Об утверждении Правил субсидирования ставки вознаграждения (интереса) по кредитам, выдаваемым банками второго уровня предприятиям по переработке сельскохозяйственной продукции на пополнение их оборотных средств Қолданыста
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы
"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 25 ақпандағы
N 187 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына өндірістік мақсаттар (қайта өңдеу) үшін олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер (бұдан әрі - кредит) бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялау) тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Субсидиялау ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарын дамытуды қолдау шарасы болып табылады және кредиттер бойынша сыйақы ретінде қарыз алушылардың банктерге төлейтін төлемдері сомасын ішінара арзандату үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бюджеттік субсидиялау 006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау" бағдарламасының (бұдан әрі - бағдарлама) 107 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кіші бағдарламасы бойынша, 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) банктер - уәкілетті орган ұсынған тізбеде көрсетілген екінші деңгейдегі банктер;
Тармақша 2
2) қатысушы банктер - бағдарламаны іске асыруға қатысатын екінші деңгейдегі банктер;
Тармақша 3
3) қарыз алушылар - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары;
Тармақша 4
4) бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган - қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;
Тармақша 6
6) анықтау - бағдарламаға қатысушы банктерді іріктеу және олардың арасында бағдарламада көзделген бюджеттік субсидияларды бөлу.
Тарау 2. 2. Бағдарламаның әкімшісі анықтайтын банктердің сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау тәртібі
2. Бағдарламаның әкімшісі анықтайтын банктердің сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау тәртібі
Тармақ 5
5. Бағдарламаның әкімшісі банктер қарыз алушыларға беретін кредиттер бойынша субсидиялау үшін қаражатты мынадай кіші салалар (лоттар) бойынша бөледі:
Тармақша 1
1) ет өңдеу, құс етін өндіру және жұмыртқа шығару;
Тармақша 2
2) сүт өңдеу;
Тармақша 3
3) жеміс-жидектерді, көкөністерді қайта өңдеу және жеміс-көкөніс консервілерін, балалар тағамдарын жасау;
Тармақша 4
4) майлы дақылдарды қайта өңдеу және өсімдік майын шығару;
Тармақша 5
5) былғары шикізатын және жүн өңдеу;
Тармақша 6
6) дәнді дақылдарды қайта өңдеу, нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіру;
Тармақша 7
7) ақ қант шығару.
Тармақ 6
6. Республикалық бюджеттен берілетін субсидиялау сомасы бағдарламаның әкімшісі қатысушы банктердің тізбесін бекіткен күннен бастап он екі айға дейін мерзімге берілген кредит бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының 80 пайызынан аспай құрайды, оның сомасы 200000000 (екі жүз миллион) теңгеден аспауы тиіс. Бұл ретте кредиттің пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігінің үлесі барлық қарыз алушылар үшін тең болуы тиіс.
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын банктерді анықтауды жүргізу үшін бағдарламаның әкімшісі:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган ұсынған тізбе бойынша осы Ережені қоса бере отырып, бағдарламаны іске асыруға қатысатын банктерді анықтау жүргізілетін күн мен орын туралы ақпаратты барлық банктерге жолдайды;
Тармақша 2
2) құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы бар комиссия құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ сан және кемінде бес адамнан болуы тиіс.
Тармақ 8
8. Банк осы Ереженің қағидаларын түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен, бірақ өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей жүгінуге құқылы. Бағдарламаның әкімшісі сұрау салуды тіркеген сәттен бастап үш күн мерзімде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен келіп түскенін көрсетпей, осындай түсіндіруді бағдарламаның әкімшісі осы Ережеге сәйкес шақыру жіберген барлық банктерге хабарлайды.
Тармақ 9
9. Бағдарламаның әкімшісі бағдарламаны іске асыруға қатысатын банктерді анықтауды мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қарыз алушыға берілетін кредит бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының деңгейі жылдық 16 (он алты) пайыздан аспауы тиіс;
Тармақша 2
2) қарыз алушының және жобаның қысқаша сипаттамасын қамтитын қарыз алушылар өтінімдерінің қалыптасқан портфелінің болуы;
Тармақша 3
3) банктің ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарымен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы;
Тармақша 4
4) республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен бұрын алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
Тармақша 5
5) анықтау жүргізілетін күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті органның пруденциялық нормативтерін сақтау;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган белгілеген жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшерінің лимиттерін сақтау;
Тармақша 7
7) филиалдық және/немесе корреспонденттік желінің болуы;
Тармақша 8
8) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы.
