Қызылқоға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылқоға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылқоға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Аққайнановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қызылқоға аудандық әкімиятының 2007 жылғы «3» желтоқсандағы №318 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою СТАНДАРТЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: Автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы мен бабы (тармағы). Қазақстан Республиксының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы.
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі. Миялы селосы, Абай көшесі №4 кабинет №24, тел: 2-11-35.
Тармақ 5
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Жеке тұрғындар.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 15 күн;
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 15 минут;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файылдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: 5 минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе теңдігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құнын, төлеу нысанын мемлекеттік қызметтің құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету: Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету: Миялы селосы, Абай к-сі, №4 үй, 13 кабинет, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесін (күндер,сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын-ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсету бар ма (шарттары мен талаптарын көрсету): Әр аптаның жұма күндері., сағ: 9.00-12.00 мен 14.00-18.00 және жедел қызмет көрсету.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалатын жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған таған) және т.с.с.): Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі, күту залы жоқ.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін көрсету:
Тармақша 1
1) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен аз қамтылған отбасына жататындығыны туралы, яғни атаулы әлеуметтік көмек алатындығы жөнінде анықтама: Мекен-жайы: М.Мәмедова көшесі, №1, тел: 2-15-43;
Тармақша 2
2) Аудандық әділет басқармасынан арызданушының және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы анықтама. Мекен-жайы: Т.Қарабалин көшесі, №26 б үй, тел: 2-15-62
Тармақша 3
3) тұтынушының тұрғылықты есепке тіркелген тұрғын үй кітабының көшірмесі (түпнұсқасын бірге әкеліп көрсету керек) немесе тұрғылықты есепте тұрған округ әкімшілігінен жанұя құрамы жөніндегі анықтама, округ әкімшілігінің мекен-жайы: Қ.Сәтпаев көшесі, №12 үй, тел: 2-13-85;
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды (өтініш нысандары және т.с.с) көрсету: Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы және кабинетінің нөмірі: Миялы селосы, Абай көшесі, №4 үй, 13 кабинет, аудандық тұрғын үй жолдары бөлімі, бас маман Ерғалиев Руслан Ғайсаұлы, тел: 2-12-63.
Тармақ 15
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжатты атауы және нысаны: -//-
Тармақ 16
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері және регламенттерінің толық тізбесін көрсету: Миялы селосы, Абай көшесі, №4 үй, 13 кабинет, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі, бас маман Ерғалиев Руслан Ғайсаұлы, тел: 2-12-63.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету: Құжаттар толық жиналмағанда.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау: Бөлімнің қызметкерлері тұтынушыларымен сыпайы түрде сөйлеседі және құжаттарды толтыру, тапсыру тәртібі туралы толық ақпарат береді, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз етеді, құжаттарда қателер табылған жағдайда тұтынушыға бұл туралы құжаттар қабылданатын кезде айтады, тұтынушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз етіледі.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерә осы Үлгі стандартқа қосымшада сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету: Миялы селосы, Абай к-сі, №4 үй, 14 кабинет, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі, бас маман Ерғалиев Руслан Ғайсаұлы, тел: 2-12-63.
Тармақ 22
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету: Миялы селосы, Абай к-сі, №4 үй, 14 кабинет, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің меңгерушісі, тел: 2-11-35.
Тармақ 23
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету: Миялы селосы, Абай к-сі, №4 үй, 14 кабинет, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі, бас маман Ерғалиев Руслан Ғайсаұлы, тел: 2-12-63.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету: Миялы селосы, Абай к-сі, №4 үй, 14 кабинет, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің меңгерушісі, тел: 2-11-35, жұмыс күндері; Аудан әкімі Ж.Рахметқалиев, тел/факс 2-11-99, қабылдау кестесі бойынша; Атырау қаласы, Әйтеке би к-сі, №77 үй, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Ермек Қайсаұлы Сәлімбаев, тел/факс 8-7122 355336, 355334.
Тармақ 25
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат: Қосымша ақпараттар қажет етпейді.
Басқа 42
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қоюдың стандартына қосымша Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні 1 2 3 4 1.Уақыттылығы 1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % үлесі 100 95 90 1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % үлесі 80 85 80 2.Сапасы 2.1. қызметті ұсыну үрдесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі 90 85 80 2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б % үлесі 100 95 85 3.Қол жетімділік 3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі 90 85 82 3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % үлесі 80 75 68 3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % үлесі 50 20 - 4.Шағымдану үдерісі 4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % үлесі 0,5 0,2 0,3 4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % үлесі 100 90 80 4.3. шағымдардың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % үлесі 90 85 78 4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі 90 80 70 5.Сыпайылық 5.1. қызметкерлердің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі 90 90 85