Қолданыстағы ред. 26.11.2007

Ақсай селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы от 26.11.2007 г. № 818 (Ақсай селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы)

0

Ақсай селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының « Әкімшілік рәсімдер туралы»Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 « Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысына басшылыққа ала отырып қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақсай селолық округі әкімі аппаратының мемлкеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Ақсай селолық округі әкімі Х. Нұрғалиевке жүктелсін.
Жобаны ұсынған:
Ақсай селолық округінің әкімі:
Х.Нұрғалиев
Қала әкімінің орынбасары:
Ә.Нұрлығожиев
Қала әкімінің орынбасары:
А.Әбдіров
Қала әкімінің орынбасары:
Б. Иманғалиев
Қала әкімі аппаратының жетекшісі:
Н. Ожаев
Қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық
және әскери-жұмылдыру жұмысы
бөлімінің бастығы:
Н. Оразғалиев
Қала әкімі аппараты кадр
қызметі бөлімінің бастығы:
Р.Жалмұханова
Қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы:
Ә.Сабыров
Қалалық қаржы бөлімінің бастығы:
А.Айтбаев
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бастығы:
К.Ермекова
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бас маманы:
Қ.Аюпова

4

Атырау қаласы әкімиятының 2007
жылғы «26» қараша № 818
қаулысымен бекітілген
«Мал басы туралы мәліметтер»

1. 1. Жалпы ереже

1. Жалпы ереже

1

1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: селолық округтегі шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың мал басына анықтама беру барысындағы, мемлекеттік қызмет саны, сапасы және қолжетімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібі мен жеке және звңды тұлғалардың белгіленген сан мен сапада мемлекеттік қызметті алу құқын қамтамасыз ететін, орындалуы міндетті өзге де нормалар.

2

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларға мал басы туралы анықтама беру, автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы мен бабы: Қазақстан Республикасының 1998 жыл 7 мамырдағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 9-1 бабы, 2000 жыл 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 35 бабының 16 тармағы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің 2003 жыл 2 сәуірдегі № 164 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізі Ережесі»

4

4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: «Ақсай селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (Атырау облысының Әділет департаментінің заңды тұлғаны тіркеу куәлігі № 7096-1915-ММ, 18 сәуір 2005 жыл)

5

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): анықтама беру

6

6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты:
Жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары

7

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1

1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.) сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 10 минут.

2

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде ( тіркеу талон алған кезде және т.с.с.) кезекті күтуге, қалыптастыруға рұқсат берілген уақыт – 5 минут.

3

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғарғы мөлшері – 2 минут.

8

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету:
Мемлекеттік қызмет көрсету тегін

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсететін орынның мекен-жайы:
«Ақсай селолық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Ақсай селосы, Тайманов көшесі 2 үй.

10

10. Жұмыс кестесін (күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын-ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсету бар ма? (шарттары мен талаптарын көрсету): Мемлекеттік қызмет көрсету, аптаның жұмыс күндері (дүйсенбі және жұма күндері аралығында) сағат 9.00-18.00 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00, қызметті алу үшін алдын-ала 32-81-50 телефонына хабарласып қажетті құжаттар мен қойылатын талаптар тізбесін білуге болады, қызмет көрсету жалпыға бірдей, жедел қызмет көрсету қаралмаған.

11

11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету (үй – жай режімі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттар дайындаудың қолайлы жағдайлары күту залы, үлгілер қойылған және т.с.с): Тұтынушыға қызмет селолық округ әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға телефонмен сұраныс түсірген жағдайда, оларға мекен-жайы бойынша қызмет көрсету ұйымдастырылады.

2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін (мысалы, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы), көрсету.

1

1) Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 бұйрығымен бекітілген « Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу Ережесіне» сәйкес қалалық аумақтық басқарма мамандарының толтырған Ветеринариялық төлқұжаты ( малдың сырғаланған немесе таңбаланған нөмерлерін көрсету үшін)

2

2) Қызмет көрсету: Ақсай селолық округі әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында ( Ақсай селосы, Тайманов көшесі 2 үй) аптаның жұмыс күндері ( дүйсенбі-жұма аралығында), селолық округ әкімі аппаратының лауазымдық нұсқаулықпен мал басы туралы мәліметтерді жүргізіп отыратын бас маманға міндеттелген, жұмыс орны тел. 32-81-50

13

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды ( өтініш нысандары және т.с.с) көрсету.
Мемлекеттік қызмет алу үшін бланкілер берілетін орын: Ақсай селолық округі әкімі аппаратының ғимараты.

14

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы және кабинетінің нөмерін көрсету.
Селолық округ әкімі аппаратында құжаттарды қабылдауға жауапты тұлға болып лауазымдық нұқсаулық бойынша мал басы туралы мәліметтерді жүргізіп отыратын бас маманға бекітілген, қабылдау орны селолық округ әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында.

15

15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы және нысанын көрсету. Селолық округ әкімі аппаратының « Анықтамаларды тіркеу журналы» ( іс номенкулатурасы бойынша тіркелуі 02-11)

16

16. Қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттерінің толық тізбесін көрсету-электрондық почта, сайт арқылы, жеке беру, курьер және т.с.с. тұтынушының өзіне жеке беріледі, мүмкіндігі шетеулі адамдарға курьер арқылы табыс етіледі.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені не жауапты адамның мекен-жайы мен кабинетінің нөмірлерін көрсету.
Анықтама беретін селолық округі әкімі аппаратының бас маманы инд. 060013 Ақсай селолық, Тайманов көшесі 2 үй. тел. 32-81-50

17

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту негіздері:
Мал басы тіркелмеген немесе ветеринариялық паспорты болмаған жағдайда, сатып алынған түйе, жылқы, ірі қара мал болса бұрынғы иелеріндегі ветеринариялық паспорты болмаса, қой, ешкі, шошқа сатып алынған болса жаңа иесінің ветеринариялық паспортының 2 бетіндегі кестенің 3 бағанына енгізілген жазбалар болмаса.

3. 3. Жұмыс қағидаттары

3. Жұмыс қағидаттары

18

18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау ( сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік орган қызметшісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодекісінің талаптарына сай, тұтынушыға уақытында сапалы құқықтық қызмет көрсету, арнайы бланкілермен тегін қамтамасыз ету, тұтынушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

4. 4. Жұмыс нәтижелері

4. Жұмыс нәтижелері

19

19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20

20. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметкердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнән жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. 5. Шағымдану тәртібі

5. Шағымдану тәртібі

21

21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне ( әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталығының ( call- орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмерін көрсету. Уәкілетті лауазымды адамның әрекетіне шағымдану тәртібін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін селолық округ әкімі аппаратында арнайы қызметкерге жүктелген. Селолық округ әкімі аппараты ғимараты.
Сонымен қатар селолық округ әкімі аппаратының сенім телефонына 32-81-50 хабарласып шағымдануға болады.

22

22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмерін көрсету.
Ақсай селолық округі әкімі, тел. 32-81-50
Атырау қаласы әкімі, тел. 35-40-95, 27-10-23
Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүргізетін лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) қанағаттанбаған тұтынушы, құқық қорғау органдарына шағымдануға құқылы.

23

23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттардың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету.
Шағым Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 « Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның негізінде қабылданып, тіркеуге алынады, талон беріледі және осы заңда көрсетілген мерзімнен аспайтын уақытта (15 күн ішінде) тұтынушыға жауап жазбаша түрде шығыс хатпен беріледі. Шағымның қаралуы барысын 32-81-50 байланыс телефон-факсы арқылы селолық округ әкімінің білуге болады. Сонымен қатар, тұтынушыға мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарын бұзған жағдайда, селолық округ әкімі аппаратындағы заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметкерлер туралы пікірін тіркеу журналына жазуға құқылы,

6. 6. Байланыс ақпараты

6. Байланыс ақпараты

24

24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымының байланыс деректерін көрсету ( сайт, электрондық почтасының мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары).
Тікелей қызмет көрсететін мемлекеттік орган-
Ақсай селолық округі әкімі аппараты.
Мемлекеттік орган басшысы- селолық округ әкімі.
Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: инд. 060013, Ақсай селосы Тайманов атындағы көше 2 үй, байланыс тел-факс 32-81-50. Электрондық мекен-жайы-aksai so @ nursat.kz7
Жұмыс кестесі: аптаның жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма аралығында) сағат 9.00-18.00 дейін.
Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі: әр аптаның сәрсенбі күні сағат 9.00-12.30 аралығында.

40

19 тармаққа қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мәні
Көрсеткіштердің келесі жылдағы нысаналы мәні
2008
Көрсеткіштердің есепті жылдағы ағымдағы мәні
2007
1
2
3
4
1. Уақытылығы
1.3. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
100 %
95 %
90 %
1.4. қызмет алуды кезекті 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
95 %
90 %
2. Сапасы
2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
97 %
90 %
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) % (үлесі)
100 %
90 %
85 %
3. Қолжетімділік
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
95 %
85 %
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
100 %
95 %
90 %
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
4. Шағымдану үдересі
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санын негізделген шағымдардың % (үлесі)
0,1 %
0,1 %
0,1 %
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
95 %
90 %
4.5. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
95 %
90 %
4.6. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
95 %
90 %
5. Сыпайылық
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
100 %
100 %