Тармақ 10
10. Банктің осы Ереженің 9-тармағының 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін бағдарламаның әкімшісі жазбаша сұрау салып уәкілетті органға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне және жергілікті әкімдіктерге жүгінеді.
Тармақ 11
11. Банктер қарыз алушыларға қойылатын мынадай талаптарды негізге ала отырып, оларды дербес анықтайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының резиденті;
Тармақша 2
2) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы, сондай-ақ банк бұрын берген кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
Тармақша 3
3) негізделген бизнес-жобаның болуы;
Тармақша 4
4) өнеркәсіптік технология мен жабдықтарды пайдалану;
Тармақша 5
5) өндіруге ұсынылатын өнімді өткізу нарығының болуы және сыйымдылығы;
Тармақша 6
6) отандық тауар өндірушіден өндірістік мақсаттар үшін қажетті ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алу.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы шикізатын ауылдық тауар өндірушілер кооперативтерінен сатып алатын қарыз алушылар басым құқықты пайдаланады.
Көрсетілген талаптарға сәйкес келмеу комиссияның банктің өтінімдер портфелінен қарыз алушыны алып тастауына негіз болуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Анықтауға қатысуға ниет білдірген банктер, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлға қол қойған әрбір лот бойынша жеке өтінім ұсынады және банктің мөрімен бекітіледі.
Тармақ 13
13. Өтінімде міндетті түрде мыналар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) банк туралы жалпы мәліметтер;
Тармақша 2
2) республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден бұрын алынған кредиттер бойынша берешектің болмауы туралы (бар болуы туралы) мәліметтер;
Тармақша 3
3) анықтау өткізілетін күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшерінің лимиттерін сақтау туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде қарыз алушыға кредит беру кезінде өз пайдасына қарыз алушыдан алынатын сыйақының және өзге де соманың (сақтандыру, комиссиялық және т.б.) ең жоғары мөлшері туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) қарыз алушылармен жұмыс істеу тәжірибесі туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) қарыз алушылардың өтінім портфелі туралы мәлімет, бұл ретте қарыз алушылардың өтінім портфелі жаңадан берілетін кредиттерден құралуы тиіс;
Тармақша 8
8) банк өтінімде көрсетілуі қажет деп ұйғарған, жүргізілетін анықтауға қатысы бар өзге де мәліметтер.
Тармақ 14
14. Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны (банкті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 2
2) банктік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, өтінімдер салынған конверттерді ашу күні алдындағы үш айдан аспайтын мерзімге салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;
Тармақша 4
4) банктің төлем қабілеті бар екенін, таратуға жатпайтындығын, оның мүлкіне тыйым салынбағанын, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмағанын растайтын банктің анықтамасы;
Тармақша 5
5) уәкілетті тұлғалардың қолдары қойылған және банктің мөрімен бекітілген банктің соңғы есепті күнгі бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасы;
Тармақша 6
6) банк филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
Тармақша 7
7) қарыз алушының және қарыз алушыға қызмет көрсететін банктің бірінші басшылары қол қойған және қарыз алушы мен банктің мөрлерімен куәландырылған банк пен қарыз алушы арасындағы кредит алуға арналған алдын ала шарт;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуға арналған алдын ала шарт (өзі өндірген шикізатты пайдаланған жағдайда өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі туралы қарыз алушының анықтамасын қоса беру);
Тармақша 9
9) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 10
10) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 11
11) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының және қарыз алушыға қызмет көрсететін банктің бірінші басшылары қол қойған және қарыз алушы мен банктің мөрлерімен куәландырылған кредит берудің және оны өтеудің алдын ала кестесі;
Тармақша 12
12) егер өтінімге банктің бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда, өтінімге қол қою құқығына сенімхат;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, өтінімдер салынған конверттерді ашу күні алдында үш айдан аспайтын мерзімге салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының әрбір қарыз алушы бойынша белгіленген нысандағы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;
Тармақша 14
14) осы Ереженің 27-тармағына сәйкес қатысушы банктер тізбесін бағдарламаның әкімшісі бекіткен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарыз алушылармен кредиттік келісімдер жасасу және қарыз алушыларға кредитті толық көлемде беру туралы банктің жазбаша міндеттемесі.
Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы мен жобаның қысқаша сипаттамасына қарыз алушының бірінші басшысының қолы қойылады және оның мөрімен куәландырылады. Мәліметтерді қарыз алушыға қызмет көрсететін банктің филиалы растайды (банк филиалының бірінші басшысының қолы және мөрі). Қарыз алушының қысқаша сипаттамасының, жобаның қысқаша сипаттамасының, банк пен қарыз алушы арасындағы кредит алуға арналған алдын ала шарттың, кредит берудің және оны өтеудің алдын ала кестесінің, ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуға арналған алдын ала шарттардың, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі туралы қарыз алушының анықтамаларының факстік көшірмелері немесе ксерокөшірмелері ұсынылған жағдайда, олар банк мөрінің түпнұсқасымен және банктің соған өкілеттік берілген тұлғасының қолымен куәландырылады.
Тармақ 15
15. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігіліп, нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің арт жағындағы жіптің ұшы
" __ парақ тігілген және нөмірленген. Күні 20__жыл "___" ______ деген сөздер жазылған қағаз парақпен желімделіп, банктің лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және банктің мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген, жеке құжаттардың болуына рұқсат етілмейді, мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және банкке қайтарады.
Тармақ 16
16. Банк бір уақытта бірнеше лоттар бойынша өтінімдер ұсынған жағдайда, банк басқа конверттерге көрсетілген құжаттардың N___ "______ өңдеу" лоты бойынша конвертке салынғандығы туралы Банктің анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженің 14-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды конверттердің біріне салуға құқылы.
Банк бағдарламаны іске асыруға бір немесе бірнеше лоттар бойынша қатысады.
Тармақ 17
17. Өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша конверттерді ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды.
Тармақ 18
18. Өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі комиссия отырысы өткізілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде, комиссия жеке отырысында өтінімдер берген банктердің анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы мәселені шешеді.
Тармақ 19
19. Банк осы Ереженің 9-тармағының 4), 5), 6), 7) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда комиссия осы банктің анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылдайды, ол туралы комиссия отырысының хаттамасына тиісті жазба жасалады.
Тармақ 20
20. Банктердің анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы шешім рұқсат беру туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды.
Тармақ 21
21. Комиссия банктердің анықтауға қатысуына рұқсат беруі туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жеке отырысында банктердің өтінімдерін олардың толықтығы және осы Ереженің талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.
Тармақ 22
22. Осы Ереженің 9, 12, 13, 14, 15-тармақтарының талаптарына толығымен сәйкес келетін банктер комиссияның шешімімен қатысушы банктер болып белгіленеді.
Тармақ 23
23. Қаражат көлемін лоттар бойынша бөлуді комиссия қатысушы банктер қарыз алушыларға лоттар бойынша беруі тиіс кредиттер бойынша сыйақылардың сомасына тура тепе-тең түрде жүзеге асырады. Есеп айырысу кезінде өтінімде көрсетілген сыйақы сомасы қабылданады (осы Ережеге 1-қосымша, "Қарыз алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтер" деген 7-бөлім).
Тармақ 24
24. Кредиттер бойынша пайыз ставкасын субсидиялау үшін әрбір қатысушы банкке бөлінетін қаражат көлемінің үлесін осы лот бойынша қарыз алушыларға қатысушы банк беруге жататын кредиттер бойынша әрбір лот бойынша сыйақылардың сомасына тура үйлесімді түрде комиссия анықтайды. Есеп айырысу кезінде осы Ереженің 1-қосымшасының, "Қарыз алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтер" деген 7-бөлімде көрсетілген сыйақы сомасы қабылданады.
Тармақ 25
25. Қатысушы банктерді анықтау және олардың арасында субсидиялар сомасын бөлу туралы комиссияның шешімі комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, онда қатысушы банктердің атауы, орналасқан жері және деректемелері, олардың негізінде қатысушы банктер анықталған өлшемдер, қатысушы банктерге берілетін субсидиялардың көлемі, қарыз алушылардың тізбесі, сондай-ақ өтінімдердің қабылданбау себептерін көрсете отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін банктер мен қарыз алушылардың атауы көрсетіледі.
