Жұмыскер кенттік округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыскер кенттік округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының « Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыскер кенттік округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жұмыскер кенттік округінің әкімі Ө.Жанбалаевқа жүктелсін. Жобаны ұсынған: Жұмыскер кенттік округнің әкімі Ө.Жанбалаев Қала әкімінің орынбасары А. Әбдіров Қала әкімінің орынбасары Ә.Нұрлығожиев Қала әкімінің орынбасары Б.Иманғалиев Қала әкімі аппаратының жетекшісі Н.Ожаев Қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы Н.Оразғалиев Қала әкімі аппараты кадр қызметі бөлімінің бастығы Р.Жалмұханова Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Ә.Сабыров Қалалық қаржы бөлімінің бастығы А.Айтбаев Қала әкімі аппараты жалпы бөлімінің бастығы К.Ермекова Қала әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы Қ.Аюпова
Басқа 4
Атырау қаласы әкімиятының 2007 жылғы «26 қараша № 822 қаулысымен бекітілген «Мал басы туралы мәліметтер»
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: кенттік округтегі шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың мал басына анықтама беру барысындағы, мемлекеттік қызмет саны, сапасы және қолжетімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібі мен жеке және заңды тұлғалардың белгіленген сан мен сапада мемлекеттік қызметті алу құқын қамтамасыз ететін, орындалуы міндетті өзге де нормалар.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларға мал басы туралы анықтама беру, автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы мен бабы: Қазақстан Республикасының 1998 жыл 7 мамырдағы « Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 9-1 бабы, 2000 жыл 27 қарашадығы « Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 35 бабының 16 тармағы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жыл 2 сәуірдегі № 164 бұйрығымен бекітілген « Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу Ережесі»
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: «Жұмыскер кенттік округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ( Атырау облысының Әділет департаментінің заңды тұлғаны тіркеу куәлігі № 1046-1915-ГУ 18 ақпан 2005 жыл)
Тармақ 5
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны ( нәтижесі): анықтама беру.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған ( тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.) сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 10 минут.
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу талон алған кезде және т.с.с) кезек күтуге, қалыптастыруға рұқсат берілген уақыт – 5 минут.
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғарғы мөлшері – 2 минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету: Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсететін орынның мекен-жайы: « Жұмыскер кенттік округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі. Жұмыскер кенті, Ак жайык көшесі 2 үй,
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесін ( күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын-ала жазылуға бола ма ( шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсету бар ма? ( шарттары мен талаптарын көрсету): Мемлекеттік қызмет көрсету, аптаның жұмыс күндері ( дүйсенбі және жұма күндері аралығында) сағат 9.00-18.00 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00, қызметті алу үшін алдын-ала 23-12-20 телефонына хабарласып қажетті құжаттар мен қойылатын талаптар тізбесін білуге болады, қызмет көрсету уақыты жалпыға бірдей, жедел қызмет көрсету қаралмаған.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету ( үй-жай режімі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттар дайындаудың қолайлы жағдайлары ( күту залы, үлгілер қойылған және т.с.с.) : Тұтынушыға қызмет кенттік округ әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға телефонмен сұраныс түсірген жағдайда, оларға мекен-жайы бойынша қызмет көрсету ұйымдастырылады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін (мысалы, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы) , көрсету.
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 бұйрығымен бекітілген « Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу Ережесіне» сәйкес қалалық аумақтық басқарма мамандарының толтырған Ветеринариялық төлқұжаты ( малдың сырғаланған немесе таңбаланған нөмірлерін көрсету үшін)
Тармақша 2
2) Қызмет көрсету: Жұмыскер кенттік округі әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында ( Жұмыскер кенттік округі әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында ( Жұмыскер кенті, Ақ жайық көшесі 2 үй) аптаның жұмыс күндері ( дүйсенбі-жұма аралығында), селолық округ әкімі аппаратының лауазымдық нұсқаулықпен мал басы туралы мәліметтері жүргізіп отыратын бас маманға міндеттелген, жұмыс орны тел. 23-12-20.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды ( өтініш нысандары және т.с.с.) көрсету. Мемлекеттік қызмет алу үшін бланкілер берілетін орын: Жұмыскер кенттік округі әкімі аппаратының ғимараты.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы және кабинетінің нөмірін көрсету. Кенттік округ әкімі аппаратында құжаттарды қабылдауға жауапты тұлға болып лауазымдық нұсқаулық бойынша мал басы туралы мәліметтерді жүргізіп отырған бас маманға бекітілген, қабылдау орны кенттік округ әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында.
Тармақ 15
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы және нысанын көрсету. Кенттік округ әкімі аппаратының « Анықтамаларды тіркеу журналы» ( іс номенкулатурасы бойынша тіркеуі 02-11)
Тармақ 16
16. Қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізі тәсілдері мен регламенттерінің толық тізбесін көрсету-электрондық почта, сайт арқылы, жеке беру, курьер және т.с.с. тұтынушының өзіне жеке беріледі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға курьер арқылы табыс етіледі. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені не жауапты адамның мекен-жайы мен кабинетінің нөмірлерін көрсету. Анықтама беретін селолық округі әкімі аппаратының бас маманы инд. 060021 Жұмыскер кенті, Ақ жайық көшесі 1 үй. тел. 23-12-20
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту негіздері: Мал басы тіркелмеген немесе ветеринариялық паспорты болмаған жағдайда, сатып алынған түйе, жылқы, ірі қара мал болса бұрынғы иелеріндегі ветеринариялық паспорты болмаса, қой, ешкі, шошқа сатып алынған болса жаңа иесінің ветеринариялық паспортының 2 бетіндегі кестенің 3 бағанына енгізілген жазбалар болмаса.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау ( сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталүын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету). Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік орган қызметшісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодекісінің талаптарына сай, тұтынушыға уақытында сапалы құқықтық қызмет көрсету, арнайы бланкілермен тегін қамтамасыз ету, тұтынушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгістандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметкердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілеттік лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақырулардың өңдеу орталығының (call-орталықтары) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.Уәкілетті лауазымды адамның әрекетіне шағымдану тәртібін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін селолық округ әкімі аппаратында арнайы қызметкерге жүктелген. Кенттік округ әкімі аппараты ғимараты. Сонымен қатар кенттік округ әкімі аппаратының сенім телефонына 23-12-20 хабарласып шағымдануға болады.
Тармақ 22
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету. Жұмыскер кенттік округі әкімі, тел. 23-12-20 Атырау қаласы әкімі, тел. 35-40-95, 27-10-23 Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүргізетін лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) қанағаттанбаған тұтынушы, құқық қорғау органдарына шағымдануға құқылы.
Тармақ 23
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттардың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету. Шағым Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізінде қабылданып, тіркеуге алынады, талон беріледі және осы заңда көрсетілген мерзімнен аспайтын уақытта (15 күн ішінде) тұтынушыға жауап жазбаша түрде шығыс хатпен беріледі. Шағымның қаралу барысын 23-30-45 байланыс телефон-факсы арқылы селолық округ әкімінен білуге болады. Сонымен қатар, тұтынушыға мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарын бұзған жағдайда, селолық округ әкімі аппаратындағы заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметкерлер туралы пікірін тіркеу журналына жазуға құқылы.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету (сайт, электрондық почтасының мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары. Тікелей қызмет көрсететін мемлекеттік орган- Жұмыскер кенттік округі әкімі аппараты, Мемлекеттік орган басшысы- Кенттік округ әкімі Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: инд. 060021, Жұмыскер кенті, Ақ жайық көшесі, 1 үй, байланыс тел-факс 23-12-20, 23-16-78, Электрондық мекен-жайы-cszumysk so @ nursat.kz Жұмыс кестесі: аптаның жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма аралығында) сағат 9.00-18.00 дейін. Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі: әр аптаның сәрсенбі күні сағат 9.00-12.30 аралығында.
Басқа 40
19 тармаққа қосымша Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштердің нормативтік мәні Көрсеткіштердің келесі жылдағы нысаналы мәні 2008 Көрсеткіштердің есепті жылдағы ағымдағы мәні 2007 1 2 3 4 1. Уақытылығы 1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) 100% 95% 90% 1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) 100% 95% 90% 2. Сапасы 2.1. қызметті ұсыну ұдірісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 97% 90% 2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) % (үлесі) 100% 90% 85% 3. Қолжетімділік 3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 95% 85% 3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) 100% 95% 90% 3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) 4. Шағымдану үдересі 4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) 0,1% 0,1% 0,1% 4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 95% 90% 4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 95% 90% 4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 95% 90% 5. Сыпайылық 5.1. қызметкерлкрдің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 100% 100%