О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бағдарламасы бойынша қарастырылған аудандық бюджеттің қаржысынан үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға, 18 жасқа толмаған әр мүгедек балаға 6 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде (әрі қарай - материалдық қамтамасыз ету) берілсін.
Тармақ 2
2. Белгіленсін:
Тармақша 1
1) материалдық қамтамасыз ету жанұя табысынан тәуелсіз ата-анасының біреуіне немесе оны алмастыратын тұлғаға туған, асырап алған, сондай-ақ қамқоршылыққа алған балаларына (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедек балалардан басқа) беріледі;
Тармақша 2
2) материалдық қамтамасыз ету Ақмола облыстық білім департаментінің психологтық-медиктік-педағогикалық консультациясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы қорытындысы құжаттарды тапсыру айынан бастап беріледі;
Тармақша 3
3) материалдық қамтамасыз ету 12 ай мерзіміне тағайындалады;
Тармақша 4
4) материалдық қамтамасыз ету төлемі қаржыландырудың түсуіне қарай мерзімі өткен тоқсанда жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етудің төлемін тоқтатуға әкеліп соғатын міндеттер туындаған кезде (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың өлімі, мүгедектіктің алынуы) төлем тиісті жағдайлар туындағын кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Материалдық қамтамасыз етудің тағайындалуы және төлемі бойынша уәкілетті орган «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 4
4. Материалдық қамтамасыз етуді тағайындау туралы шешімі Уәкілетті органмен келесі құжаттардың тізбесі негізінде қабылданады:
Тармақша 1
1) баланың тууы туралы куәлік көшірмесі;
Тармақша 2
2) мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы (белгіленген үлгідегі);
Тармақша 3
3) Ақмола облыстық білім департаментінің психологтық-медиктік-педагогикалық консультациясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы қорытындысы;
Тармақша 4
4) үйде мүгедек баланы оқытудың деректерін растайтын оқу мекемесінен анықтама;
Тармақша 5
5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық бюджеттен бөлінген ақшалай қаржының дер кезінде игерілуін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № а-12/267 «Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау және төлеу Ереже туралы» қаулысы күшін жойсын.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің осы қаулысының іс-әрекеті 2008 жылғы 3 қаңтарда шыққан құкықтық қатынасқа таратылады.
Тармақ 8
8. Аудан әкімдігінің осы қаулысы әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.