Тармақ 26
26. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімделеді, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды. Комиссия шешімі барлық қатысушы банктерге хабарланады.
Тармақ 27
27. Әрбір лот бөлінісінде бағдарламаны іске асыратын қатысушылар болып анықталған банктердің тізбесін қатысушы банктерді анықтау және олардың арасында субсидиялар сомасын бөлу жөніндегі комиссия отырысы болған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
Тармақ 28
28. Анықтау қорытындылары бойынша бағдарламаның әкімшісі қатысушы банктердің тізбесін бекіткен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде банктер қарыз алушыларға кредиттер береді.
Тармақ 29
29. Қарыз алушыларға банктер кредиттер бергеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде бағдарламаның әкімшісі мен банктер арасында қаражат аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін және өзге де шарттарды көздейтін субсидиялауға арналған шарттар жасалады.
Тармақ 30
30. Анықтауды жүргізу кезінде қаражат толық бөлінбей қалған жағдайда бағдарламаның әкімшісі анықтау жүргізілетін күн мен орынды бекіте отырып, қайта анықтау жүргізеді, бұл ретте бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ағымдағы жылы бюджеттік бағдарлама бойынша қатысуға іріктелген және іріктеу кезінде бекітілген қарыз алушылардың тізбесін және оларды субсидиялау сомасын өзгерткен банктерді қатысушы банктерді анықтауға қатысуға жібермеуі мүмкін.
Тармақ 31
31. Бір қарыз алушыға бір жыл ішінде осы Ережеге сәйкес ол бойынша банкке (банктерге) субсидиялау жүзеге асырылатын бір ғана кредит беріле алады.
Тармақ 32
32. Кейіннен банктің есеп айырысу шотына аудару үшін бағдарламаның әкімшісіне қаражат бөлу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бағдарламаның әкімшісі осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаражатты республикалық бюджеттен банктің есептік шотына аударуға арналған банк берген өтінімдерді және осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті қарайды және оларды қарағаннан кейін 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк кредиті бойынша пайыздық сыйақының ставкасын субсидиялауға арналған ведомость пен төлем шоттарын қалыптастырады.
Тармақ 33
33. Банктерге субсидиялар төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.
Тармақ 34
34. Осы Ереженің 6-тармағына сәйкес берілген кредит бойынша субсидияларды әкімші бүкіл кезеңде есептелген сыйақыны ескере отырып, қаржы жылы ішінде толық көлемде аванстық төлеммен аударады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 35
35. Қарыз алушы банкке сыйақы (мүдде) төлеу жөніндегі міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтатқан немесе қарыз алушы кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін кредиттік келісімді бұзған жағдайда банк бес күнтізбелік күн ішінде бағдарламаның әкімшісін бұл туралы хабардар етуі және субсидиялардың пайдаланылмаған сомасын бюджетке қайтару жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Мұндай жағдайда бағдарламаның әкімшісіне көрсетілген жағдайлар басталғаны туралы белгілі болған сәттен бастап субсидиялау тоқтатылады.
Тармақ 36
36. Банктер субсидияларды төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы, субсидиялау ретінде алынған қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
Тармақ 37
37. Кредитті уақтылы және толық қайтару, кредит бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін қарыз алушылар банктердің алдында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
Тармақ 38
38. Бағдарламаның әкімшісі өз құзыреті шегінде қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
Басқа 1. ӨТІНІМ
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын
толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін
кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялау ережесіне
1-қосымша
ӨТІНІМ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № N қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін қарап, оларды алу осымен куәландырылады,
___________________________________________________________________
(банктің атауы)
006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау" бюджеттік бағдарламасының 107 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кіші бағдарламасын, 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасын _________________________
___________________________________________________________________
(кіші саланың (лоттың) атауы)
лот бойынша іске асыруға қатысуға тілек білдіреді.
Осы өтінімде мыналар қамтылады:
Тармақ 1. 1. Бағдарламаны іске асыратын қатысушы туралы мәліметтер
1. Бағдарламаны іске асыратын қатысушы туралы мәліметтер
Толық атауы__________________________________________________
Заңды мекен-жайы_____________________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық мекен-жайы.________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нөмірі, күні, берілген
орны, берген орган)*
Лицензия, нөмірі, берілген күні және лицензия берген органның атауы*_____________________________________________________________
Бірінші басшының Т.А.Ә.______________________________________
*түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
Тармақ 2. 2. Бұрын республикалық және жергілікті бюджеттерден алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы (бар болуы туралы) мәліметтер
2. Бұрын республикалық және жергілікті бюджеттерден алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы (бар болуы туралы) мәліметтер
Тармақша а
а) мерзімі өткен берешек бар болған жағдайда толтырылады:
Р/сN
№
Кредит көзі
(республикалық,
жергілікті
бюджет)
Алын-
ған
күні
Сомасы,
млн.
теңге
Кредит
мақсаты
Шарт
бойынша өтеу
мерзімі
Мерзімі өткен
берешектің
сомасы
Тармақша б
б) мерзімі өткен берешек жоқ болған жағдайда толтырылады:
Банктің республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бұрын алған кредиттері бойынша берешегі жоқ.
Тармақ 3. 3. Іріктеу өткізілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның пруденциалдық нормативтерін сақтау туралы мәліметтер
3. Іріктеу өткізілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның пруденциалдық нормативтерін сақтау туралы мәліметтер
Бір қарыз алушыға қауіптің ең жоғары мөлшері ( )
Өтімділік коэффициенті ( )
Ашық валюталық ұстанымының лимиттері ( )
Банктің негізгі қаражатқа және басқа да қаржылық емес активтерге инвестициялары ең жоғары мөлшерінің коэффициенті ( )
Тармақ 4. 4. Жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшерінің лимиттерін сақтау туралы мәліметтер
4. Жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшерінің лимиттерін сақтау туралы мәліметтер
Жарғылық капиталының мөлшері млн. теңге ( )
Меншікті капиталының мөлшері млн. теңге ( )
Тармақ 5. 5. Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде қарыз алушыға кредит беру кезінде өз пайдасына алынатын сыйақының ең жоғары мөлшері туралы мәліметтер
5. Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде қарыз алушыға кредит беру кезінде өз пайдасына алынатын сыйақының ең жоғары мөлшері туралы мәліметтер
Банктің қарыз алушыларға кредит беру кезіндегі сыйақы (мүдде) ставкасының ең жоғары мөлшері жылдық % .
Тармақ 6. 6. Қарыз алушылармен жұмыс істеу тәжірибесі туралы мәліметтер
6. Қарыз алушылармен жұмыс істеу тәжірибесі туралы мәліметтер
Р/с
N№
Кәсіпорынның
атауы
Мекенжайы,
телефоны
Не-
гізгі
қыз-
мет
түрі
Есеп-
тік
шот
ашыл-
ған
күні
Кредит-
тердің
саны
мен
сомасы
Кре-
диттің
пайыз-
дық
став-
касы-
ның
сомасы
Кредит-
тер,
пайыздар
бойынша
қайтарым-
дылығы
Тармақ 7. 7. Қарыз алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтер
7. Қарыз алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтер
Р/сN
№
Заңды
тұлғаның,
кәсіпо-
рынның
толық
атауы
Мекен-
жайы
Негізгі
қызмет
түрі
Кредит
мақса-
ты
Кредит
сомасы,
млн.
теңге
Сыйақы
сомасы**,
теңге
Ескертпе:
* Әрбір кәсіпорын бойынша ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі, барлық кредиттер, олардың сомасы және пайыздық ставкасы аударылады
** Бөлінетін субсидиялардың сомасы кестеде көрсетілген сомаға байланысты болғандықтан, сыйақы сомасы дәл есептелуі тиіс.
Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы *
Жобаның қысқаша сипаттамасы *
Кредитті берудің және өтеудің алдын ала кестесі *
* әрбір қарыз алушы бойынша қоса беріледі
Бірінші басшы (Т.А.Ә)
(қолы)
М.О. (Күні)
Басқа 2. Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы*
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын
толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін
кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялау ережесіне
2-қосымша
Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы*
Тармақ 1
1. Толық атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны
Тармақ 2
2. Меншік нысаны
Тармақ 3
3. Заңды, іс жүзіндегі және электрондық мекен-жайы, телефондары, факсы
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, берген орган, N, күні мен
берілген орны
Тармақ 5
5. Жарғылық капиталының мөлшері
Тармақ 6
6. Құрылтайшылар
Тармақ 7
7. Банктік деректемелері
Тармақ 8
8. Салықтық есепке алу үшін тіркеу орны, СТН N
Тармақ 9
9. Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары
Тармақ 10
10. Негізгі қызмет түрі
Тармақ 11
11. Жылдық айналымы, сомасы
Тармақ 12
12. Соңғы есепті күнгі пайдасы немесе шығыны, сомасы
Тармақ 13
13. Қызметкерлердің іс жүзіндегі саны
Тармақ 14
14. Бюджетке төленетін төлемдер, салықтар және басқа да алымдар бойынша берешегі (қай түрі бойынша және сомасы)
Тармақ 15
15. Кредиттер бойынша берешегі (кімге және сомасы)
Тармақ 16
16. Болжамды өткізу нарықтары және олардың теңгемен сыйымдылығы
Тармақ 17
17. Пайдаланылатын жабдықтардың негізгі түрлері және олардың
өнімділігі (ауысымында тонна, литр, дана)
Тармақ 18
18. Ауыл шаруашылығы шикізатын негізгі жеткізушілер (алдын ала Шарттар, анықтамалар және т. б. қоса берілсін)
(Өзі өндірген шикізатты пайдаланған жағдайда қарыз алушының өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі туралы анықтамасы қоса берілсін)
Тармақ 19
19. Кәсіпорынның өткен 2 жылдағы қызметі туралы ақпарат.
Жылдар
Сатып алынған
шикізат
Өндірілген дайын өнім
Қызметкерлер-
дің саны
ақшалай мәнде
заттай мәнде
ақшалай
мәнде
заттай
мәнде
Кәсіпорынның бірінші басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)
(лауазымы) (қолы)
М.О. (күні)
______________________________________________ туралы мәліметтер **
(кәсіпорынның атауы)
растаймын _________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)
(қолы)
Ескертпе:
* Әрбір қарыз алушы бойынша жеке толтырылады
** Мәліметтер банктің немесе қарыз алушыға қызмет көрсетілетін оның филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады
Басқа 3. Жобаның қысқаша сипаттамасы*
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын
толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін
кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялау ережесіне
3-қосымша
Жобаның қысқаша сипаттамасы*
Тармақ 1
1. Кәсіпорынның атауы ____________________________________________
__________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Сомасы ________________________________________________________
Тармақ 3
3. Мерзімі _______________________________________________________
Тармақ 4
4. Сыйақы ставкасы _______________________________________________
Тармақ 5
5. Жобаның мақсаты________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Р/с N
№
Сатып алынатын
ауыл шаруашылығы
шикізатының
атауы
Бағасы
Саны
Сомасы
Жобаны іске асырудан жоспарланып отырған нәтижелер _______________
Кәсіпорын басшысы _________________________________________(Т.А.Ә.)
(лауазымы) (қолы)
М.О. (күні)
_________________________________________________туралы мәліметтер**
(кәсіпорынның атауы)
растаймын: _________________________________(лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)
(қолы)
Ескертпе:
* Әрбір жоба бойынша жеке толтырылады
** Мәліметтер банктің басшысының немесе қарыз алушыға қызмет көрсетілетін оның филиалы қолымен және мөрімен куәландырылады
Басқа 4. Кредит берудің және өтеудің алдын ала кестесі
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын
толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін
кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялау ережесіне
4-қосымша
Кредит берудің және өтеудің алдын ала кестесі
Айы
Ай басында
берілген
кредит со-
масы, теңге
Ай соңында
өтелген
кредит
сомасы,
теңге
Есептелген
сыйақының жалпы сомасы, теңге
Бірінші
Екінші
Үшінші
Төртінші
Бесінші
Алтыншы
Жетінші
Сегізінші
Тоғызыншы
Оныншы
Он бірінші
Он екінші
Барлығы
Банк филиалының бірінші басшысы __________________________( Т.А.Ә.)
