Қолданыстағы ред. 25.12.2007

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қайнарбұлақ ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы от 25.12.2007 г. № 3-62/IV (Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қайнарбұлақ ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы)

0

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қайнарбұлақ ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-шы маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1

1. Қайнарбұлақ ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 320,0 гектар жерден жер телімі алынып, Бозарық, Қайнарбұлақ, Көмешбұлақ ауылдарының шегіне енгізілсін.

2

2. Жалпы көлемі 320,0 гектар жер телімі қосылып, Бозарық, Қайнарбұлақ, Көмешбұлақ елді мекендерінің шегі өзгертілсін.

3

3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.