О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Астрахан аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйлерінде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін, «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бағдарламасы бойынша көзделген 18 жасқа толмаған әр мүгедек балаға тоқсанына 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде аудандық бюджеттің қаражатынан көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Келесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) материалдық қамсыздандыру туылған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа алынған (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан басқа) балалардың ата-аналарының біреуіне немесе олардың орындарындағы тұлғаларға отбасының табысына қарамастан ұсынылады;
Тармақша 2
2) материалдық қамсыздандыру құжаттар берілген айдан бастап Ақмола облысының «Білім Департаменті» мемлекеттік мекемесінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы бойынша тағайындалады;
Тармақша 3
3) материалдық қамсыздандыру 12 ай мерзіміне тағайындалады;
Тармақша 4
4) материалдық қамсыздандыру төлемін төлеу қаржыландыру болуына қарай өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамсыздандыруды тоқтату жағдайы туындаған кезде (мүгедек бала 18 жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеу осындай жағдай туындаған айдан кейінгі айдан тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Материалдық қамсыздандыру тағайындау туралы шешім Астрахан ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесінде келесі құжаттар тізбесінің негізінде қабылданады:
Тармақша 1
1) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) мүгедектікті белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы;
Тармақша 3
3) мүгедек баланы үйде оқытып, тәрбиелеу қажеттігі туралы Ақмола облысының «Білім Департаменті» мемлекеттік мекемесінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы;
Тармақша 4
4) оқу орнынан мүгедек баланың үйде оқытылып, тәрбиеленетіндігін растайтын анықтама.
Тармақ 4
4. Астрахан ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі үйлерінде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық бюджеттен бөлінген ақша қаражатын уақытылы игеруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Собескийге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және «Маяк» газетінде жарияланған күннен бастап әрекет етуге кіріседі.