Қолданыстағы ред. 03.12.2007

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы от 03.12.2007 г. № 322 (Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы)

0

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Аққайнановқа жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру қызметтің атауы

Қызылқоға аудандық
әкімиятының 2007 жылғы
«3» желтоқсандағы №322
қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру
қызметтің атауы

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
Шаруа қожалықтары, құрылымдар мен кәсіпкерлерге лизингке техника, құрал-жабдықтар алу үшін аудан әкімі атынан облыстық құрылымдарға сұраныс дайындау

2

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы, бабы (тармағы):

4

4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.
Мекен-жайы: Миялы селосы, Қ.Сәтпаев көшесі, №24 үй.

5

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі):
Анықтама.
(анықтама, рұқсат, лицензия, сертификат, куәлік және т.б)

6

6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты:
Шаруа қожалықтары, құрылымдар мен кәсіпкерлер

7

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1

1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Бір апта

2

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 15 күн.

3

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файылдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: 15 күн.

8

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе теңдігін көрсету: Ақысыз

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету:

10

10. Жұмыс кестесін (күндер,сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын-ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсету бар ма (шарттары мен талаптарын көрсету):
Аптаның жұмыс күндері, сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін.

11

11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын. Күту залы бар.

2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін көрсету:

13

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орын (өтініш нысандары және т.с.с) көрсету: Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.

14

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы және кабинетінің нөмірі:
Миялы селосы, Қ.Сәтпаев көшесі, №24, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.

15

15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжатты атауын және нысанын көрсету:

16

16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері және регламенттерінің толық тізбесін көрсету:
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені не жауапты адамның мекен-жайы мен кабинетінің нөмірін көрсету:
Миялы селосы, Қ.Сәтпаев көшесі, №24, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, бас маман А.Қабдешев, кабинет №, жұмыс тел. 871-238-2-15-89

17

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесі:

3. 3. Жұмыс қағидаттары

3. Жұмыс қағидаттары

18

18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың сақталуына, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету): Осы қағидаттар сақталады.

4. 4. Жұмыс нәтижелері

4. Жұмыс нәтижелері

19

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерә осы Үлгі стандартқа қосымшада сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20

20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. 5. Шағымдану тәртібі

5. Шағымдану тәртібі

21

21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (call-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірі:
Миялы селосы, Қ.Сәтпаев көшесі, №24, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, бас маман А.Қабдешев, кабинет №, жұмыс тел. 871-238-2-15-89

22

22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірі:
Миялы селосы, Қ.Сәтпаев көшесі, №24, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, меңгеруші М.Мұқанов, кабинет №, жұмыс тел. 871-238-2-12-32

23

23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері:
Миялы селосы, Қ.Сәтпаев көшесі, №24, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, бас маман А.Қабдешев, кабинет №, жұмыс тел. 871-238-2-15-89

6. 6. Байланыс ақпараты

6. Байланыс ақпараты

24

24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
Миялы селосы, Қ.Сәтпаев көшесі, №24, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, меңгеруші М.Мұқанов, кабинет №, жұмыс тел. 871-238-2-12-32, аптаның жұмыс күндерінде қабылдау кестесіне сай.

25

25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.):

39

Лизинге техника сатып алу үшін
анықтама берудің стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1
2
3
4
1.Уақыттылығы
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % үлесі
100 %
90 %
90 %
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % үлесі
80 %
75 %
75 %
2.Сапасы
2.1. қызметті ұсыну үрдесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90 %
85 %
80 %
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б % үлесі
100 %
90 %
90 %
3.Қол жетімділік
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90 %
85%
82 %
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % үлесі
80 %
78 %
75 %
3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % үлесі
50 %
25 %
-
4.Шағымдану үдерісі
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % үлесі
0,5 %
0,7 %
0,8 %
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % үлесі
100%
100 %
100 %
4.3. шағымдардың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % үлесі
90 %
90 %
90 %
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90 %
85 %
75 %
5.Сыпайылық
5.1. қызметкерлердің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90 %
90 %
85 %