Об установлении водоохранных зон и полос озер Катарколь, Щучье, Малое Чебачье, Большое Чебачье, Боровое, Жукей, реки Нура и режима их хозяйственного использования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Су қорғау аумақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалау құжаттары негізінде 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қатаркөл, Шучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзені су қорғау аймақтарының және су қорғау белдеулерінің шаруашылыққа пайдалану режимі Қазақстан Республикасы Су кодексінің нормаларына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N а-2/54 қаулысына 1-қосымша Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері р/с № Су объектісінің атауы Су айдынының ауданы, ш.км Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуі ені метрмен ауданы ш.км ені метрмен ауданы ш.км 1 Қатаркөл көлі 4,5 500 5,5 35-100 0,64 2 Щучье көлі 16,11 500 9,482 35-100 1,165 3 Кіші Шабақты көлі 18,45 500 12,20 35-90 1,47 4 Үлкен Шабақты 21,37 500 12,75 35-100 2,22 5 Бурабай көлі 10,00 500 7,089 35-100 0,741 6 Жөкей көлі 19,51 500 2,234 35-75 0,195 7 Нұра өзені 18,44 1000 571,29 35-100 40,66
Басқа 6. Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің суды қорғайтын аймақтары мен суды қорғайтын белдеулерінде шаруашылыққа пайдалану тәртібі
Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N а-2/54 қаулысына 2 қосымша Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің суды қорғайтын аймақтары мен суды қорғайтын белдеулерінде шаруашылыққа пайдалану тәртібі Қысқарған сөздердің толық атаулары: ш. км - шаршы километр