Балықшы кенттік округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Балықшы кенттік округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балықшы кенттік округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Балықшы кенттік округінің әкімі Ж.Сұлтанғалиевке жүктелсін.
Жобаны ұсынған:
Балықшы кенттік округінің әкімі
Ж.Сұлтанғалиев
Қала әкімінің орынбасары
А.Әбдіров
Қала әкімінің орынбасары
Ә.Нұрлығожиев
Қала әкімінің орынбасары
Б.Иманғалиев
Қала әкімі аппаратының жетекшісі
Н.Ожаев
Қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық
және әскери-жұмылдыру жұмысы
бөлімінің бастығы
Н.Оразғалиев
Қала әкімі аппараты кадр
қызметі бөлімінің бастығы
Р.Жалмұханова
Қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы
Ә.Сабыров
Қалалық қаржы бөлімінің бастығы
А.Айтбаев
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бастығы
К.Ермекова
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бас маманы
Қ.Аюпова
Басқа 4
Атырау қаласы әкімиятының
2007 жылғы «26» қараша
№ 826 қаулысымен бекітілген
Мал басы туралы мәліметтер
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: кенттік округтегі шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың мал басына анықтама беру барысындағы, мемлекеттік қызмет саны, сапасы және қолжетімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібі мен жеке және тұлғалардың белгіленген сан мен сапада мемлекеттік қызметті алу құқын қамтамасыз ететін, орындалуы міндетті өзге де нормалар.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларға мал басы туралы анықтама беру, автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы мен бабы: Қазақстан Республикасының 1998 жыл 7 мамырдағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 9-1 бабы, 2000 жыл 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 35 бабының 16 тармағы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің 2003 жыл 2 сәуірдегі № 164 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу Ережесі»
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемілекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: «Балықшы кенттік округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (Атырау облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаны тіркеу куәлігі № 937-1915-ГУ, 04 наурыз 2005 жыл)
Тармақ 5
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемілекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): анықтама беру
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты:
Жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелеген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с) сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-10 минут.
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу талон алған кезде және т.с.с) кезек күтуге, қалыптастыруға рұқсат берілген уақыт-5 минут.
Басқа 15
19 тармаққа қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мәні
Көрсеткіштердің келесі жылдағы нысаналы мәні
2008
Көрсеткіштердің есепті жылдағы ағымдағы мәні
2007
1
2
3
4
1. Уақытылығы
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
100%
95%
90%
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт тұтынушылардың
% (үлесі)
100%
95%
90%
2. Сапасы
2.1. қызметті ұсыну ұдірісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)
100%
97%
90%
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) % (үлесі)
100%
90%
85%
3. Қолжетімділік
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)
100%
95%
85%
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
100%
95%
90%
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
4. Шағымдану үдерісі
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
0,1%
0,1%
0,1%
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған тұтынушылардың
% (үлесі)
100%
95%
90%
4.3 шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)
100%
95%
90%
4.4 шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)
100%
95%
90%
5. Сыпайылық
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)
100%
100%
100%