Атырау селолық окргі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау селолық окргі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 « Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. Жобаны ұсынған: Атырау селолық округінің әкімі Ә.Сабиров Қала әкімінің орынбасары Ә.Нұрлығожиев Қала әкімінің орынбасары А.Әбдіров Қала әкімінің орынбасары Б.Иманғалиев Қала әкімі аппаратының жетекшісі Н.Ожаев Қала әкімі аппараты мемлекетік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы Н.Оразғалиев Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Ә.Сабыров Қалалық қаржы бөлімінің бастығы А.Айтбаев Қала әкімі аппараты жалпы бөлімінің бастығы К.Ермекова Қала әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы Қ.Аюпова
Басқа 3
Атырау қаласы әкімиятының 2007 жылғы «26» қараша № 812 қаулысымен бекітілген «Мал басы туралы мәліметтер»
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: селолық округтегі шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың мал басына анықтама беру барысындағы, мемлекеттік қызмет саны, сапасы және қолжетімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібі мен жеке және заңды тұлғалардың белгіленген сан мен сапада мемлекеттік қызметті алу құқын қамтамасыз ететін, орындалуы міндетті өзге де нормалар.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларға мал басы туралы анықтама беру, автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы мен бабы: 1998 жыл 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының « Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 9-1 бабы, 2000 жыл 27 қарашадағы « Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 35 бабының 16 тармағы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жыл 2 сәуірдегі № 164 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу Ережесі»
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: «Атырау селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ( Атырау облысының Әділет департамаентінің заңды тұлғаны тіркеу куәлігі № 7088-1915-ММ, 12 сәуір 2005 жыл)
Тармақ 5
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): анықтама беру.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары.
Тармақ 7
7. Мемлекеттук қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған ( тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с) сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 10 минут.
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу талон алған кезде және т.с.с.) кезек күтуге, қалыптастыруға рұқсат берілген уақыт – 5 минут.
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде рұқсат берілген ең ұзақ, файылдың рұқсат берілген жоғарғы мөлшері – 2 минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету: Мемлекеттік қызмет көрсету тегін
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсететін орынның мекен-жайы: « Атырау селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі. Атырау селосы.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесін ( күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын-ала жазылуға бола ма ( шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсету бар ма ( шарттары мен талаптарын көрсету): Мемлекеттік қызмет көрсету, аптаның жұмыс күндері ( дүйсенбі және жұма күндері аралығында) сағат: 9.00-18.00 дейін, түскі үзіліс сағат: 13.00-14.00, қызметті алу үшін алдын-ала 24-72-50 телефонына хабарласып құжаттар мен қойылатын талаптар тізбесін білуге болады, қызмет көрсету уақыты жалпыға бірдей, жедел қызмет көрсету қаралмаған.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету ( үй-жай режімі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттар дайындаудың қолайлы жағдайлары ( күту залы, үлгілер қойылғанжәне т.с.с.): Тұтынушыға қызмет селолық округ әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға телефонмен сұраныс түсірген жағдайда, оларға мекен-жайы бойынша қызмет көрсету ұйымдастырылады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін ( мысалы, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы), көрсету.
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 бұйрығымен бекітілген « Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу Ережесіне» сәйкес қалалық аумақтық басқарма мамандарының толтырған Ветеринариялық паспорты ( малдың сырғаланған немесе таңбаланған нөмірлерін көрсету үшін.
Тармақша 2
2) Қызмет көрсету: Атырау селолық округ әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында ( Атырау селосы) 1 қабат. № 2 кабинет аптаның жұмыс күндері, селолық округ әкімі аппаратының әкімінің орынбасары дәмелі Әбішеваға міндеттелген, жұмыс орны тел. 24-72-50
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілемені не бланк берілетін орынды ( өтініш нысандары және т.с.с) көрсету. Мемлекеттік қызмет алу үшін бланктер берілетін орын: Атырау селолық округі әкімі аппаратының ғимараты, 1 қабат, № 2 бөлме
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы және кабинетінің нөмірін көрсету. Селолық округ әкімі аппаратында құжаттарды қабылдауға жауапты тұлға болып әкімінің орынбасары Дәмелі Есқалиқызы Әбішеваға бекітілген, қабылдау орны селолық округ әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында, 1 қабат, № 2 бөлме.
Тармақ 15
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы және нысанын көрсету. Селолық округ әкімі аппаратының « Анықтамаларды тіркеу журналы» ( іс номенкулатурасы бойынша тіркелуі 02-11)
Тармақ 16
16. Қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттерінің толық тізбесін көрсету-электрондық почта, сайт арқылы, жеке беру, күрьер және т.с.с. тұтынушының өзіне жеке беріледі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға курьер арқылы табыс естіледі. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені не жауапты адамның мекен-жайы мен кабинетінің нөмірлерін көрсету. Анықтама беретін селолық округ әкімі аппаратының әкімінің орынбасары Дәмелі Әбішева, инд. 060018 Атырау селолық, 1 қабат № 2 бөлме, тел.24-72-50.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту негіздері: Мал басы тіркелмеген немесе ветеринариялық паспорты болмаған жағдайда, сатып алынған түйе, жылқы, ірі қара мал болса бұрынғы иелеріндегі ветеринариялық паспорты болмаса, қой, ешкі, шошқа сатып алынған болса жаңа иесінің ветеринариялық паспортының 2 бетіндегі кестенің 3 бағанына енгізілген жазбалар болмаса.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау ( сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қамтамасыз ету). Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік орган қызметшісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодекісінің талаптарына сай, тұтынушыға уақытында сапалы құқықтық қызмет көрсету, арнайы бланкілермен тегін қамтамасыз ету, тұтынушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметкердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
Бап 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне ( әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталығының ( call-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмерін көрсету. Уәкілетті лауазымды адамның әрекетіне шағымдану тәртібін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін селолық округ әкімі аппаратында әкімнің орынбасары Дәмелі Әбішеваға жүктелген. Селолық округ әкімі аппараты ғимараты, 1-ші қатар № 2 кабинет. Сонымен қатар селолық округ әкімі аппаратының сенім телефонына 24-72-50 хабарласып шағымдануға болады.
Тармақ 22
22. Шағым берілетін мемілекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмерін көрсету. Атырау селолық округі әкімі Әуез Шәкиұлы Сабиров, тел.24-72-50. Атырау қаласы әкімі Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаев, тел.35-40-95 Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүргізетін лауазымды тұлғаның әрекетіне ( әрекетсіздігіне) қанағаттанбаған тұтынушы, құқық қорғау органдарына шағымдануға құқылы.
Тармақ 23
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттардың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету. Шағым Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 « Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізінде қабылданып, тіркеуге алынады, талон беріледі және осы заңда көрсетілген мерзімнен аспайтын уақытта ( 15 күн ішінде) тұтынушыға жауап жазбаша түрде шығыс хатпен беріледі. Шағымның қаралу барысын 24-72-50 байланыс телефон факсы арқылы селолық округ әкімінен білуге болады. Сонымен қатар, тұтынушыға мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарын бұзған жағдайда, селолық округ әкімі аппаратындағы заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметкерлер туралы пікірін тіркеу журналына жазуға құқылы.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымының байланыс деректерін көрсету ( сайт, электрондық почтасының мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары. Тікелей қызмет көрсететін мемлекеттік орган- Атырау селолық округі әкімі аппараты, Мемлекеттік орган басшысы- селолық округ әкімі Әуез Шәкиұлы Сабиров Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: инд. 060018, Атырау селосы. Байланыс тел-факс 24-72-50, электрондық мекен-жайы –Atyrau so @nursat.kz жұмыс кестесі: аптаның жұмыс күндері ( дүйсенбі-жұма аралығында) сағат 9.00-18.00 дейін. Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі: әр аптаның сәрсенбі күні сағат 9.00-12.30 аралығында.
Басқа 39
19 тармаққа қосымша Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштердің нормативтік мәні Көрсеткіштердің келесі жылдағы нысаналы мәні 2008 Көрсеткіштердің есепті жылдағы ағымдағы мәні 2007 1 2 3 4 1. Уақыттылығы 1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % ( үлесі) 100% 95% 90% 1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % ( үлесі) 100% 95% 90% 2. Сапасы 2.1. қызметті ұсыну үдірісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % ( үлесі) 100% 97% 90% 2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың ( жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) % ( үлесі) 100% 90% 85% 3. Қолжетімділік 3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % ( үлесі) 100% 95% 85% 3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % ( үлесі) 100% 95% 90% 3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % ( үлесі) 4. Шағымдану үдерісі 4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % ( үлесі) 0,1% 0,1% 0,1% 4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған тұтынушылардың % ( үлесі) 100% 95% 90% 4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % ( үлесі) 100% 95% 90% 4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % ( үлесі) 100% 95% 90% 5. Сыпайылық 5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % ( үлесі) 100% 100% 100%