Күні М.О.
Қарыз алушының бірінші басшысы ____________________________(Т.А.О.)
Күні М.О.
Басқа 5. Банк Қарыз алушыларға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтінім
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын
толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін
кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялау ережесіне
5-қосымша
📌 Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008.05.28 N 505 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Банк Қарыз алушыларға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтінім
Күні 20_ ж._______ _________________
Осымен _______________________________________банкі Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 20__ жылғы _______
__________ N____ субсидиялау шартына сәйкес республикалық бюджеттен 006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау" бағдарламасы 107 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кіші бағдарламасы бойынша, 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша ашылған банктің
N _______ шотына ________________кезеңіне ___________теңге
сомасында қаражат аударуды сұрайды.
Банктің басшысы ____________
Басқа 6. Банк кредитінің сыйақы ставкасын іс жүзінде есептеу мен өтеу туралы есеп және 20__жылдың___ тоқсанына арналған өтінім
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын
толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін
кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялау ережесіне
6-қосымша
Банк кредитінің сыйақы ставкасын іс жүзінде есептеу мен өтеу туралы есеп және 20__жылдың___ тоқсанына арналған өтінім
Р/сN
А/ш
өнімін
қайта
өңдеу
кәсіп-
орны-
ның
атауы
(қарыз
алушы)
Барлық көз-
делген
субси-
дия-
лар,
теңге
Есепті
кезеңдегі
барлық ауда-
рылған
субсидиялар
теңге
Іс жүзінде
есептелген
субсидиялар,
теңге
Ауытқуы
(+,-) (+)
артық
төленгені,
(-) кемі
барлығы
оның ішінде есепті кезеңде
бар-
лығы
оның ішінде есепті кезеңде
3-бағ.-
5-бағ.
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Қарыз алушы-
ға іс жүзін-
де есептел-
ген* сыйақы,
теңге
Қарыз алушы
төлеген
сыйақы,
теңге
20 жылдың тоқсанына банктің
өтінімі, теңге
жалпы сомасы
қарыз
алушының
өтегені
бар-
лығы
оның ішінде есепті кезеңде
бар-
лығы
оның ішінде есепті кезеңде
%
сомасы
%
сомасы
9
10
11
12
13
14
15
16
кестенің жалғасы
бюджеттен субсидия-
ланғаны **
%
сомасы
17
18
Ескертпе:
* Ауылшармині субсидияларының сомасын есептемегенде
** 7-бағ. бойынша ауытқу сомасын ескере отырып
Банктің басшысы ___________________ ________________
МО қолы
Басқа 7. 20_жылғы N__субсидиялау шартына сәйкес 006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау" бюджеттік бағдарламасының 107 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кіші бағдарламасы бойынша , 109 "Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын
толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін
кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялау ережесіне
7-қосымша
📌 Ескерту. 7-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008.05.28 N 505 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
"Бекітемін"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
вице-министрі
20_ жылғы " " _____ N___
20_жылғы N__субсидиялау шартына сәйкес 006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау" бюджеттік бағдарламасының 107 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кіші бағдарламасы бойынша , 109 "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша банк кредиті бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ведомость
Банк-
тің
атауы
Субсидия-
лауға
арналған
шарттың
нөмірі
мен жаса-
лған күні
Кредит беру шарты
ҚР АШМ суб-
сидияларының
іс жүзінде
аударылғаны
сомасы
Қалдық-
тың
барлығы
(5-бағ.-
6-бағ.)
кредит сома-
сы
сыйақы
ставкасын
өтеудің
жылдық
сомасы
ҚР АШМ
субсидия-
лайтын
жылдық
сома
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
20 жылдың тоқсанына
банктің өтінімі
Субсидиялау
жалпы сомасы
қарыз
алушының
өтегені
бюджеттен
субсидия-
ланғаны
сомасы
сомасы
өткен
кезең-
дерде
есептел-
гені
банк өтіні-
мін ескере
отырып,
есептелген-
дердің жиыны
(10-бағ.+
11-бағ.)
аударуға
жататыны
(12-бағ.-6-бағ.)
8
9
10
11
12
13
Жауапты департаменттердің директорлары (қолы) _____________