Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Аққайнановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. «Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» Мемлекеттік қызметтің толық атауы
Қызылқоға аудандық әкімиятының 2007 жылғы «3» желтоқсандағы №320 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты «Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» Мемлекеттік қызметтің толық атауы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы, бабы (тармағы): Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207-II ҚРЗ «Мәдениет туралы» Заңының 35-бабы, «Мәдени құндылықтарды әкеті және әкелу».
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
Тармақ 5
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны: Анықтама. (анықтама, рұқсат, лицензия, сертификат, куәлік және т.б)
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: жеке тұлғалар.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 10 күн;
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минут;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файылдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: 15 минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе теңдігін көрсету:
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету: Миялы селосы, Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесін (күндер,сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын-ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсету бар ма (шарттары мен талаптарын көрсету): күн сайын 8.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін, демалыс күндері-сенбі, жексенбі.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалатын жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған таған) және т.с.с.): Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, күту залы жоқ.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін көрсету:
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды (өтініш нысандары және т.с.с) көрсету: Қызылқоға аудандық мәдениетжәне тілдерді дамыту бөлімі.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы және кабинетінің нөмірі: Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, бас маман Күзембаева Мәншүк тел: 2-15-12.
Тармақ 15
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжатты атауын және нысанын көрсету: -//-
Тармақ 16
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері және регламенттерінің толық тізбесін көрсету: Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, бас маман Күзембаева Мәншүк тел: 2-15-12.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету:
Тармақша 1
1) құжаттардың толық болмауы.
Тармақша 2
2) табысталған құжаттарда өшірулер, келісілмеген түзетулер немесе бекітілген тізбеге сәйкес келмеуі.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау: Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беріледі. Қызметкерлер тұтынушымен сыпайы түрде сөйлеседі және құжаттарды толтыру, тапсыру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Қызметкерлер құжаттардың сақталуын, қорғалуын, және құпиялығын қамтамасыз етеді. Егер тұтынушы белгіленген мерзімді құжаттарды алуға келмеген болса, бөлім қызметкерлері құжаттардың 1 ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін уәкілетті органға жолдайды. Құжаттарды толтырған кезінде қателер табылған жағдайда, тұтынушыға дер кезінде хабарланады.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерә осы Үлгі стандартқа қосымшада сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету: Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, бас маман Күзембаева Мәншүк тел: 2-15-12.
Тармақ 22
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету: Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, бөлімінің меңгерушісі Хасан Гүлшат, тел: 2-18-57
Тармақ 23
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету: Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, бас маман Күзембаева Мәншүк тел: 2-15-12.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету:
Тармақша 1
1) Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, бөлімінің меңгерушісі Хасан Гүлшат, тел: 2-18-57. Жұмыс кестесі: Күн сайын 8.30-дан-18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін. Демалыс күндері-сенбі, жексенбі;
Тармақша 2
2) Аудан әкімі Ж.Рахметқалиев, тел/факс 2-15-44, 2-11-99, қабылдау кестесі бойынша;
Тармақ 25
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат: Қосымша ақпараттар қажет етпейді.
Басқа 43
Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру стандартына қосымша Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні 1 2 3 4 1.Уақыттылығы 1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % үлесі 100 95 90 1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % үлесі 80 85 80 2.Сапасы 2.1. қызметті ұсыну үрдесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі 90 85 80 2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б % үлесі 100 95 85 3.Қол жетімділік 3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі 90 85 82 3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % үлесі 80 75 68 3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % үлесі 50 20 - 4.Шағымдану үдерісі 4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % үлесі 0,5 0,2 0,3 4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % үлесі 100 90 80 4.3. шағымдардың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % үлесі 90 85 78 4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі 90 80 70 5.Сыпайылық 5.1. қызметкерлердің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі 90 90 85