
N 1-679ө өкiмiне N 1 қосымша
Жергiлiктi бағалы қағаздар (облигациялар) шығару жөнiндегi
ШАРАЛАР
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан финансистерiнiң
1999 жылғы 28 мамырдағы I Конгресiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын
мiндеттердi жүзеге асыру жөнiндегi (жергiлiктi облигацияларды шығару
және айналым механизмiн дайындау)
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы
6 тамыз N 1-679ө өкiмiне
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан финансистерiнiң
1999 жылғы 28 мамырдағы I Конгресiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын
мiндеттердi жүзеге асыру жөнiндегi (жергiлiктi облигацияларды шығару
және айналым механизмiн дайындау)
ЖҰМЫС КОМИССИЯСЫ
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы
Басқа 8. Облыста жергiлiктi бағалы қағаздарды (облигациялар) шығару
және енгiзу бойынша дайындық жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы
6 тамыз N 1-679ө өкiмiне
N 3 қосымша
Облыста жергiлiктi бағалы қағаздарды (облигациялар) шығару
және енгiзу бойынша дайындық жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы