Геолог селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Геолог селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекетік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысына басшылыққа ала отырып, қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Геолог селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Геолог селолық округінің әкімі Н.Жұмахановқа жүктелсін. Жобаны ұсынған: Геолог селолық округінің әкімі Н.Жұмаханов Қала әкімінің орынбасары А.Әбдіров Қала әкімінің орынбасары Ә.Нұрлығожиев Қала әкімінің орынбасары Б.Иманғалиев Қала әкімі аппаратының жетекшісі Н.Ожаев Қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы Н.Оразғалиев Қала әкімі аппараты кадр қызметі бөлімінің бастығы Р.Жалмұханова Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Ә.Сабыров Қалалық қаржы бөлімінің бастығы А.Айтбаев Қала әкімі аппараты жалпы бөлімінің бастығы К.Ермекова Қала әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы Қ.Аюпова
Басқа 4
Атырау қаласы әкімиятының 2007 жылғы «26» қарашадағы № 808 қаулысымен бекітілген Мал басы туралы мәліметтер
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: селолық округтегі шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың мал басына анықтама беру барысындағы, мемлекеттік қызмет саны, сапасы және қолжетімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібі мен жеке және заңды тұлғалардың белгіленген сан мен сапада мемлекеттік қызметті алу құқын қамтамасыз ететін, орындалуы міндетті өзге де нормалар.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларға мал басы туралы анықтама беру, автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы мен бабы: 2000 жыл 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 35 бабының 16 тармағы, 1998 жыл 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 9-1 бабы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігінің 2003 жыл 2 сәуірдегі № 164 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу Ережесі»
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемілекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: «Геолог селолық округі әкімі аппараты» мемілекеттік мекемесі (Атырау облысының Әділет департаментінің заңды тұлғаны тіркеу куәлігі № 1032-1915-ММ, 21 ақпан 2005 жыл)
Тармақ 5
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемілекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): анықтама беру.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с) сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-8 минут.
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу талон алған кезде және т.с.с) кезек күтуге, қалыптастыруға рұқсат берілген уақыт-5 минут.
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғарғы мөлшері-2 минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету: Мемлекеттік қызмет көрсету тегін
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсететін орынның мекен-жайы: «Геолог селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі. Геолог селосы, 65 а үй,
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесін (күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын-ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсету бар ма (шарттары мен талаптарын көрсету): Мемлекеттік қызмет көрсету, аптаның жұмыс күндері (дүйсенбі және жұма күндері аралығында) сағат 9.00-18.00 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00, қызметті алу үшін алдын-ала 39-08-55 телефонына хабарласып қажетті құжаттар мен қойылатын талаптар тізбесін білуге болады, қызмет көрсету уақыты жалпыға бірдей, жедел қызмет көрсету қаралмаған.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету (үй-жай режімі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттар дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған және т.с.с): Тұтынушыға қызмет селолық округ әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға телефонмен сұраныс түсірген жағдайда, оларға мекен-жайы бойынша қызмет көрсету ұйымдастырылады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін (мысалы, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы), көрсету.
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 бұйрығымен бекітілген «Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу Ережесіне» сәйкес қалалық аумақтық басқарма мамандарының толтырған Ветеринариялық төлқұжаты (малдың сырғаланған немесе таңбаланған нөмерлерін көрсету үшін)
Тармақша 2
2) Қызмет көрсету: Геолог селолық округі әкімі аппаратының кеңсе ғимаратының (Геолог селосы, 65а үй) 1 қатар. № 2,3 кабинет аптаның жұмыс күндері. Жұмыс орны тел.39-08-55
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды (өтініш нысандары және т.с.с) көрсету. Мемлекеттік қызмет алу үшін бланкілер берілетін орын: Геолог селолық округі әкімі аппаратының ғимараты, 1 қатар, № 3 бөлме
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы және кабинетінің нөмерін көрсету. Селолық округ әкімі аппаратында құжаттарды қабылдауға жауапты тұлға болып жетекші маман бекітілген, қабылдау орны селолық округ әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында, 1 қатар, № 3 бөлме.
Тармақ 15
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы және нысанын көрсету. Селолық округ әкімі аппаратының «Анықтамаларды тіркеу журналы» (іс номенкулатурасы бойынша тіркелуі 02-7)
Тармақ 16
16. Қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттерінің толық тізбесін көрсету-электрондық почта, сайт арқылы, жеке беру, курьер және т.с.с. тұтынушының өзіне жеке беріледі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға курьер арқылы табыс етіледі. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені не жауапты адамның мекен-жайы мен кабинетінің нөмірлерін көрсету. Анықтама беретін селолық округ әкімі аппараты инд. 060016 Геолог селосы, 65а үй, 1 қатар № 3 бөлме, тел. 39-08-55.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту негіздері: Мал басы тіркелмеген немесе ветеринариялық паспопты болмаған жағдайда, сатып алынған түйе, жылқы, ірі қара мал болса бұрынғы иелеріндегі ветеринариялық паспорты болмаса, қой, ешкі, шошқа сатып алынған болса жаңа иесінің ветеринариялық паспортының 2 бетіндегі кестенің 3 бағанына енгізілген жазбалар болмаса.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету). Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік орган қызметшісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодекісінің талаптарына сай, тұтынушыға уақытында сапалы құқықтық қызмет көрсету, арнайы бланкілермен тегін қамтамасыз ету, тұтынушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекетік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметкердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталығының ( call-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмерін көрсету. Уәкілетті лауазымды адамның әрекетіне шағымдану тәртібін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін селолық округ әкімі аппаратында әкімнің орынбасарына жүктелген. Селолық округ әкімі аппараты ғимараты, 1-ші қатар № 2 кабинет. Сонымен қатар селолық округ әкімі аппаратының сенім телефонына 39-08-55 хабарласып шағымдануға болады.
Тармақ 22
22. Шағым берілетін мемілекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмерін көрсету. Геолог селолық округі әкімі Жұмаханов Нұржан Қалыбайұлы тел. 39-08-91 Атырау қаласы әкімі Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаев тел. 27-10-23 Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүргізетін лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) қанағаттанбаған тұтынушы, құқық қорғау органдарына шағымдануға құқылы.
Тармақ 23
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттардың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету. Шағым Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізінде қабылданып, тіркеуге алынады, талон беріледі және осы заңда көрсетілген мерзімнен аспайтын уақытта (15 күн ішінде) тұтынушыға жауап жазбаша түрде шығыс хатпен беріледі. Шағымның қаралу барысына 39-08-55 байланыс телефон-факсы арқылы селолық округ әкімінен білуге болады. Сонымен қатар, тұтынушыға мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарын бұзған жағдайда, селолық округ әкімі аппаратындағы заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметкерлер туралы пікірін тіркеу журналына жазуға құқылы.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету (сайт, электрондық почтасының мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары. Тікелей қызмет көрсететін мемлекеттік орган-Геолог селолық округі әкімі аппараты, мемлекеттік орган басшысы-селолық округ әкімі Жұмаханов Нұржан Қалыбайұлы. Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: инд. 060016, Геолог селосы, 65а үй, байланыс тел-факс 39-08-91, электрондық мекен-жайы-Geolog.so@nursat.kz жұмыс кестесі: аптаның жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма аралығында) сағат 9.00-18.00 дейін. Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі: әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері сағат 9.00-12.30 аралығында.
Басқа 40
19 тармаққа қосымша Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштердің нормативтік мәні Көрсеткіштердің келесі жылдағы нысаналы мәні 2008 Көрсеткіштердің есепті жылдағы ағымдағы мәні 2007 1 2 3 4 1. Уақытылығы 1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) 100% 95% 90% 1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт тұтынушылардың % (үлесі) 100% 95% 90% 2. Сапасы 2.1. қызметті ұсыну ұдірісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 97% 90% 2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) % (үлесі) 100% 90% 85% 3. Қолжетімділік 3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 95% 85% 3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) 100% 95% 90% 3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) 4. Шағымдану үдерісі 4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) 0,1% 0,1% 0,1% 4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 95% 90% 4.3 шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 95% 90% 4.4 шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 95% 90% 5. Сыпайылық 5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 100% 100%