О введении количественных ограничений на ввоз отдельных видов товаров Қолданыста
Басқа 0
Тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге сандық шектеулер енгізу туралы
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 18-бабына сәйкес ішкі нарықты қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес көлемде әкелуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақ қант импортына квота бөлінсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақ қантты қайта өңдеушілер болып табылатын заңды тұлғалар арасында;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетімен сатып алуды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес анықталған заңды тұлғаға 15233,1 тоннадан аспайтын көлемде.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңды тұлғалардың осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген көлемде ақ қантты әкелуін бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Әкелуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 26 ақпандағы
N 190 қаулысына
1-қосымша
Әкелуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі
ҚР СЭҚ ТН
коды
Тауар
атауы
Көлемі
(тоннамен)
Қолданылу мерзімі
1701 99
Ақ қант
56 694,1
2009 жылғы
1 шілдеге дейін
Басқа 9. Ақ қантқа квота бөлу
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 26 ақпандағы
N 190 қаулысына
2-қосымша
Ақ қантқа квота бөлу
N
Заңды тұлғалардың атауы
Квота көлемі,
тонна
1.
"Қарағанды конфеттері" акционерлік қоғамы
4 211
2.
"Баян Сұлу" акционерлік қоғамы
12 750
3.
"Ақтөбе кондитер фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3 000
4.
"РАХАТ" акционерлік қоғамы
14 250
5.
"Шаныбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5 000
6.
"Восток-Кондитер" комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1 200
7.
"Голд Продукт" акционерлік қоғамы
400
8.
"Астрон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
650
Жиыны:
41 461